Тікелей эфир

Биылғы ұлттық бірыңғай тестілеуде кездесетін тарихи даталар тізімі жарияланды

ҰБТ-да Қазақстан тарихы мен Дүниежүзі тарихы бойынша нақты даталарға қатысты ғана сұрақтар болады.

Ұлттық тестілеу орталығының директоры Дидар Смағұлов Facebook желісінде биылғы ҰБТ сынағының басты жаңалығы ретінде Қазақстан тарихы мен Дүниежүзі тарихы бойынша нақты даталардың жариялануын атады.

"Тек осы даталардан ғана сандарға байланысты сұрақтар кездеседі. Олардың жалпы саны әр тестіленушіге тек 2-3-уі ғана келетіндей етіп қысқарттық. ҰБТ – бұл жаттап алу деген сөз емес!", – деп жазды Дидар Смағұлов.


Оқи отырыңыз: 6 мамыр мен 30 маусым аралығында білім беру грантын тағайындау үшін ҰБТ өтеді


ҰБТ-2021 кездесетін тарихи даталар тізімі:

"Қазақстан тарихы" пәні бойынша маңызды оқиғалардың хронологиялық кестесі

1.        

Б.з.б. 2 млн 600–12 мың жыл

– Ежелгі тас дәуірі.

2.

Б.з.б. 2 млн 600–40 мың жыл

– Ерте палеолит.

3.

Б.з.б. 2 млн 600–800 мың жыл

– Ерте палеолиттің олдувэй кезеңі.

4.

Б.з.б. 800–140 мың жыл

– Ерте палеолиттің ашель кезеңі.

5.

Б.з.б. 140–40 мың жыл

– Ерте палеолиттің мустье кезеңі.

6.

Б.з.б. 40–12 мың жыл

– Кейінгі палеолит.

7.

Б.з.б. 12–5 мың жыл

– Орта тас дәуірі (мезолит).

8.

Б.з.б. 5–3 мың жыл

– Жаңа тас дәуірі (неолит).

9.

Б.з.б. 2 мың жыл–б. з. б. VIII ғ.

– Қола дәуірі.

10.

Б.з.б. 2 мың жылдықтың ортасы

– Қазақстан аумағын мекен еткен тайпалар қола бұйымдар жасау ісін меңгеруі.

11.

Б.з.б. VIII ғ.‒б.з. VI ғ.

‒ Ерте темір дәуірінің хронологиясы.

12.

Б.з.б. I мыңжылдық

‒ Сақ тайпалық одақтарының өмір сүрген мерзімі.

13.

Б.з.б. 209 ж.

‒ Хунну (Ғұндар) державасының құрылуы.

14.

Б.з.б. 530 ж.

‒ Томирис патшайым бастаған сақ-массагеттердің парсы патшасы Кирді талқандауы.

15.

Б.з.б. V‒IV ғғ.

‒ Есік қорғанынан табылған "Алтын адамның" өмір сүру кезеңі.

16.

552 ж.

‒ Түрік қағанатының құрылуы.

17.

704 ж.

‒ Түргеш қағанатының құрылуы.

18.

751 ж.

‒ Атлах шайқасының болған уақыты.

19.

870–950 жж.

– Әбу Насыр әл-Фарабидің өмір сүрген жылдары.

20.

960 ж.

‒ Исламның Қарахандардың мемлекеттік діні болып жариялануы.

21.

973–1050 жж.

– Әбу Райхан әл-Бирунидің өмір сүрген жылдары.

22.

XI ғ. басы‒XIII ғ. басы

‒ Қыпшақ хандығының билік құруы.

23.

1021–1075 жж.

– Жүсіп Баласағұнидің өмір сүрген жылдары.

24.

1030–1090 жж.

– Махмуд Қашғаридің өмір сүрген жылдары.

25.

1103–1167 жж.

– Қожа Ахмет Йассауидің өмір сүрген жылдары.

26.

1465‒1466 жж.

‒ Қазақ хандығының құрылуы.

27.

XVI ғ. басы

‒ Қасым ханның билік еткен уақыты.

28.

XVI ғ. басы

– "Қасым ханның қасқа жолы" заңдарының шығуы.

