ЭЦҚ кілтін алу үшін онлайн өтінім беруге болады. Ол үшін Ұлттық куәландырушы орталығының сайтына кіріп, "ЭЦҚ кілттерін алу" бетіне өту қажет. Ол жерде алдымен NCALayer бағдарламасын орнатып алу керек. Өзіңіз қолданатын операциялық жүйеге байланысты бағдарламаның үш түрі бар:
- Windows үшін NCALayer;
- Linux үшін NCALayer;
- MacOSX үшін NCALayer;
Қосымша орнатылғаннан кейін сайтқа оралып, "өтінім беру" батырмасын басасыз. Келісімшартпен танысып шыққаннан кейін ЖСН нөміріңіз бен ұяшықтағы кодты енгізу керек.
Одан кейін электронды поштаңыз бен мекен-жайыңыз туралы мәліметтерді енгізесіз. Бұл жерде өзіңізге жақын орналасқан тіркеу орталығының мекен-жайын көрсеткен дұрыс. Әрі қарай "кілттерді сақтау орны" мен "кілттерді сақтау орнының жету жолын" таңдайсыз.
Оқи отырыңыз: Көлік терезесі буланбас үшін не істеу керек?
"Кілттерді сақтау орны" ретінде қалауыңызға қарай "Дербес компьютерді" таңдап, әрі "сақтау орны" ретінде жеке папка ашып сақтап қоюға болады.
Операциялар сәтті орындалған соң "өтінім беру" батырмасын басыңыз.
Оқи отырыңыз: Жөтелді үй жағдайында қалай емдеуге болады?
Келесі терезеде мекен-жайыңызға сертификат алғаныңызды растайтын өтінімнің сайтқа келіп түскені туралы хабарлама жіберіледі. Онда сіз берген өтінімнің нөмірі көрсетіледі.
- Өтінішті өзіңізге ыңғайлы форматта сақтап, басып шығарыңыз.
- Өтініміңіз сәтті қабылданғаннан кейін келесі қадамдарды жүзеге асырасыз.
Өтінім берген күннен бастап бір ай ішінде тіркеу орталығына өтініш жасау қажет. Егер бір ай ішінде өтініш ұсынылмаса, өтінімнің күші жойылады. ЭЦҚ:
- бір жыл мерзімге беріледі (ол қолданыс мерзімі аяқталған соң жарамсыз);
- Қолдану уақыты аяқталған соң, оны Ұлттық куәландырушы орталығының сайтында ұзартуға болады.