Astra Card-тың 3 түрі бар:
- Жеңілдігі бар карта;
- Мектеп картасы;
- Толықтыруға болатын карта.
Жеңілдігі бар көлік картасын алу үшін:
Нұр-Сұлтан әкімдігінің iKomek 109 бірыңғай байланыс орталығына хабарласып, операторға жеке сәйкесендіру номерін (ЖСН) айту қажет. Оператор базадан атаулы көлік картасын алушылар тізімін тексеріп, сіздің бұл карта түрін алуға құқығыңыз бар-жоғын анықтайды. Егер жеңілдігі бар көлік картасын алушылар қатарында болсаңыз, картаны алудың екі жолы бар:
- www.transcard.kz сайтында онлайн-өтінім қалдыру арқылы. Карта дайын болған кезде, электрондық поштаңызға хабарлама келеді. Бұл жағдайда дайын картаны Орталық кассадан алу қажет.
- Орталық кассасында картаға тапсырыс беру. Бұл ретте өзіңізбен бірге жеке куәлік пен қоғамдық көлікте жеңілдікпен жол жүру құқығыңызды растайтын құжатты алып бару қажет.
Орталық касса Р. Қошқарбаев даңғылы, 50/1-үй мекен-жайы бойынша орналасқан. Дүйсенбіден сенбіге дейін, сағат 9.00 – 18.00 аралығында үзіліссіз жұмыс істейді. Картаны бірінші рет жасату – тегін, қайта басып шығару құны – 400 теңге.
Оқи отырыңыз: Көлік салығын қалай төлеуге болады?
Мектеп көлік картасын алудың да екі жолы бар:
- www.transcard.kz сайтында онлайн-өтінім қалдыру арқылы. Карта дайын болған кезде, электрондық поштаңызға хабарлама келеді. Бұл жағдайда дайын картаны Орталық кассадан алу қажет.
- Орталық кассасында картаға тапсырыс беру. Бұл ретте өзіңізбен бірге жеке куәлік, баланың туу туралы куәлігі, мектептен анқытама және баланың 3х4 фотосын алып бару қажет.
Толықтыруға болатын картаны мамандандырылған кассалардан немесе RTVM-автоматтардан сатып алу мүмкіндігі бар.
Мамандандырылған кассалардың мекен-жайы мен жұмыс тәртібі
Мамандандырылған кассалардың мекен-жайы |
|
Жұмыс тәртібі |
Нәжімеденов, 10/2 ("ASTRA Parking" кеңсесі, 1-қабат) |
|
9:00 – 19:00 демалыссыз, үзіліс: 14:00 – 15:00 |
"Евразия" сауда үйі, Петров, 24 (Евразия-1, 3-қабат, № 26 бутигі) |
|
10:00 – 20:00 демалыссыз, үзіліс: 14:00 – 15:00 |
"Астаналық цирк", Қабанбай батыр, 5 |
|
10:00 – 20:00 демалыссыз, үзіліс: 14:00 – 15:00 |
"Өркен" БО, Бейбітшілік, 25, 1-қабат (орталық есіктен оң жақта), 113б бутигі |
|
10:00 – 20:00 демалыссыз, үзіліс: 14:00 – 15:00 |
Қошқарбаев, 50/1 |
|
9:00 – 18:00 ДС-СБ, үзіліссіз |
ТЖ вокзалы ("ескі" вокзал ғимараты), 2-қабат, №1 касса |
|
08:00 – 18:00 демалыссыз, үзіліс: 13:00 – 14:00 |
ТЖ вокзалы ("ескі" вокзал ғимараты), 2-қабат, №2 касса |
|
10:00 – 20:00 демалыссыз, үзіліс: 14:00 – 15:00 |
"Ақжайық" ТК, Мәңгілік Ел, 19/2 |
|
10:00 – 20:00 демалыссыз, үзіліс: 14:00 – 15:00 |
"Айтолқын" сауда үйі, Мүсірепов, 4/1 (№ 2 бутигі) |
|
10:00 – 20:00 демалыссыз, үзіліс: 14:00 – 15:00
|
Нұр-Сұлтандағы 30 RTVM-автоматтың мекен-жайы
- Гёте, 1, Теміржол вокзалы. 1-қабат, шағын күту залы;
- Қосшығұлұлы, 9 (188 көшесі), "Солтүстік" СҮ, орталық есіктің сол жағы;
- "Нұрлы Жол" вокзалы, соңғы автобус аялдамасынан кіреберіс;
- Сейфуллин, 47, "Астаналық" ("Артем" СҮ) базары, банк терминалдары орналасқан аймақ, 1-қабаттағы фойе;
- Сейфуллин, 47, "Астаналық" ("Артем" СҮ) базары, банк терминалдары орналасқан аймақ, 1-қабаттағы фойе;
- Республика, 26, "Сұңқар" СҮ, Халық банкінің жаны;
- Бөгенбай батыр, 69, "Шапағат" СО, орталық есіктің жаны;
- Абылай хан, 31, "Встреча" СҮ (орталық есіктен сол жақта);
- Абылай хан, 31, "Встреча" СҮ (орталық есіктен сол жақта);
- Абылай хан, 31, "Встреча" СҮ (орталық есіктен оң жақта);
- Абай, 48, "Жаннұр" СҮ орталық кіреберістің оң жағындағы көше алаңы;
- Петров, 1, "Орбита" СҮ (орталық есіктен сол жақта);
- Б. Момышұлы, 10, "Рахмет" СҮ, орталық кіреберістің оң жағындағы көше алаңы;
- Н. Тілендиев, 15, "Рахмет" СҮ, орталық есіктің оң жағындағы көше алаңы;
- Сарыарқа, 33, Мед. академияға қарама-қарсы аялдама пункті;
- Сарыарқа, 38, Мед. академия аялдама пункті;
- Сарыарқа-Сейфуллин қиылысы, Хабар агенттігі аялдама пункті;
- Сарыарқа-Сейфуллин қиылысы, Хабар агенттігі аялдама пункті ("Гурман" кафесінің жаны);
- Бараев (тақ жағы), Бараев көшесі аялдама пункті, Центркредит банкі жағы;
- Бараев (жұп жағы), Иманбаев бұрышы. "Бараев көшесі" аялдама пункті;
- Кравцов, Жастар шағын ауданы аялдама пункті (Жастар);
- Бараев (тақ жағы), Уәлиханов бұрышы, Жастар шағын ауданы аялдама пункті (Жастар);
- Мәңгілік ел даңғылы, Министрліктер үйі аялдама пункті, Бірінші қақпа;
- Министрліктер үйі аялдама пункті, Қонаев-Мәңгілік ел қиылысы
- Мәңгілік ел даңғылындағы аялдама пункті, Нұрлы Жол желекжолы мен Қонаев көшесінің арасы;
- Мәңгілік ел-Достық қиылысы, Министрліктер үйі, Екінші қақпа;
- Достық көшесі, "Санкт-Петербург" бизнес-орталығына қарама-қарсы аялдама пункті;
- "Азия парк" СОО, Қабанбай батыр, 21. 3-қабат, киноға кіру жаны;
- "Азия парк" СОО, Қабанбай батыр, 21. 2-қабат, банк терминалдарының жаны;
- Ғабит Мүсiрепов, 9Б.