Informburo.kz коронавсирус жұқтырып қайтыс болған адамды жерлеу рәсімі мен пандемия кезінде жерлеу рәсіміне қатысатын баратын адамдардың қауіпсіздігіне қатысты маңызды сұрақтарға жауап береді.
№1. Коронавирустан қайтыс болғандарды қайда жерлеу керек?
Қазақстанда коронавирустан қайтыс болған адамдарды жерлеу тәртібі өзгерді. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың сөзінше, оларды санитарлық-эпидемиологиялық және гигиеналық нормаларды қатаң сақтай отырып, кез келген зиратта жерлеуге рұқсат етіледі.
№2. Жерлеу рәсімі қалай ұйымдастырылады?
Covid-19 індетінен немесе басқа себептен қайтыс болған адамдарды жерлеуге немесе кремация жасауға болады. Санитарлық талап қайтыс болған адамның қалауын өзгертуге міндеттемейді. Жерлеу рәсімін эпидемияға байланысты кейінге шегерудің қажеті жоқ, бірақ рәсімге келушілердің денсаулығы үшін жерлеу тәртібіне өзгеріс енгізу қажет болуы мүмкін.
№3. Мәйіттен коронавирус жұғуы мүмкін бе?
Бір бөлмеде болған немесе Covid-19 нақтыланған не белгілері болған мәйіт денесі тұрған жерге барғандарда қауіп факторы анықталмаған.
Сонда да жерлеу рәсімін жоспарлауда және өткізген жағдайда келушілердің арасында Covid-19 таралмауын қадағалап, қауіпсіздік шараларын сақтаған жөн.
Оқи отырыңыз: Коронавирус жұқтырып, қайтыс болғандар қалай жерленеді? Министр бұйрығы, ҚМДБ пәтуасы және шетел тәжірибесі
№4. Келушілер санын қалай шектеуге болады?
Үйге келушілер шағын туыстардың санымен шектелуі қажет. Ауырып жатқан немесе отбасында, туыстарының арасында бірер адам ауырса және Covid-19 жұқтырып алу қаупі жоғары адамдар болса жиынға бармауы тиіс.
Қазақстанның әртүрлі аймақтарынан келушілердің немесе Covid-19 дерті жоғары тарап жатқан аудандардан келушілердің санын шектеуді қарастыру керек. Туыстар мен достарыңызға телефон немесе интернет арқылы (тікелей эфир, бейнежазбалар) жерлеу рәсіміне қатысу мүмкіндігін қарастырыңыз.
№5. Жерлеу рәсімінде қандай талаптарды сақтаған жөн?
Әлеуметтік арақашықтықты сақтау және күнделікті профилактика шараларын ұстау керек. Рәсімді мүмкіндігінше ашық, жақсы желдетілетін кең бөлмелерде немесе ашық аулаларда өткізуге тырысыңыз.
Бір үйде тұрмайтын рәсімге келген адамдар міндетті түрде:
- бір-бірінен 2 метрден алшақ отыруы қажет;
- бір үйде тұрмайтын адамдармен қарым-қатынасқа түсерде маска тағу керек.
Бір үйде тұратын адамдар бір-біріне құшақтап, қолдарынан ұстап, бірге отырып қолдау жасай алады. Әр түрлі үйде тұратын адамдар қолдан ұстау, қол алысу, құшақтап немесе сүюдің орнына бас изеп, иіліп немесе қол сермеп амандасуға болады.
№6. Жерлеу рәсіміне қандай өзгерістер енгізу қажет?
Келесі нұсқаларды қарастыруға болады:
- мемориалдық қызметтер мен жоралғыларды қабірде өткізу;
- әр отбасы арасында тығыз қарым-қатынасты немесе белгілі бір заттармен айырбастауды талап ететін рәсімдерге өзгеріс енізу немесе алып тастау;
- рәсім біткен соң келушілерге сусындар мен тамақ ұсыну;
- дін басылармен діни рәсімдерді өгерту жайлы кеңесу;
- отбасылық отырыс немесе дастархан жаймай, қораптарға немесе пакетке тамақты салып ұсыну.
Оқи отырыңыз: Жаназа және құдайы ас. Індет кезінде бұл рәсімдерді өткізуде қандай талаптар сақталуы тиіс?
