2021 жылы желтоқсанда Алматы көшелерінде 93 "ақылды" бағдаршам орнатылды. Бір ай ішінде мұндай бағдаршамдар бар қиылыстарда өткізу қабілеті 10-нан 20 пайызға дейін артса, көлік жүргізушілері мен жолаушылардың жолға кететін уақыты 15 пайызға қысқарған.
Informburo.kz "ақылды" бағдаршамдардың қалай жұмыс істейтінін, Алматыда қандай қиылыстарда орналасқанын баяндайды.
"Ақылды" бағдаршамның артықшылығы
"Ақылды" бағдаршам:
- жолдағы қозғалысты өзі реттейді;
- жолақтар мен бағыттардағы көлік санын автоматты түрде санайды;
- көлік жылдамдығын анықтайды;
- көлік ағынын тіркейді;
- жүргізушілер үшін қолайлы уақытты (20 немесе 30 секунд) болжай алады;
- сыртқы әсерсіз жол қозғалысын реттеп, жолдағы жағдайға бейімделеді.
"Ақылды бағдаршам" жүйесі контролерден, камерадан және телеметрикалық қозғалыс датчиктерінен тұрады. Олар нақты уақыт режимінде қиылыстардағы көліктің көптігін бағалап, осы ақпаратты орталық серверге жібереді. Бағдаршамдар белгіленген уақыт бойынша жанып сөнеді. Ал датчиктердің көрсеткіштерінің негізінде орталық сервер бағдаршам контроллерлеріне қызыл немесе жасыл жарықты жағуға команда береді, яғни детекторлар автоматты түрде сигналдарды қызылдан жасылға ауыстырып отырады. Қай бағытта кептеліс көп, бірінші кезекте сол бағыттағы көліктерді азайтады. Қоғамдық көлік қозғалысына жағдай жасайды. Сондай-ақ, "ақылды" бағдаршамдар датчик-детекторлар арқылы жол жүру ережелерін бұзуды да тіркеп отырады. Жүйеде ақау туындаса бағдаршамдар автономды жұмыс режиміне көшіп, қиылыстар дәстүрлі әдіспен реттеледі.
Оқи отырыңыз: Қазақстан өңірлеріндегі бензин мен дизель бағасы қандай?
Жол қозғалысын басқару жүйесінің кезеңдері
Қалада жол қозғалысын басқарудың автоматтандырылған жүйесін жаңғыртудың, қайта құрудың және дамытудың бірінші кезеңінде қызметтік бөлме мен детекторлық зертхана жабдықталып, 93 бағдаршам нысанында Euro контролер орнатылған. Екінші кезеңде 2022 жылы 357 жаңа бағдаршамды іске қосу көзделген. Бағдаршамдардағы таймерлер заманауи бейімделгіштерге алмастырылады. Бұрын орнатылған таймерлердің үлесі – 73%. Олар тұрақты басқару бағдарламалары бар бағдаршамдармен ғана жұмыс істейді.
Екінші кезең аяқталса, автоматтандырылған жүйе қамтамасыз етеді:
- бағыттар бойынша нақты қозғалыс қарқындылығын есептей отырып қиылыстардағы қозғалысты нақты уақыт режимінде реттеу
- статистиканы есептеу және көлік қозғалысы қарқындылығын талдау;
- бейімделген режимдеуақытты кері санау таблосының жұмысы.
Нәтижесінде:
- көлік өткізу қабілеті 18-20% артады;
- жол жүру уақыты 15-25% қысқарады;
- жол бойындағы аялдамалар саны 20-40% азаяды;
- атмосфераға шығатын шығарындылар көлемі 7% азаяды;
- жанармай шығыны 5-10% азаяды;
- қоғамдық көлік қозғалысының кешігуі 20-60% қысқарады.
Оқи отырыңыз: Қазақстандықтарға құны 7 млн теңгеден аспайтын жаңа автокөлікті пайызсыз несиеге беру ұсынылды
Жол қозғалысын басқарудың мұндай интеллектуалды жүйесі көліктер ағыны жылдамдығын, көлік кептелесін азайтып, өту қабілетін арттыру, жол апаттарына ұшырау қатерін азайтуға мүмкіндік береді.
Бағдаршамдарда кішкентай камералар бар. Олар датчиктер, күн сайын көлік ағынының санын санайды. Жүйе толығымен іске қосылса әкімшілік полиция қызметкерлеріне ай сайын бағдаршам жұмысы кезеңін есептеп, түзету енгізу қажет болмай қалады. Мұның бәрін бағдаршамның өзі істейді.
Алматы полиция департаментінің мәліметінше, бір бағдаршамды жаңғырту кезінде монтаждау, іске қосу мен жөндеу жұмыстарының құны орта есеппен 3,3 млн теңгені құрайды. Жабдық пен бағдарламалық қамтамасыз ету құны орта есеппен – 17,4 млн теңге.
"Ақылды" бағдаршамдар орналасқан көше қиылыстарының тізімі
- Тимирязев – Әуезов;
- Жандосов – Тимирязев;
- Тимирязев – Манас;
- Тимирязев – Жароков;
- Тимирязев – Шашкин;
- Тимирязев – Байзақов;
- Тимирязев – Марков;
- Тимирязева – Байтұрсынов;
- Рысқұлбеков – Сүлейменов;
- Сүлейменов – Тоқтабаев;
- Мұстафин – Рысқұлбеков;
- Мұстафин – Торайғыров;
- Мұстафин – Біржан;
- Тимирязев – Розыбакиев;
- Жандосов – Науаи;
- Тимирязев – Гагарин;
- Жандосов – Сүлейменов;
- Абылай хан – Мақатаев;
- Абылай хан – Гоголь;
- Торайғыров – Науаи;
- Назарбаев – Құрманғазы;
- Назарбаев – Мәметова;
- Назарбаев – Бөгенбай батыр;
- Назарбаев – Шевченко;
- Абылай хан – Шевченко;
- Абылай хан – Мәметова;
- Абылай хан – Бөгенбай батыр;
- Абылай хан – Қабанбай батыр;
- Абылай хан – Төле би;
- Әуезов – Ғабдуллин;
- Рысқұлбеков – Науаи;
- Жандосов – Розыбакиев;
- Назарбаев – Абай;
- Назарбаев – Қазыбек би;
- Назарбаев – Гоголь;
- Назарбаев – Қабанбай батыр;
- Назарбаев – Жолдасбеков;
- Назарбаев – Сәтбаев;
- Панфилов – Мәметова;
- Панфилов – Гоголь;
- Панфилов – Макатаев;
- Панфилов – Төле би;
- Панфилов – Қазыбек би;
- Панфилов – Бөгенбай батыр;
- Панфилов – Қабанбай батыр;
- Абылай хан – Жібек жолы;
- Сәтбаев – Масаншы;
- Абылай хан – Абай;
- Сәтбаев – Наурызбай батыр;
- Сәтбаев – Желтоқсан;
- Байтұрсынов – Сәтбаев;
- Сәтбаев – Сейфуллин;
- Жароков – Бәсенов;
- Байтұрсынов – Ғабдуллин;
- Абылай хан – Құрманғазы;
- Назарбаев – Мақатаев;
- Назарбаев – Төле би;
- Жароков – Бұхар жырау;
- Манас – Ғабдуллин;
- Гагарин – Бәсенов;
- Желтоқсан – Төле би;
- Желтоқсан – Гоголь;
- Желтоқсан – Мақатаев;
- Абай – Сейфуллин;
- Жандосов – Радостовец;
- Әуезов – Бұхар жырау;
- Абай – Масаншы;
- Желтоқсан – Мәметова;
- Қонаев – Төле би;
- Абай – Желтоқсан;
- Абай – Наурызбай батыр;
- Райымбек – Абылай хан;
- Жароков – Жандосов;
- Желтоқсан – Бөгенбай батыр;
- Желтоқсан – Жібек жолы;
- Желтоқсан – Қабанбай батыр;
- Абай – Байтұрсынов;
- Желтоқсан – Құрманғазы;
- Желтоқсан – Шевченко;
- Қонаев – Бөгенбай батыр;
- Қонаев – Қабанбай батыр;
- Қонаев – Шевченко;
- Қонаев – Құрманғазы;
- Қонаев – Мәметова;
- Қонаев – Мақатаев;
- Қонаев – Жібек жолы;
- Қонаев – Гоголь;
- Қонаев – Қазыбек би;
- Райымбек – Назарбаев;
- Райымбек – Панфилов;
- Манас – Бұхар жырау;
- Гагарин – Өтепов;
- Жароков – Өтепов.