29.

1538‒1580 жж.

‒ Хақназар ханның билік еткен уақыты.

30.

1582‒1598 жж.

‒ Тәуекел ханның билік еткен уақыты.

31.

1598–1628 жж.

– Есім ханның ел билеуі.

32.

1628–1652 жж.

– Жәңгір ханның ел билеуі.

33.

1643 ж.

‒ Орбұлақ шайқасы.

34.

ХVII ғ. соңы.

‒ Тәуке ханның "Жеті жарғы" заңдар жинағы.

35.

1723 ж.

‒ "Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұламаның"

("Ұлы апат жылдары") басталуы.

36.

1726/1728 ж.

‒ Бұланты шайқасы.

37.

1729/1730 ж.

‒ Аңырақай шайқасы.

38.

1731 ж.

– Әбілқайыр хан мен оның жақтастарының Ресейге ант беруі.

39.

1771‒1781 жж.

‒ Абылайдың Қазақ хандығын басқарған жылдары.

40.

1783‒1797 жж.

‒ Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс.

41.

1835–1865 жж.

– Шоқан Уалихановтың өмір сүрген жылдары.

42.

1836‒1838 жж.

‒ Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған көтеріліс.

43.

1837‒1847 жж.

‒ Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс.

44.

1841 ж.

‒ Бөкей хандығында қазақ балаларына арналған алғашқы зайырлы мектептің ашылуы.

45.

1841–1889 жж.

– Ыбырай Алтынсариннің өмір сүрген жылдары.

46.

1845–1904 жж.

– Қазақтың ұлы ақыны, ойшылы әрі ағартушысы

Абай Құнанбаевтың өмір сүрген жылдары.

47.

1913‒1918 жж.

‒ "Қазақ" жалпыұлттық газетінің шығуы.

48.

1916 ж.

– Қазақстан және Орта Азиядағы ұлт-азаттық қозғалыс.

49.

1917 ж.

– "Алаш" партиясының құрылуы.

50.

1917 ж.

‒ Орынборда ІІ жалпықазақ съезі. Алаш-Орда үкіметінің құрылуы.

51.

1920 ж.

‒ Қырғыз (Қазақ) АССР-нің құрылуы.

52.

ХХ ғ. 20-30 жылдары

‒ Күштеп ұжымдастыру жылдарындағы жаппай ашаршылық.

53.

1920–1940 жж.

– Жаппай саяси қуғын-сүргін.

54.

1925 ж.

– Қазақ АКСР-i астанасын Орынбордан Қызылордаға

көшірілуі.

55.

1928 ж.

– Алғашқы жоғары оқу орны – Қазақ мемлекеттiк

педагогикалық институтының ашылуы.

56.

1929 ж.

– Қазақ АКСР-i астанасын Қызылордадан Алматы қаласына

көшірілуі.

57.

1932 ж.

– Сталинге аштыққа байланысты, апаттың көлемі туралы республика қайраткерлерінің хат жазуы. Ғ. Мүсірепов, М.Ғатауллин, М.Дәулетқалиев, Е.Алтынбеков, Қ.Куанышев ("Бесеудің хаты").

58.

1936 ж.

– Қазақ АКСР-iн одақтық республика етiп қайта құрылуы

(ҚазКСР).

59.

1937 ж.

– Қазақ КСР Конституциясының қабылдануы.

60.

1939 ж.

– Екiншi дүниежүзiлiк соғыстың басталуы.

61.

1941–1945 жж.

– Ұлы Отан соғысы.

62.

1946 ж.

– Қазақ КСР Ғылым академиясының құрылуы.

63.

1949 ж.

– Семей ядролық полигонындағы алғашқы атомдық жарылыс.

64.

1954 ж.

– Тың және тыңайған жерлерді игерудің басталуы.

65.

1956 ж.

– Жалпыға бiрдей мiндеттi жетi жылдық бiлiм берудiң енгiзiлуi.

66.

1959 ж.

– Жалпыға бiрдей сегiз жылдық бiлiм берудiң енгiзiлуi.

67.

1960–1962, 1964–1986 жж.

– Д. А. Қонаевтың Қазақстан Компартиясы ОК бiрiншi хатшысы болып қызмет етуi.

68.

1961 ж.

– "Байқоңыр" космодромынан тұңғыш ғарышкердің ұшырылуы.

69.

1978 ж.

– Қазақ КСР Конституциясын қабылдау.

70.

1979 ж.

– Целиноград қаласындағы Қазақстанда немiс автономиясын құруға қарсы наразылық шерудің өтуі.

71.

1986 ж.

‒ Желтоқсан оқиғасы.

72.

1988 ж.

– Ш. Құдайбердиев, А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев,

Ж. Аймауытов, М. Дулатовтардың ақталуы.

73.

1989 ж.

‒ О. Сүлейменов бастаған "Невада-Семей" экологиялық қозғалысының құрылуы.

74.

1989 ж.

‒ "Тілдер туралы Қазақ КСР Заңының" қабылдануы, қазақ тілінің мемлекеттік тіл болып жариялануы.

75.

1991 ж.

‒ Қазақтың тұңғыш ғарышкері Т. Әубәкіровтің ғарышқа ұшуы.

76.

1991 ж.

– Семей ядролық полигонының жабылуы.

77.

1991 ж.

‒ Н. Ә. Назарбаевтың бүкілхалықтық сайлауда Қазақстан Президенті болып сайлануы.

78.

1991 ж.

‒ Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік Тәуелсіздігі туралы" Конституциялық Заңының қабылдануы.

79.

1992 ж.

‒ Мемлекеттік рәміздердің бекітілуі: Ту, Елтаңба және Әнұран.

80.

1992 ж.

‒ Қазақстан Республикасының БҰҰ-ға толыққанды мүше болып қабылдануы.

81.

1993 ж.

‒ Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы ‒ теңгенің енгізілуі.

82.

1995 ж.

– Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылуы.

83.

1995 ж., 30 тамыз

‒ Бүкілхалықтық референдумда Қазақстан Республикасының қолданыстағы Конституциясының қабылдануы (Конституция күні).

84.

1997 ж.

– Қазақстан Республикасының астанасы Алматы қаласынан Ақмола (Нұр-Сұлтан) қаласына көшірілуі.

85.

2003 ж.

‒ Астанада (Нұр-Сұлтан) әлемдік және дәстүрлі діндер өкілдерінің I съезінің өтуі.

86.

2010 ж.

‒ Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі.

87.

2011 ж.

‒ Қазақстанда Азиаданың өткізілуі.

88.

2017 ж.

‒ Дүниежүзілік ЭКСПО көрмесінің өткізілуі.

89.

2019 ж.

– Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан Республикасының Президенті болып сайлануы.

 

"Дүниежүзі тарихы" пәні бойынша маңызды оқиғалардың хронологиялық кестесі

Ежелгі дүние тарихы

1.

Б.з.д. 1792-1750 жж.

– Хаммурапи Вавилон мемлекетінде патшалық етті.

2.

Б.з.д. VII ғасыр

– Ассирия ежелгі дүниедегі қуатты әскери мемлекетке айналды.

3.

Б.з.д. VI ғасыр

– Парсы патшалығының құрылуы.

4.

Б.з.д. 594 ж.

– Солон Афиныда архонт (билеуші) болып сайланды. Солон реформалары.

5.

Б.з.д. 519-518 жж.

– І Дарийдің сақтарға қарсы жорығы.

6.

Б.з.д. 509 ж.

– Римде республика орнады.

7.

Б.з.д. V ғ.

– Афины Ежелгі Грекияда қуатты демократиялық мемлекетке айналды.

8.

Б.з.д. IV-III ғғ.

– Бактрия жерінде үлкен қоныстар мен қалалар болды.

9.

Б.з. 395 ж.

– Рим империясы Батыс және Шығыс болып екіге бөлінді.

10.

Б.з. 452 ж.

– Аттила өз әскерімен Солтүстік Италия жеріне басып кірді.

11.

Б.з. 476 ж.

– Батыс Рим империясының құлауы.

 

Орта ғасырлар тарихы

12.

481-511 жж.

– Франк мемлекеті мен меровингтер әулетінің негізін қалаушы король Хлодвигтің билік құруы.

13.

532 ж.

– Константинопольдегі "Ника" көтерілісі.

14.

570-632 жж.

– Ислам дінінің негізін қалаушы Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбардың өмір сүрген жылдары.

15.

661-750 жж.

– Араб халифатында Омейя әулетінің билік етуі.

16.

711-718 жж.

– Арабтардың Испанияны жаулап алуы.

17.

882 ж.

– Киев Русі мемлекетінің құрылуы.

18.

995-997 жж.

– Солтүстік Хорезм билеушісі Мамун ибн-Мұхаммед Хорезмшахтардың біртұтас мемлекетін құрды.

19.

1040-1060 жж.

– Тоғрыл-бек Кіші Азияда Салжұқ түріктерінің мемлекетін құрды.

20.

1096-1099 жж.

– Бірінші крест жорығы.

21.

1265 ж.

– Ағылшын парламентінің құрылуы.

22.

1302 ж.

– Францияда Бас штаттар шақырылды.

23.

1337-1453 жж.

– Англия мен Францияның арасындағы Жүз жылдық соғыс.

24.

1380 ж.

– Куликово шайқасы.

25.

1382 ж.

– Тоқтамыс ханның Мәскеу қаласын басып алуы.

26.

1453 ж.

– ІІ Мехмед басқарған Осман түріктері Константинопольді басып алуы.

27.

1455-1485 жж.

– Англиядағы Ал қызыл және Ақ раушандар соғысы.

28.

1517 ж.

– Лютердің 95 тезисін жариялап, индульгенцияға қарсы шығуы.

29.

1533-1584 жж.

– IV Иванның Ресейде патшалық құруы.

30.

1556-1605 жж.

– Ұлы Моғол империясында І Акбардың билік етуі.

31.

1558-1603 жж.

– І Елизавета патшайымның Англияда билік етуі.

32.

1566 ж.

– Нидерланды буржуазиялық революциясының басталуы.

33.

1603 ж.

– Англияда Стюарттар әулетінің билігінің басталуы.

34.

1613-1917 жж.

– Ресейде Романовтар әулетінің билік құруы.

 

Жаңа заман

 

Шығыс Елдері

35.

1755-1759 жж.

– Цин империясының Жоңғария мен Шығыс Түркістанды басып алуы.

36.

1774 ж.

– Ресей мен Түркия арасындағы Кучук-Қайнар бітімі.

37.

1840-1842 жж.

– Қытайдағы бірінші "апиын соғысы".

38.

1856-1860 жж.

– Қытайдағы екінші "апиын соғысы".

39.

1858 ж.

– Ресей мен Қытай арасындағы Айгүн шарты.

40.

1867-1912 жж.

– Жапониядағы Мэйдзи дәуірі.

41.

1878 ж.

– Берлин конгресі. II Абдул-Хамидтің Сербия, Черногория мен Румынияның тәуелсіздігін жариялауы.

42.

1904-1905 жж.

– Орыс-жапон соғысы.

 

Еуропа және Америка

43.

1607 ж.

– Солтүстік Америкадағы ағылшындардың алғашқы тұрақты қонысы Джеймстаунның (Виргиния) негізі қаланды.

44.

1640 ж.

– Англиядағы "қысқа парламент".

45.

1653-1658 жж.

– Англиядағы О. Кромвельдің протектораты.

46.

1776 ж.

– АҚШ-тың құрылуын жариялаған Тәуелсіздік декларациясының қабылдануы.

47.

1787 ж.

– АҚШ Конституциясының қабылдануы.

48.

1789 ж.

– Бастилиянының алынуы. Француз революциясының басталуы.

49.

1789 ж.

– Францияда Адам және азамат құқықтары декларациясының қабылдануы.

50.

1804 ж.

– Наполеон Бонапарттың І Наполеон деген атпен Францияның "императоры" атағын қабылдауы.

51.

1812 ж.

– Ресейдің Наполеон әскерлеріне қарсы Отан соғысы.

52.

1813 ж.

– Лейпциг түбіндегі "Халықтар шайқасы".

53.

