Осылайша 200 миллион теңгені ұрлап кеткен. Бұл туралы ішкі істер министрінің орынбасары Марат Қожаев мәлімдеді.
"Интернеттегі жалған жарнаманы қолдана отырып, Ресей Федерациясындағы алаяқтар біздің азаматтарымыздың шоттарына қол жеткізе алады және қаражатты Ресейге электронды түрде жөнелткен. 200 миллионға жуық теңге аударылған. Бұл ақша Мәскеу, Санкт-Петербург, Уфа және тағы бірнеше қалаларда шешіп алынған", – деді Қожаев Мәжіліс отырысында.
Қазір Қазақстанның Ішкі істер министрлігі Ресейде 42 қылмыстық іс бойынша тергеу жүргізіп жатыр.
Ол бұл істердің ұзақ тергелуін бюрократиялық қиындықтармен байланыстырды.
"Біз Минск конвенциясына сәйкес осы ақшаны алғандардың түрлері бейнеленген видеоларды көрсетуді өтінген болатынбыз. Біздің органдар арасындағы келісім шаралары жүргізіліп болғанша, Бас прокуратуралар арасындағы шаралар атқарылғанша шамамен екі айдай уақыт өтіп кетті. Видеоларды сақтау мерзімі аяқталатын уақыт жақындап қалды және банктерде оларды сақтамайды екен", – деді Қожаев.
Мәжілісте қаралып жатқан ТМД елдерінің ақпараттық технологиялар саласындағы қылмысқа қарсы күрестегі ынтымақтастығы туралы заң жобасы осындай істерге тезірек жауап беруге мүмкіндік береді.
"Біз әріптестерімізбен деректерді өзгертуге жол бермеу үшін сақтау, ресми жауап алғанша қайтару немесе басқа жолдармен бұл ақпаратты шұғыл сұрату туралы келіссөздер жүргізе аламыз", – деді Қожаев.