Тікелей эфир

Электрондық балабақша: ЭЦҚ болмаса, смартфон арқылы балабақша кезегіне қалай қоюға болады? Қандай артықшылықтары бар?

Сурет informburo.kz
Сурет informburo.kz
Жаңа жүйе қашаннан жұмыс істейді? Қандай артықшылықтары бар? Әр бала үшін ай сайын қанша төлейді? 2 жастан балабақшаға бара ала ма?

Е.astana.kz/ немесе indigo24.kz сайттарының көмегімен үйден шықпай-ақ, ұялы телефоннан, компьютерден ЭЦҚ-сыз балабақша кезегіне өтініш бере аласыз.

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасының басшысы Әнуар Жанғозин хабарлады.

Астанадағы мектепке дейінгі ұйымдар

Жалпы саны – 375. Онда 50 мыңнан астам бала тәрбие алып жатыр.

Оқи отырыңыз: Электронды кезек арқылы балабақша мәселесі шешілмеді. Білім министрлігі 2020-да кезек болмайды деп сендіреді


Әнуар Жанғозин

Әнуар Жанғозин / Сурет informburo.kz


  • Мемлекеттік – 94 (90 бала бақша, 4 мектеп-балабақша кешені);
  • Шағын орталықтар – 46 (45 мемлекеттік, 1 жекеменшік);
  • Жекеменшік балабақша – 232 (214-і мемлекеттік тапсырыспен);
  • Мекемелік (ведомствалық) балабақша – 3.

Қанша бала қамтылды? Қанша бала кезекте тұр?

3-6 жас аралығындағы балаларың 90%-ы мектепке дейінгі білім ұйымдарымен қамтылды. Оның 36%-ы – жекеменшік.

Қазір 16 мыңнан астам бала кезек күтіп тұр.

Енді электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) керек емес

– Біз оқу жасына дейінгі балаларды балабақша кезегіне қою жүйесіне өзгерістер енгіздік. Енді электрондық қолтаңбасыз, тек смартфонмен-ақ балаңызды кезекке қоя аласыз.

Ескі жүйе ата-аналар үшін көптеген қолайсыздықтар тудырды. Сол үшін жаңа өзгерістер енгіздік, – дейді мектепке дейінгі білім беру бөлімінің басшысы Ләззәт Разбекова.

Оқи отырыңыз: Балабақшаға қабылдау тәртібі өзгергелі бағасы да қымбаттады


Ләззәт Разбекова

Ләззәт Разбекова / Сурет informburo.kz


Ол үшін:

Е.astana.kz/ немесе indigo24.kz сайтына кіресіздер.

  • Балаңыздың және өзіңіздің ЖСН;
  • Екі ұялы телефон нөмірі керек. Оған келген "мақұлдау" кодын жазып кіресіз.
  • Жеке кәбинетке кіру керек емес.

Әр балабақша бойынша толық ақпаратты көріп, өз қалауыңызша таңдай аласыз.

  • Мекеме төлқұжаты;
  • Орналасқан жері;
  • Бос орындар саны;
  • Суреттері және басқа да мәліметтері.

Оқи отырыңыз: Бала бақшадағы тәрбиешілердің жалақысы қалай есептеледі. Өсе ме?


Жеңілдікке ие болатын санаттағылар туралы инфография

Жеңілдікке ие болатын санаттағылар туралы инфография / Сурет Нұр-Сұлтан қаласы білім басқармасы сайтынан алынды


Е.astana.kz немесе indigo24.kz сайты қалай жұмыс істейді?

Бұларды қолдану компьютерде ғана емес, телефон арқылы да ыңғайлы. Қарапайым жолы.

  1. Алдымен баланы кезекке қоясыз – ол үшін балабақшаны таңдайсыз;
  2. Кезек күтесіз;
  3. Кезектің келгені туралы хабарлама аласыз. Автоматты түрде құжат рәсімдейсіз. Ешқайда барудың қажеті жоқ;
  4. Балабақшадағы тамақтануды, оқу үлгерімін, денсаулық жағдайын және тәрбиешілер туралы ақпаратты бақылап отырасыз;
  5. Төлем қағазын алып, онлайн төлей аласыз.

Оқи отырыңыз: Балабақша бағдарламасынан ағылшын тілі алып тасталады. Әліппе қайтарылады


Нұр-Сұлтандағы балабақшалар көрсетілетін карта

Нұр-Сұлтандағы балабақшалар көрсетілетін карта / Сурет e.astana.kz сайтынан алынды


Кезексіз қабылданатындар – әскерилер мен арнаулы орган қызметкерлерінің балалары;

Алдыңғы (жеңілдікпен) кезекке кіретіндер – көпбалалы отбасы, мүмкіндігі шектеулілер, қамқоршысыз қалған балалар, жетімдер, аса мұқтаждықтағы балалар.

Кезек қалай беріледі?

Алдымен кезексіз алатындар, сосын алдыңғы (жеңілдік) кезектегі бір баладан кейін, жалпы кезектегі 3 балаға беріледі. Сосын қайта алдыңғы кезектен, өстіп цикл қайталанып отырады. Осылайша "1 де 3" тәсілімен кезек беріледі.

  • 24 сағат үзіліссіз жұмыс істейді;
  • Әр мекеменің енгізген мәліметтері бойынша атоматты түрде бос орындар анықталады, кезекте тұрғандар жіберіледі;
  • Кезек бірінші тұрған өтініш иесіне беріледі. Оған балабақша таңдауға 3 жұмыс күні беріледі. Егер өтініш иесі 4 күн ішінде орынды алмаса, кезек келесіге автоматты түрде жылжиды.