1823 ж.

– АҚШ-та "Монро доктринасының" жариялануы.

54.

1861 ж.

– Италия патшалығының құрылуы.

55.

1861-1865 жж.

– АҚШ-тағы азамат соғысы

56.

1871 ж.

– Версальда Герман империясы құрылуының жариялануы.

57.

1871 ж.

– Париж коммунасы.

58.

1882 ж.

– Германия, Австрия-Венгрия және Италия араларындағы Үштік Одақтың құрылуы.

 

Ресей

59.

1682-1725 жж.

– І Петрдің патшалық етуі.

60.

1700-1721 жж.

– Солтүстік соғыс.

61.

1861 ж.

– Ресейде басыбайлылық құқықты жою туралы манифест.

62.

1905-1907 жж.

– Алғашқы орыс буржуазиялық-демократиялық революциясы.

 

Қазіргі заман

63.

1914-1918 жж.

– Бірінші дүниежүзілік соғыс.

64.

1917 ж.

– Ресейдегі Ақпан революциясы мен Қазан социалистік революциясы

65.

1919 ж.

– Париждегі бейбітшілік конференциясы.

66.

1921-1922 жж.

– Вашингтон конференциясы.

67.

1922 ж.

– КСРО-ның құрылуы.

68.

1923 ж.

– Түркия Республикасының құрылуы.

69.

1929-1933 жж.

– Әлемдік экономикалық дағдарыс.

70.

1933 ж.

– Германияда фашистік диктатураның орнауы.

71.

1937 ж.

– Жапонияның Қытаймен соғысының басталуы.

72.

1938 ж.

– Германия, Ұлыбритания, Франция және Италия арасындағы Мюнхен келісімі.

73.

1939 ж.

– Өзара шабуылдаспау туралы КСРО-Герман пактісі мен құпия хаттамасы.

74.

1939-1945 жж.

– Екінші дүниежүзілік соғыс.

75.

1941 ж.

– Германияның КСРО-ға шабуылы.

76.

1942-1943 жж.

– Сталинград шайқасы.

77.

1942 ж.

– Әл-Аламейн (Египет) шайқасы.

78.

1943 ж.

– Курск шайқасы.

79.

1943 ж.

– Тегеран конференциясы.

80.

1945 ж.

– ІІ Дүниежүзілік соғыста Германия мен Жапонияның жеңілуі.

81.

1947 ж.

– Трумэн Доктринасы, "Маршалл жоспары".

82.

1949 ж.

– НАТО-ның құрылуы.

83.

1950-1953 жж.

– Кореядағы соғыс.

84.

1955 ж.

– Варшава шартына қол қою.

85.

1956 ж.

– Суэц дағдарысы. Египетке қарсы үшжақты басқыншылық.

86.

1958 ж.

– Францияда бесінші Республика Конституциясын қабылдау.

87.

1961 ж.

– КСРО азаматы Ю.А. Гагариннің ғарышқа алғашқы ұшуы.

88.

1962 ж.

– Кариб дағдарысы.

89.

1963 ж.

– Жерде, суда және ауада ядролық сынақтарды өткізбеу туралы Мәскеу шарты.

90.

1965-1973 жж.

– АҚШ-тың Вьетнамдағы соғысы.

91.

1968 ж.

– Варшава Шартына қатысушы елдердің Чехославакияға әскерлерін енгізуі. "Прага көктемі".

92.

1971 ж.

– Бангладеш мемлекетінің құрылуы.

93.

1975 ж.

– Хельсинкидегі қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі Еуропа Кеңесінің Акті.

94.

1979 ж.

– Иранда шахқа қарсы революция.

95.

1979-1989 жж.

– Ауғанстанға КСРО қарулы күштерін енгізу.

96.

1980-1988 жж.

– Ирак-Иран соғысы.

97.

1991 ж.

– КСРО-ның ыдырауы.

98.

1992 ж.

– Еуропалық Одақтың (ЕО) құрылуы.

99.

2001 ж.

– Шанхай ынтымақтастық ұйымын құру туралы мәлімдеме.

100.

2008 ж.

– Пекин Олимпиадасы.

 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары