Рецептісіз дәрі сатқан дәріханаларға айыппұл салынады
Астана қаласының тауар мен көрсетілетін қызмет сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысы С.Байғабыловтың айтуынша, жалпы елімізде үйде өздігінен емделетіндердің қарасы көбейген. Дәрігер жазып бермеген кей дәрі-дәрмектерді қабылдау өте қауіпті. Соған қарамастан адамдар интернеттің, таныстарының кеңестеріне жүгініп, антибиотиктерді, тіпті гармоналды дәрілерді ішуден қорықпайды.
– Әр адамның ағзасы бір дәріні әр қалай қабылдайды. Кейбір дәрілерді тек дәрігердің рецептісімен ішу керек, – дейді С.Байғабылов.
Қазақстанда дәрілік заттардың 7792 түрі тіркелген. Олардың 6033-і, яғни 77 пайызы дәрігердің рецептісімен, қалған 1759-ы рецептісіз сатылады. Рецепт бойынша микробқа қарсы және гармоналды препараттар, құрамында есірткі және психотроптық заттары бар дәрілік заттар, жүрек-қан тамырлары , асқазан-ішек жолдары ауруларын емдейтін дәрілер босатылады. Әртүрлі дәрумендерге, мұрынға арналған тамшыларға, сироптарға, шөптен жасалған шайға және шөптік жиындарға рецепт керек емес. Жыл басынан бері Елордада тексерілген 11 дәріхана иесі құқық бұзушылықтары үшін 2,2 млн айыппұл төлеген.
Қай кандидаттың шотында ақша көп?
Орталық сайлау комиссиясы таратқан мәліметке сүйенсек, сайлау қорына көп қаржы түскендердің тізімін қазіргі Президент Қ.Тоқаев бастап тұр. Оның қорына азаматтар мен ерікті ұйымдардан 624 824 570 теңге қаражат кеп түскен. 510 млн тенге кандидаттың өз ақшасы және "Нұр Отан" партиясы бөлген қаражат. Бүгінге дейін Қ.Тоқаевтың сайлау қорынан 380 961 484 теңге жұмсалған.
Сәдібек Түгелдің қорында кандидаттың өзінің және "Ұлы Дала Қырандары" РҚБ қаражаты 20 200 000 тенге бар. Ерікті қайырымдылықтан түскені – 102 272 000 теңге. Шығындары -76 623 819 теңге.
Жамбыл Ахметбековтың қорына еріктілерден 128 000 480 теңге түскен. Өзінің және Қазақстан Коммунистік Халық партиясының қаражаты - 310 млн теңге. Кандидат 382 241 613 теңге жұмсап тастапты.
Дания Еспаеваның шотына өзі де, "Ақ жол" партиясы да қаржы құймаған. Алайда қайырымды азаматтар оған 250 865 000 теңге салыпты. Сайлау алды жұмыстарына оның басым бөлігін (235 382 993 теңге) жұмсап үлгеріпті
Кәсіпордақтар федерациясы мен Амангелді Таспиховтың өзі сайлау қорына 3 200 000 теңге құйған. Еріктілерден бұларға 272 856 000 теңге түскен. Шығындары – 240 367 436 теңге.
Төлеутай Рахымбековтың шотында 94 290 300 тенге қайырымдылықтан түсеен қаражат бар. "Ауыл" партиясы кандидатының шотына 124 046 818 теңге салыпты. Үміткер қорындағы қаржының бәрін тауысып тастағанға ұқсайды (200 822 436 теңге).