Жүйе – 10 маусымнан бастап ресми іске қосылады.

Оқи отырыңыз: Жазықсыз балалар түрмеде не үшін отыр? Жауғашты колониясынан фоторепортаж

Кезектің ашықтығын қалай бақылауға болады?

Бірінші, мұнда барлық хаттамалар толық ашықан. Кез келген ата-ана жолдама беру немесе кезекте тұру қызметін бақылай алады.

Екінші, жүйеде жеңілдік санаты автоматты анықталады.

Үшінші, блокчейн технологиясы қолданылған. Сол себепті, тұпнұсқа деректерді қадағалауға, кедергілерді анықтауға болады.

2019 жылғы бала кезегі қашан таратылады?

– Қаламызда 10 маусымнан бастап балабақшаларға жолдама беру басталады. Сол уақытта жүйеге 17 мың бос орын енгізіледі. 14 мың орын мемлекеттік және жекеменшік балабақшаларда, сондай-ақ тағы 3 мың орын шағын-орталықтар негізінде, – деді Әнуар Жанғозин.

Бос орындар баланың туылған жылына байланысты таратылады.

  • 10 маусым – 2016-2017 жылғы балалар үшін;
  • 14 маусым – 2015 жылғы балалар үшін;
  • 19 маусым – 2013-2014 жылғы балалар үшін.

Түсіндіру жұмыстары қашан, қалай жүріледі?

Аталған жүйе арқылы баланы кезекке қою, кезекті бақылау және ішкі таңдауларды жүзеге асыруды ата-аналарға түсіндіру жұмыстары жүріледі.

  • Өтетін уақыты: 30 мамыр мен 6 маусым аралығында өтеді.
  • Орны: Нұр-Сұлтан қаласындағы екі оқушылар сарайында.
  • Қосымша түсіндірулер: 15-22 маусым аралығында аталған оқушылар сарайларында өтеді.

Сонымен бірге, үлгере алмасаңыз, кез келген мемлекеттік балабақшаға барып кеңес ала аласыз.

Оқи отырыңыз: "Бюджет қаржысын жөнсіз шашқандар мен тиімсіз игергендерге шара қолдану керек"

Неге кезек кері шегеріледі?

Бұл туралы информбюро тілшісі сұраған-ды. Бізге хабарласқан 16-шы болып кезекте тұрған оқырман кезегінің 50-ге ауысып кету себебін біліп беруді өтінген болатын.

Ләззәт Разбекова:

– Сіздің алдыңызға шығып кетушіендердің көбею себебі – кейбіреулердің осыған дейін балабақша кезегіне тұрғанда балаларға қосымша жеңілдікке мүмкіндік беретін құжаттары тіркемегендігінен. Осыған дейін сізден кейін тұрған олар, құжаттарын тіркегеннен кейін автоматты түрде сіздің алдыңызға шығып кетеді, – деп түсіндірді.

2 жастағылар балабақшаға бара ала ма?

Ләззәт Разбекова:

– Заңға сәйкес анасы 3 жасына дейін бала күтімі демалысына шыға алады. Сол себепті балаларды 3 жастан бастап балабақшаға алып жатырмыз. Алайда кей балабақшаларда 2 жастан бастап қабылданып жатыр. Қазір балабақшалардағы 2-3 жас аралығындағы балалар жалпы санның 10%-ындай, – деді.

Ләззәт ханым балабақшамен қамту мүмкіндігінің шектеулі екенін және кей балабақшаларда 2 жастағы балаларға сәйкес мүмкіндіктердің жоқ екенін де алға тартты.

Оқи отырыңыз: Дүниеге келген нәрестеге берілетін көмектер

Балабақша барған балалар ай сайын қанша төлейді?

  • 2-ден 3 жасқа дейін – 14 700 теңге;
  • 3-тен 6 жасқа дейін – 16 800 теңге;
  • Бес күндік жұмыс аптасы – 7:30-18:00.
Жеке меншік балабақшаларда 20 800 теңгеден басталады. Алайда мемлекеттік тапсырыстан қаржы алған жағдайда 10 мың теңгеден басталуы мүмкін. Кейбірінде 80-100 мыңға дейін жетеді.

Мемлекеттік тапсырыс алатын жекеменшік балабақшаларда ақы төлеуді мемлекет қадағалай ала ма?

Бұл сауалымызға да Ләззәт ханым былай деп жауап берді:

– Біз мемлекеттік тапсырыспен жұмыс істеген жеке балабақшаларға әр сәби үшін ай сайын 28 мың теңгеден астам қаржы аударамыз. Алайда жекеменшік әрі қызмет көрсету сапасы да әртүрлі болғандықтан, мемлекеттен қаржы бөле тұра, оларға төлемақыны белгілеуіне шектеме қоя алмаймыз. Оны жекеменшік балабақша мен ата-ана өзара келісім арқылы шешеді, – деді.

Оқи отырыңыз: Ұйқысы ұрланған ұрпақ

Балабақшаларға қойылатын камералар көбейтіледі

Бұл туралы басқарманың Цифрландыру бөлімінің басшысы Жазира Асанова хабарлады. Ол:

– Біз барлық балабақшаларды тексердік. Қазірге дейін 6 мың камера қойылған. Тағы 4 мың камераға тапсырыс бердік. Осы жылы барлық мемлекеттік балабақшаларға орнатып боламыз. Сонымен бірге, ол камераларды "Сергек" жүйесіне кіріктіреміз, – деді.


Жазира Асанова

Жазира Асанова / Сурет informburo.kz


Жазира ханым камераларды қойдыру үшін жекеменшік балабақшалармен де жұмыс жасалып жатқанын жетікізді.

Серіктестер жаңалықтары