Тікелей эфир

Жақсыдан тәлім алған жақсы

Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай қоғам қайраткерлері мен  жастар арасында кездесу ұйымдастырылды.

Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының "Жастар ресурстық орталығы" КММ-нің ұйымдастыруымен қоғам қайраткерлері мен  жастар арасында "ЖАҚСЫДАН ТӘЛІМ" атты еркін форматтағы кездесу ұйымдастырылды.


Түркістан – жастардың алтын ордасы. Мұнда жаңа идеялар мен игі  бастамалар аз емес. Тіпті оңтүстік жастарының басым көпшілігі осында білім алып, жұмыс істеп жатыр.  


Аталмыш шараға Түркістан облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы, "Құрмет", "Парасат" ордендерінің иегері Жеңісбек Мәуленқұлов, "Құрмет", "Парасат" ордендерінің иегері, облыстық Қоғамдық кеңестің төрағасы Шәріпбек Жамалбекұлы, "Құрмет" орденінің иегері, Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Өмірзақ Мелдеханов және Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Сариев Дәурен Нұрланұлы қатысты.

Жиын барысында сөз бастаған Түркістан облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жеңісбек Мәуленқұлов ҚР Тәуелсіздігінің 30-жылдық мерекесімен құттықтай отырып,  жастарды Тәуелсіздігіміздің қадірін біліп, еліміздің дамуына үлес қосуға шақырды.

Ел тәуелсіздігінің тұғыры биік болуын сөз етіп,бүгінгі жетістіктің негізгі басты себебі – егемендік екеніне ерекше тоқталды. Бұл ретте оңтүстік жастарының белсенділігі мен 30 жылдыққа қосар үлес,салмақтары екшеліп,болашақта атқарылар жұмыстардың барысы талқыланды.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары