Тікелей эфир

Елорда іргесінде түркілердің көне жұрты бар. "Бозоқ қалашығы" туристерді қабылдауға қашан дайын болады? Фоторепортаж

Сурет informburo.kz
Сурет informburo.kz
Бозоқ қалашығы – көне түркінің көшпелі және отырықшы мәдениетінің тоғысқан жері. Жаңа музейдің құрылысы қашан басталады?

Бозоқ қаласының көне жұрты – астанамыздың іргесіндегі Үркер шағын ауданы аумағында орналасқан.

Көне қаланың орнын 1998 жылы архелог Кемел Ақышев жетекшілік еткен Есіл археологиялық экспедициясы тапқан. Бұл жерде VIII ғасырдан бастау алатын, XVI-XVII ғасырларға дейін ежелгі қалашық болған – Бозоқ (Бұзоқ деп те аталады) қаласының орны жатыр.


Бозоқ қаласының жұрты Нұр-Сұлтан қаласынан 5 шақырым жерде жатыр.

Бозоқ қаласының жұрты Нұр-Сұлтан қаласынан 5 шақырым жерде / Сурет informburo.kz


Көне жұрт Қорғалжын тасжолы бойындағы Үркер шағын ауданының тура солтүстігіндегі сазды, батпақты, қамысты алқаптың ортасындағы төбеде жатыр.

Іргесіндегі көлшіктер мен батпақты саздық қаланың қорғанысқа қолайлы жерге орналасқанынан дерек береді.


Қала жұртына бару үшін батпақты, қамысты жазықты кесіп өтесіз

Бозоқ жұртына бару үшін батпақты, қамысты жазықты кесіп өтесіз / Сурет informburo.kz


Бозоқ жұрты биік дөңестің үстінде. Алайда қыста қар жауса, көктемде жаңбырлы кезде сулы батпақтың қоршауында қалады.


Жол байындағы батпақтан күш ашық күндері ғана өтуге болады

Жол байындағы батпақтан ашық күндері ғана өтуге болады / Сурет informburo.kz


Ауылдан Бозоқ жұртына дейінгі 1,5 шақырым жолда топ-топ қамыстарды да кесіп өтуге тура келді.

Әрине мұндай ыңғайсыз жол қарттар мен балаларға ауыр тиеді.


"Бозоқ" музейінің көліктері қарт кісілерді тасып апарды

Жол талғамайтын көлікпен ауылға бірнеше рет қатынауға тура келді / Сурет informburo.kz


Астанамыздың биылғы ұзақ та жаңбырсыз жазы жерді құрғатып жіберген. Әйтпегенде мына қамысты батпақтан жаяу адам түігілі көлік өте алмасы анық.


Қамысты кесіп өту керек

Қамысты кесіп өту керек / Сурет informburo.kz


Бозоқ жұртының дөңде орналасқанын көне жұртқа таяған сайын жердің құрғап, шаңы шығуынан да байқадық.


Көне қорған орнына таяған сайын жер құрғай бастады. Тіптен шаң да шықты

Көне қорған орнына таяған сайын жер құрғай бастады. Шаң да шықты / Сурет informburo.kz


Көне жұрт Есіл өзеніне алыс емес. Айнала шағын-шағын көлдер мен саздықтар. Қора-қора қой, үйір-үйір жылқы, мамырлап жатқан аң-құсты көруге болады.


Көне қорған іргесіндегі қамыс жапқан көлшіктер

Көне қорған іргесіндегі қамыс жапқан көлшіктер / Сурет informburo.kz



Көне қала жұртындағы жылқы үйірлері

Жердің сәнін келтіретін де жайылған мал / Сурет informburo.kz



Жердің сәнін келтірген алалы жылқылар

Көне жұрттағы жылқы үйірлері де сырт адамды тосырқамады / Сурет informburo.kz


Қалың қамыс пен бұта-бүргеннің арасы қоянның жымы, түлікінің іні де көп. Тіптен бәз біреулердің қоян аулап, құс ататын жері болса керек, шашылған гильза соған айғақ.


Қоянның жымы да бар

Қоянның жымы да бар / Сурет informburo.kz



Қоян атуға келгендердің оқ қабы да әр жерден кездесті

Қоян атқандардың оқ қабы да әр жерден кездесті / Сурет informburo.kz


Мизам шуағында жусанның түйініне жабысқан өрмекшіні де көруге болады. Жалпы жусан, ши, қамыс, сорбалақ, алабота, бидайық секілді өсімдіктерге бай шұрайлы өлке екен.


Жусанның түйініне жабысқан өрмекші

Жусанның түйініне жабысқан өрмекші / Сурет informburo.kz


Бозоқ жұртымен танысуға келген қонақтарды Қазақстан халықтары ассамблеясы мен музей-қорық қызметкерлері қарсы алды.


Қазірше осындай белгі орнатылыпты

Әзірге осындай белгі орнатылыпты / Сурет informburo.kz


Көне қорған жатқан жерге арнайы мосы ағаш орнатылып, көне қала құрылысы және болашақта салынатын музей туралы қысқаша түсінік берілген.


Қала жұртына да жеттік

Боқоқ жұртына да жеттік / Сурет informburo.kz


Көне қорған жұртымен Кемел Акышев атындағы археология институты директоры Марал Қалымжанқызы Хабдулина таныстырды.


Хабдулина Марал Қалымжанқызы

Марал Хабдулина / Сурет informburo.kz



Марал Хабдулина

Бозоқ жұрты – астанамыздың тарихы VIII ғасырдан басталатынын білдіреді / Сурет informburo.kz


"Бозоқ" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы – ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты. Былтыр 31 наурызда Үкіметтің №150 қаулысына сәйкес құрылған болатын.


Бөрібаева Сәуле Бөкейханқызы

Сәуле Бөрібаева / Сурет informburo.kz


"Бозоқ" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының директоры Сәуле Бөрібаеваның айтуынша, дәл осы жұрттың аумағы 28 шаршы шақырымды алып жатыр. Болашақта 50 шаршы шақырымдық ашық мұражай қорығы салынбақ.


Бозоқ қаласының жұртының төбеден түсірілген суреті

Бозоқ жұртының төбеден түсірілген суреті / National geographic.ru сайтындағы видео-дан қиып алынды


Сәуле Бөрібева келген қонақтарды ертіп, қорықтың аумағымен таныстырды.

Бозоқ қаласының жұрты үш бөліктен тұрады. Орталық бөлігі қазылған ормен қоршалған, солтүстік бөлігінде тұрғын-үй және өндірістік жайлар орналасқан, ал оңтүстігінде қорым бар. Сонымен бірге онда суландыру жүйесінің іздері де табылған.


Көне қаланың қалпына келтірілген жобасы

Көне қаланың қалпына келтірілген жобасы / Сурет "Бозоқ" музей-қорығынан алынды


Көне жұртта қызыл, көк кірпіштер мен тастар әр жерде үйіліп жатыр. Бұл сәулетті де алып көне құрылыс мәдениетінің қалған жұрнағы.


Көне құрылыс заттарының қалдықтары

Көне қорғанның орны / Сурет informburo.kz


Шоқан Уәлиханов атындағы Тарих және этнология иниститутының директоры, тарихшы Зиябек Қабылдиновтың айтуынша, қала орнын 1816 жылы Есіл-Нұра өңіріне зерттеуге келген экспедцияны басқарған инженер, офицер Иван Шангин де көрген. Ал 1946-1976 жылдар аралығында әйгілі қазақ ғалымы, тарихшы, археолог Әлкей Марғұлан осы өлкедегі қалашықтар туралы мәліметтер келтірді. 1927 жылы көне қалашыққа ақмолалық өлкетанушы Леонид Семенов қазба жұмыстарын жүргізді.


Көне тас кірпіштер

Көне тас кірпіштер / Сурет informburo.kz


Бозоқта археологиялық қазбалар бірнеше рет, әртүрілі деңгейде жүргізілген. Алайда толықтай ашу және қалпына келтіру үшін өте үлкен күш керегі анық.


Архелогтар қазған орындар да көп екен

Археологтар қазған орындар да көп кездеседі / Сурет informburo.kz


Айналасында көне ор мен топырақ үйіндісінің ізі бар. Үш алаң орталығынан кірпіш кесенелердің бөлшектері, сонымен қатар адамдар мен жануарларды жерлеген қорым табылды. Ғалымдардың пайымынша, "Бозоқ" Ұлы Жібек жолындағы маңызды бекеттердің бірі ретінде діни жоралғыларды атқарған да болуы мүмкін.


Қала жұртын көрушілер

Музей-қорық қызметкерлері келушілерді қала орнымен таныстырды / Сурет informburo.kz



Тарихи жерді аралауға кемі 1 сағат уаыт кетеді

Тарихи жерден тұрып астанамызды алақандағыдай көруге болады / Сурет informburo.kz


Аумақта жатқан қоқыстардың көптігінен бұл маңға адамдардың да көп келетінін аңғардық. Біз секілді тарихи көне жұртты тамашалаудан тыс, таза табиғатта демалатындар бар. Оған қоян аулап, құс атып саят құратындарды қосыңыз.


Қонақтар аумақтағы қоқыстарды терді

Демалушылардың тастап кеткен қоқыстарын қонақтар терді / Сурет informburo.kz


Қазірше көне қалашықтың жұрты ғана бар. Нақты қазба жұмыстарының келесі жылы күн жылына басталады.

"Бозоқ" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы директоры Сәуле Бөрібаеваның айтуынша, алдағы 2 жыл ішінде музей-қорық құрылысы жүргізіледі. Бірақ, қашан толық аяқталатыны әлі белгісіз.

"Бозоқ" қаласы – көшпелі түркі мәдениеті мен отырықшы мәдениеттің тоғысы, Ұлы жібек жолындағы маңызды бекіністердің бірі, тарихи мекен екені даусыз.

Серіктестер жаңалықтары