Тікелей эфир

Бүгін салықтық рақымшылық жасау туралы заң күшіне енді. Рақымшылыққа ілігу үшін не істеу керек?

Сурет informburo.kz
Сурет informburo.kz
Салықтық рақымшылық туралы заңға кімдер ілігеді? Бай да, жарлы да рақымшылыққа іліге ме? Салықтық берешегіңіздің бар-жоқтығын қалай білесіз?

12 шілде Үкіметте өткен баспасөз мәслихаты жеке тұлғалардың салықтық қарызын төлеуге рақымшылық жасауға арналды.

Жеке тұлғалардың салықтық борышын кешіретін заң күшіне енді


Қанат Байеділов

ҚР Қаржы вице-министрі Қанат Баеділов / Сурет informburo.kz


Бүгінгі таңда салықтық рақымшылық беретін заңға Мемлекет басшысы 4 шілдеде қол қойды және ол 5 шілдеде ресми жарияланды. 16 шілдеден, яғни бүгіннен бастап қолданысқа енгізіледі.

– Салықтық рақымшылық қағидалары Қаржы министрінің бұйрығымен бекітілетін болады және жақын арада барлық аумақтық мемлекеттік кірістер департаменттерінің назарына жеткізіледі, – деді вице-министр Қанат Баеділов.

Салықтық берешек мөлшері

Вице-министрдің айтуынша, 2019 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша:

  • Салықтық қарызы барлар – 1,4 млн жеке тұлға;
  • Жалпы борышы – 20,9 млрд теңге;
  • Оның ішінде негізгі борыш - 14,3 млрд теңге;
  • Есептелген өсімпұлдар – 6,6 млрд теңге.
Осы 6,6 млрд теңгені кешіруді жоспарлап отыр.

Салықтық қарыздың басым бөлегі көлік құралдарына тиесілі

Министрлік өкілінің айтуынша:

  • Жалпы борыштың 70% (14,4 млрд тенге) салық авто транспорттікі;
  • 12% (или 2,5 млрд тенге) – жерге қатысты салық;
  • 6,7% (или 1,4 млрд тенге) – мүліктік салық.

Қай өңірде борышкер көп?

  • Шымкент қаласында – 148 мың адам;
  • Түркістан облысында – 139 мың адам;
  • Жамбыл облысында – 116 мың адам;
  • Нұр-Сұлтан қаласында – 114 мың борышкер бар.

Салықтық қарыз көп өңір:

  • Алматы қаласы – 5,5 млрд теңге;
  • Нұр-Сұлтан қаласы – 2 млрд тенге;
  • Маңғыстау облысы – 2 млрд теңге;
  • Шымкент қаласы – 1,6 млрд теңге қарызы бар.

Салықтық рақымшылыққа қымбат көлік иелері де ілігеді

– Салықтық қарызы бар 1,4 млн жеке тұлғаның барлығы ілігеді. Оның ішіне, Қазақстанда тіркелген көлік қана бар. Ал шетелде тіркелген көліктерге қатысты салықтық берешек рақымшылыққа ілікпейді, – деді Олжас Отар.

Олжас Отардың айтуынша, қымбат джип көлігіне салық төлемеген бақуатты адамдар да, тұрмысы төмен отбасылар да жер және көлік құралдары үшін бірдей салықтық рақымшылыққа ілігеді.

Сонымен бірге кәсіпкерлік қызмет салықтары бойынша берешегі бар жеке тұлғалардың да рақымшылыққа ілігу мүмкіндігі бар.

Бұл жерде көрсетілген берешектің 2002-2003 жылдары салық органдарының жергілікті жүйеден жалпы республикалық салықтық ақпараттық жүйеге (БСАЖ) көшуі кезінде пайда болғанын айтып өткен жөн.

2019 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша сомасы 700 млн теңгеге, оның ішінде негізгі борыш – 400 млн теңге, өсімпұл – 300 млн теңге болатын мұндай салықтық берешек 16 мыңнан астам жеке тұлғада болған.

Сот орындаушыларына жіберілген борышкерлер де рақымшылыққа ілінеді. Қалай?

ҚР Қаржы министррлігі Жұртшылықпен байланыс басқармасының басшысы Олжас Отар:

– Біз "Жеке тұлғаларға салықтық рақымшылдық жасау туралы" тапсырмасы түскен күннен бастап ешкімді салық төлемегені үшін сотқа жібермеуге тырыстық.

Ал одан бұрын салықты уағында төлемеген жағдайда бұйрық шығарып, сот орындаушыларына жіберіліп қойған болса олар енді салық бойынша негізгі қарызын төлесе болды. Айыппұл мен өсімпұл кешіріледі, – деді.


Олжас Отар

Олжас Отар / Сурет informburo.kz


Министрлік өкілдері бұдан бұрын да екі рет салықтық рақымшылық жасағандарын айтты.

Салықтық борышқа қатысты өсім неге тым көп?

Жалпы 20,9 млрд теңге салықтық қарыздың 6,6 млрд теңгесі өсімі. Өсім неге көп?

Бұл сұраққа Қанат Баеділов кей азаматтардың бірнеше жыл бойы салықтарын төлемеуімен түсіндірді. Қанат мырзаның айтуынша, 5-7 жылдан асса да салықты төлемей жүрген азаматттар бар. Ал салықты уағында төлемегені үшін әр күні өсімпұл қосылып отыратындықтан салықтық қарызынан өсімі көп болып кететін жағдайлар да бар.

Берешегі бар қанша адамға шетелге шығуға тиым салынады?

Оған қатысты Олжас Отар:

– Берешегі 20 айлық есептік көрсеткіштен (2525 теңге) аспайтындарға шетелге шығуға шектеме қойылмайды. Яғни, берешегіңіз 50 500 теңгеден аспаған болу керек, – деді.

Айыппұлдар мен өсімпұлдар қалай кешіріледі?

Қанат Баеділов:

– Негізгі және іс жүзінде айыппұлдарды жоюдың жалғыз шарты – жеке тұлғаның салық бойынша негізгі қарызды төлеуі.

Салық төлеушілерге ешқайда барудың қажеті жоқ. Мемлекеттік кіріс орындары өздері жеке тұлғалардың жеке шоттарын бақылайды және негізгі борышты төлеген кезде үш күннен кешіктірмей айыппұлды (өсімпұлды) жою туралы тиісті шешім қабылдайды.

Қорыта келе, 2019 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша салықтық берешегі бар барлық азаматтарды мемлекет тарапынан жүргізілейін деп отырған салықтық рақымшылықты тиімді пайдалануға шақырамын, – деді вице-министр.

Вице-министрдің айтуынша, егер салық төлеуші биыл өткен жыл үшін негізгі борыш пен салықтар бойынша өсімпұлды төлеп қойған болса, ол соманы қайтарып ала алады. Ол үшін арнайы мемлекеттік кірістер басқармасына барып өтініш жазады немесе Салық төлеушінің кабинеті арқылы электронды түрде жібере салса болды.

Салықтық рақымшылық 2019 жылдың соңына дейін жалғасады.

Төленіп қойған өсімпұлды қайтарып алу үшін не істеу керек?

Мәселен, өткен жылы өсімпұлды алдын ала төлеп тастаған азаматтар рақымшылыққа іліге ме?

Қанат Баеділов айтуынша, кей азамат рақымшылыққа қатысты заңды күтпей, негізгі борышқа қоса өсімпұл сомасын төлеп қойған.

– Көптеген азаматтар белсенді және адал. Кейбіреулері заңды күтпестен негізгі қарыз бен өсімпұлды алдын ала төлеп қойған. Рақымшылық мұндай адамдарға да қолданылады. Төленген өсімпұл сомасы қайтарылады. Қазір мұндай салық төлеушілердің саны мен сомасы анықталып жатыр, – деді вице-министр.

Вице-министрдің айтуынша, осындай азаматтар үшін 2019 жылдың басынан бері төленген пұлдарын анықтау жүріліп жатыр. Олар үшін тек өтініш жазуы керек. Сол өтініш негізінде рақымшылыққа ілігіп, өсімпұлды қайтарып ала алады.

2018-2019 жылдардағы мүлік және жер салығын қашанға дейін төлеп болу керек?

Олжас Отар:

– Салықты төлеу – міндет. Заңда солай көрсетілген. Сол үшін әр азамат жер және мүлік салығын уағында төлеулері керек.

Сонымен қатар Заңға сәйкес мүлік және жер салығын төлеу мерзімі 2018 жыл үшін 2019 жылдың 1 қазанына дейін. Ал көлік құралдарының салығын төлеу мерзімі 2019 жыл үшін 2019 жылдың 31 қазанын қоса алғанға дейін. Осы айтылған мерзім ішінде салықтарын төлеуге міндетті. Ондай болмағанда өсім қосылып отыратыны белгілі, – деді.

Олжас мырза салықты төлеу мерзіміне қатысты хабарлар үнемі таратылып келе жатқанын, халық саналы түрде салықты төлеуге міндетті екенін ескертті.

Салықтық берешегіңіздің бар немесе жоқ екендігін анықтау үшін мына сілтемеге кіріңіз. онда "Есебі мемлекеттік кірістер органдарында жүргізілетін берешегiнiң жоқ (бар) екендiгi туралы мәлімет" беріледі. Ол үшін жеке сәйкестендіру нөміріңіздің болуы жеткілікті.

1414 немесе 8-800-080-7777 нөмеріне хабарлассаңыз болады. Қоңырау шалу тегін.

Серіктестер жаңалықтары