№7. Мәйіттің денесін жерлеуге дайындағанда нені ескеру қажет?
Жерлеу рәсіміне дайындық барысында қайтыс болған адамның денесін ұстамауға тырысыңыз. Covid-19 күдікті немесе нақтыланған диагнозы бар қайтыс болған адамның денесін жерлеуге дайындаудан бұрын және дайындап болған соң жанасудан абай болыңыз.
Жұқтырып алу қаупі жоғары адамдар мен олардың отабсы мүшелері мәйітті дайындауға қатыспауы қажет.
Мәйіт денесімен қандай да бір жанасу болған жағдайда қолды сабынмен кем дегенде 20 секунд жуып, сабын не су болмаса қолды құрамында 60 пайыздан кем емес спирттік дезинфекциялаушы заттармен өңдеу керек.
№8. Мәйіт денесін дайындайтын адам үшін сақтық шаралары қандай?
Мәйіт денесін дайындайтын адамда болуы керек:
- бір рет қолданылатын қолғап (нитрилді, тактесті немесе резеңкелі);
- бір реттік және су өтпейтін арнайы оқшаулағыш халаттар;
- қорғаушы қалқанша немесе қорғаушы көзілдірік пен маска.
№9. Денені жерлеуге дайындап болған соң не істеу керек?
Денені жерлеуге дайындап болған соң жедел түрде:
- қолғап және басқа да қорғаныс киімдерін сақтықпен шешіп, қоқысқа тастау;
- қолды сабынмен кем дегенде 20 секунд жуу;
- сабын және су болмаған жағдайда қолды құрамында 60 пайыздан кем емес спирттік дезинфекциялаушы заттармен өңдеу;
- душқа түсу керек.
Оқи отырыңыз: Коронавируспен күрестің жаңа шаралары қандай? Денсаулық сақтау министрінің түсіндірмесі
№10. Қайтыс болған адамның заттарын қалай қауіпсіз түрде алып кетуге болады?
Жергілікті ережелер мен тәртіпке байланысты, өз үйінен бөлек жерде Covid-19 індетінен қайтыс болған адамның заттарын отбасы мүшелері жерлеу бюросынан немесе медицина ұйымынан алып кете алады.
Заттарды алуға келгенде:
- қолғап пен маска;
- қолды жуу ережелерін сақтау;
- заттардың қандай материалдан жасалғанына байланысты тазалау және дезинфекциялау қағидаларын сақтау.
№11. Жаназа намазында қандай ережелерді сақтау керек?
- намазға бір ғана діни қызметкерді қатыстыру;
- намазға тек отбасы және жақын тумалардың қатысуы;
- намазға жалпы саны 30 адамнан артық жиналмау;
- дене қызуы немесе жөтелі бар кісінің жаназа намазына мүлде қатыспауы;
- намазға келуші кісі міндетті түрде санитарлық нормаларды (маска тағу, медициналық қолғап кию және екі метрден кем емес арақашықтық) сақтауы;
- індеттен қайтыс болған мәйітті дәрігердің нұсқаулығына сай жуу;
- намаз бен уағыздың жалпы уақытын 5 минуттан асырмау;
- намаз барысында қол алысып амандаспау;
- намаз сабын түзегенде кемінде екі метр қашықтықты сақтау;
- қабір басында мәйіт жер қойнына тапсырылғаннан кейін жамағатты тездетіп қайтару;
- жасы үлкен кісілер, денсаулығы нашар адамдар (ер және әйел) және жас балаларды намазға қатыстырмау;
- қонақ асын өткізбеу;
- жаназадан кейінгі асты өткізбеу немесе отбасы мүшелерімен шектелу.
№12. Құдайы ас бергенде қандай талаптарды сақтаған жөн?
Құдайы ас (жетісі, қырқы, жүзі, жылы және тағы басқа):
- асты өткізбеу немесе отбасы мүшелері, жақын тумаларымен шектелу;
- бір ғана діни қызметкерді қатыстыру;
- санитарлық нормаларды (бетперде тағу, медициналық қолғап кию және арақашықтық) сақтау.
Материал Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен Қазақстан республикасы ұсынған өзін және қоршаған ортадағыларды қорғау стратегиясына және Денсаулық сақтау министрлігінің, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мәлімдемелеріне сүйене отырып әзірленді.