ҚР Білім және ғылым министрінің бұйрығымен 2021-2022 оқу жылының басталуы, ұзақтығы және каникул кезеңдері бекітілді.
Оқу жылы 1 қыркүйекте басталады. Ұзақтығы:
- 1 сыныптарда – 33 оқу аптасы;
- 2-11 (12)-сыныптарда – 34 оқу аптасы.
Оқу жылы ішіндегі каникул кезеңдері:
- күзгі – 7 күн (2021 жылғы 1-7 қараша аралығында);
- қысқы – 11 күн (2021 жылғы 30 желтоқсан мен 2022 жылғы 9 қаңтар аралығында);
- көктемгі – 12 күн (2022 жылғы 19-30 наурыз аралығында);
- 1-сыныптарда: қосымша каникул – 7 күн (2022 жылғы 7-13 ақпан аралығында).
Сондай-ақ, БҒМ баспасөз қызметшісі Мөлдір Абдуалиева мектеп формасына қатысты қатаң талаптар болмайтынын ескертті. Шалбар мен юбка қара көк, қара жасыл, қара болуы керек – ата-ана мен мектеп оқушысының қалауына қарай.
"Елдегі санитарлық-эпидемиологиялық және әлеуметтік-экономикалық жағдайды ескере отырып келер оқу жылында классикалық стильдегі ыңғайлы киім киюіне болады. Классикалық стильдегі киімнің түсі мен пішімі, матасы ұстамды және қатаңдау болғаны жөн. Сондай-ақ, киімнің үстіңгі бөлігін ашық түсті, ал төменгі бөлігін қаралау етіп таңдаған дұрыс", – деді Мөлдір Абдуалиева.
Үкіметаралық келісім шеңберінде қазақстандықтар тегін білім алатын елдер саны онға жетті. Тізімге Словакия, Әзірбайжан және Вьетнам елдері қосылды.