"Ұлт тағдыры" партиясы мен Әміржан Қосановтың өз қаржысы есебінен қорға 76 млн тенге құйылған. Қайырымды азаматтар үміткердің шотына 35 974 855 тенге лақтырған. Басқа әріптестеріне қарағанда Ә.Қосановтың сайлауалды үгіттеу жұмыстарына аз ақша жұмсағаны байқалады (68 712 120 теңге)
Сайрагүл Сауытбай отбасымен Швецияға кетіп қалды
Бұл туралы оның қорғаушысы А.Омарова хабарлады. Айтуынша, Қытайдан атажұртына қашып келген С.Сауытбайға босқын мәртебесін беру туралы іс ұзаққа созылып кеткендіктен оған Швециядан баспана сұрап, БҰҰ-на құжаттары жіберілген. БҰҰ қандасымызға ерекше жағдай жасап, сот шешімін күтпестен жол жүру билетін берген. " Қытайдан қашып келгенде ата-жұрты пана бермесе де, дүние жүзінде ең дамыған мемкелет этникалық қазаққа есігін ашты! Сен нағыз қазақ екеніңді ұмытпа!" деп адвокаты А.Омарова әлеуметтік желіде жазба қалдырды.
2018 жылы С.Сауытбайға "Қытайдан Қазақстанға шекараны заңсыз кесіп өтті" деп айып тағылып, 6 ай шартты түрде бақылауда ұстау туралы жаза берілді. Осылайша сот оны Қытайға депортацияламай, Қазақстанда қалдырған. 4 қазан күні шыққан сот шешіміне сәйкес, С.Сауытбайға босқын мәртебесі, саяси баспана берілмей, бас тартылды. Кейін Сайрагүл аталған комиссияның шешімін заңсыз деп тану туралы талап -арыз берді. Бұл талап-арыз бойынша сот әлі жүріп жатыр.
Копенгаген халқының 50 пайызы велосипедпен жүреді
БҰҰ сарапшылары өзге елдерді Дания мемлекетінен үлгі алуға шақырды.
– Еуропа өңірлерінде көліктің ауаны ластауы салдарынан жыл сайын жарты миллиондай адам көз жұмады. Жол-көлік оқиғалары бір жылда 90 мың адамның өмірін жалмайды. Көшедегі көліктің шуынан 70 млн адам зардап шегіп отыр, – делінген ұйым таратқан хабарламада.
Тараз республикалық бюджетке байланған
Сот саласында әлсіздерге орын жоқ
Жоғарғы сот Төрағасы Ж.Асанов судьяларға арнаған үндеуінде осылай деді. Сот төрағасы судьялыққа кандидаттарды қатаң іріктеу күтіп тұрғанын хабарлады.
– Олар кейстік міндеттерді шешіп, эссе жазады. Жоғарғы Сот судьяларының алдынан әңгімелесуден өтіп, психологиялық тест тапсырады және басқа да талаптарды орындайды. Бұрын конкурста әрбір төртінші үміткер жеңсе, енді әрбір жиырмасыншы адам өтеді. Өздерін көрсете алмайтын әлсіз адамдарға тосқауыл қойылды. Енді конкурстар мемлекеттік орган мен бизнестің заңгерлерін күтеді, – деп мәлімдеді ол.
Доллар тағы қымбаттады
Қазақстан қор биржасының бүгінгі сауда сессиясының қорытындысында АҚШ валютасы орташа бағаммен 383,94 теңгеге сатылды. Демалыс күнге қарағанда доллар тағы 1,38 теңгеге, бір аптаның ішінде 4 теңгеге қымбаттады.
Алматы әуежайынан орындықтар алынып тасталды
Бұл туралы Мәжіліс депутаты И.Смирнова Facebook-тегі парақшасында жазды. Сәлден кейін Алматы әуежайының әкімшілігі депутаттың сөзін растады. Айтуларынша, күту залындағы орындықтар халықтың наразылығына байланысты алынып тасталған.
Халық тіркеу залындағы орындықтарда таксистер мен бомждар түнейтінін айтып, шағымданған. "Қазір орындықтар қалдырылған (халықаралық және ішкі рейстерге тіркеу және жолаушыларды жинайтын аймақта) аймақты тиімді ету, тіркеу өтетін жерді кеңейту жағы қарастырылып жатыр" деп хабарлады әуежайдың баспасөз хатшысы Н.Соколова.