Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Парижде өтіп жатқан Үлкен дулыға турнирлерінің бірі – теннистен Франция ашық чемпионаты "Ролан Гарросты" жалғастырады.
"Елена Рыбакина 4 маусым Қазақстан республикасының мемлекеттік рәміздер күнінде "Ролан Гаррос" турнирінің үшінші айналымында Ресей спортшысы, Олимпиада чемпионы Елена Веснинаны 6:1, 6:4 есебімен жеңіп, тұңғыш рет Франция Ашық Біріншілігінің төртінші айналымына өтті", – деп жазды Қазақстан Теннис федерациясы Инстаграм парақшасында.
Матч 1 сағат 5 минутқа созылды. Қазақстандық теннисші келесі айналымда атақты америкалық спортшы Серена Уильямспен не Даниэль Коллинзпен кездесуі мүмкін. Рыбакинаның келесі қарсыласы бүгін белгілі болады.