Кездесулердің бірі Жұмыскер ауылында болды. Бұл жиынның ерекшелігі – оған Атырау қалалық және облыстық мәслихаты, сонымен бірге Мәжіліс депутаты болуға үміткерлер бірге барды. Олар ауылдағы білім саласының ардагерлерімен әңгіме-дүкен құрып, Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныстырды.
"Есіктен – есікке" акциясы аясында ұйымдастырылған бұл шарада ардагерлер өз ұсыныс-пікірін жеткізіп, ата дәстүріне сай ағалық ақыл-кеңесі мен ақ батасын берді.
Келесі кездесу Атырау облыстық кардиологиялық орталығы мекемесінің ұжымымен болса, оған Nur Otan партиясы Атырау қалалық мәслихатының депутаты болуға үміткер Бейбіт Мырзағалиев, Гүлназ Қосмұрзиева, Гүлзейнеп Дүсіпова, Серболат Шораев қатысты. Кездесу барысында сайлаушылар тарпынан ұсыныстар жазып алынды. Дәрігерлер қайта даярлау, экология, елдегі тұрақтылық мәселелерін ортаға салды. Сондай-ақ, Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасы да талқыланды. Кездесуге қатысушылар Nur Otan партиясын қолдайтынын білдіріп, үміткерлерге сәттілік тіледі.
Ал Nur Otan партиясы Атырау қалалық мәслихатының депутаты болуға үміткер Досжан Болатбекұлы мен Айжан Сәрсембаева жалпы үміткерлерге қатысты канвассинг бойынша қаладағы Пушкин көшесінің бойын аралап, тұрғындарға үгіт-насихат жұмысын жүргізді. Олар халыққа партияның басымдықтары туралы айта келе, алдағы сайлауда Nur Otan партиясына дауыс беруге шақырды. Сайлаушылар өз кезегінде жақсы тілектерін білдіре келіп, сайлауға белсенді қатысатындарын жеткізді. Сонымен қатар осы мекен тұрғындарының балаларына балабақша, мектеп, балалар алаңы салынс деген тілектерін де іркімеді.
Емен-жарқын кездесулердің тағы бірі Еркінқала ауылында болды. Мұнда тұрғындармен Nur Otan партиясынан Атырау қалалық мәслихаты депутаттығына үміткер Ғабиден Қанатов, Еркін Сүлейменов, Бибігүл Шайхиева, Мұстахим Мұхтаров және Nur Otan партиясы Атырау қалалық сайлауалды штабының өкілі Серік Арыстан кездесті.
Олар Nur Otan партиясының бағдарламасы аясында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, ауыл тұрғындарын сайлауға белсенді қатысуға және Nur Otan партиясына дауыс беруге шақырды.
Ауыл тұрғындары болса, партия бағдарламасы ұнағанын жеткізіп, сайлауға қатысуға уәде етті.
Жеңімпаздар қатарында болыңыз! Nur Otan партиясына дауыс беріңіз! ☑
Nur Otan партиясы Атырау облысы Атырау қаласының сайлау қоры қаражатынан төленді. Материалды толық күйінде не оның бөліктерін қолдануға тыйым салынады.