Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов министрлік аппаратының жиналысында грантпен оқитын студенттер үшін ЖОО-дағы оқу ақысы жүйесіндегі жоспарланған өзгерістер және оларға стипендия төлеу шарттары туралы айтты.
Оның айтуынша, енді студент, магистрант, докторанттардың стипендиясы олардың арнайы шотына тікелей түседі. Шәкіртақыны төлеу функциясын стипендия операторына айналатын қаржы орталығы жүзеге асырады. Осылайша, ақша университеттерге жіберілмейді және олардың шотына түспейді.
Білім министрі екінші қадам грант студенттерінің оқу ақысын төлеу үшін осындай жүйені қолдану болатынын атап өтті.
"Грант – студент ұтып алатын қаражаттың мақсатты мөлшері. Алайда бұл қаражат ол оқитын университетке аударылған кезде, студент мемлекет оған ақша төлеп жатқанын және өзінің тегін оқып жатпағанын сезбейді. Студент грантты ұтып алғанын, бірақ мемлекет ол үшін ай сайын қаражат аударып тұрғанын білуі керек. Қазір біз ақша тікелей студенттің есепшотына түсуі үшін жұмыс істеп жатырмыз, бірақ студент бұл қаражатты тек университет ақысын төлеуге жұмсай алады", – деді Асхат Аймағамбетов.
Сонымен қатар, министр жиында білім беру мекемелеріндегі қауіпсіздік мәселесін көтеріп, мектептегі қауіпсіздік шараларын қолға алуды тапсырды. Оның айтуынша, білім беру мекемесіне баласын жіберген ата-ана оның қауіпсіз жерде екеніне сенімді болуы тиіс.