Тікелей эфир

Астанадағы жаңа жылдық мерекелік қызықтар

Фото informburo.kz
Фото informburo.kz
Биыл жаңа жыл мерекесінде қазақстандықтар төрт күн қатарынан демалады. Осы күндері өтетін мәдени іс-шаралар көп, қапы қалмайын десеңіз, алдын-ала қамданыңыз.

Әне-міне дегенше, жаңа 2018 жыл есігімізді қаққалы тұр. Өткен, тауық жылғы болған барлық оқиғаларға салауат айтып, баршамыздың жаңа жылдан жақсылық күтетініміз жасырын емес. Мерекеге дайындаламыз. Қонақ күтеміз, қонаққа барамыз.

Дегенмен, қолыңыз қалт ете қалса деп, informburo.kz редакциясы оқырмандарына демалыс күндері қалада жоспарланған мерекелік іс-шаралар тізімін ұсынады.

Оқи отырыңыз: Малайзиядағы қазақ студенттері жаңа жылды қалай қарсы алады?

Баламен баратын қызық шаралар

Жаңажылдық Disney ертегілерін осы демалыс күндері тамашалауға мүмкіндік бар. Желтоқсанның 20-30 аралығында Қазақстандағы жалғыз Pixel шоуына куә бола аласыз.

Бұл жерде сізді, Tesla-шоу, үлкен неондық көпіршіктер шоуы, бойы үш метр аю, Нукося инновациялық селфи-роботы, Аяз ата және Ақшақармен сельфи, флешмоб және көптеген сыйлықтар күтеді. Билеттің құны 7500 теңге.

Оқи отырыңыз: Чикагода жаңа жылға дайындық қарқыны қандай? Фоторепортаж


Шара Rixos President Astana қонақ үйінде өтеді

Шоу Rixos President Astana қонақ үйінде өтеді / Фото techstocksonline.com сайтынан алынды


Ал балаңызды мультфильмдердегі кейіпкерлермен қауыштырамын десеңіз, 22-30 желтоқсан аралығында өтетін "Жаңа жылдық абыр-сабырды" көре аласыз. Миньондар мен цирк әртістері және көптеген сүйікті мультфильм кейіпкерлері балаңызды ертегілер әлеміне жетелейтін болады. Аяз ата мен Ақшақар шырша жағып, оны айналып ән де айтқызады.

Шара Қазмедиа орталығында өтеді. Билеттің бағасы 3500 теңге. Анықтаманы +7 701 263 55 57, +7 707 300 07 90, +7 7172 94 08 66 телефондары бойынша ала аласыз.

Оқи отырыңыз: Қазақша жыл қайыруды білесіз бе?

Ертегілер әлеміне саяхат...

Осы күндері өтетін Гравити фолзбен квест ойынын ойнап, тәтті жеп, қағаз дискотекаға қалуыңызға болады. Бұл жерде де Аяз ата мен Ақшақар болады. Шарадан фото-видео есеп те ала аласыз. Кіру ақысы – 5 мың теңге. Өтетін орны – Баянтау көшесі, 55 мекен жай. Сұрақтарыңыз болса, +7 775 15 777 99 телефон номері бойынша жауабын алуыңызға болады.

Ғарыштан келген өзге ғаламдықтың жаңа жылдық оқиғалары 18-27 желтоқсан аралығы көрсетілді. Тв-шоу форматында өтетін интерактивті спектакльді көргіңіз келсе, асығыңыз. Декорациясы әдемі ойын-сауық кеш арнайы эффектілерге толы және лазерлік шоу-бағдарламалармен қатар жүреді. Кіру ақысы – ата-анасы мен балаға 5 мың теңге. Қазмедиа орталығында өтеді. Анықтама телефоны: +7 775 777 03 36.

Оқи отырыңыз: Жаңа жылда Алматыда жер сілкіне ме?

Сонымен қатар, желтоқсанның 30-на дейін джунглидегі квест ойындары, динозаврлармен ойнау, кәсіби аниматорлармен, Аяз ата мен Ақшақармен бірге билеу балаңыздың есінде қалар бақытты шақ болары сөзсіз. Билеттің құны 4500 теңге. Өтетін орны Қорғалжың тас жолы, 2. Анықтама телефондары +7 701 263 55 57, +7 707 300 07 90, +7 7172 94 08 66.

Ертегіге ерте барыңыз

Таңғажайып ертегілер әлеміне енгіңіз келсе, 25 желтоқсан мен 31 қаңтар аралығында М.Горький атындағы орыс драма театрында М. Непряхинаның "Маша Серый және Потапыч" ертегісін көре аласыз. Басталуы 10:00, 12:30, 15:00 және 17:30.

25-30 желтоқсанда Қ.Қуанышбаев атындағы қазақ драма театры А.Салбановтың "Ойыншықтар оянғанда" ертегісін көрсетеді. Басталуы: 9:30, 12:00, 14:30, 16:30.

Дәл осы күндері "Жастар" театры Дж. Родаридің "Чиполлиносын" сахналайды. Басталуы 10:00,13:00,15:00. Сонымен қатар сағат 10:00,13:00,15:30-да, театрда "В новогоднем вихре сказок" ертеңгілігі өтеді деп жоспарлануда. Ал сағат кешкі 18:00 де балалар "В замке Дракулы" дискотекасына бара алады.

Тегін кино көргіңіз келсе...

29 желтоқсан күні аңызға айналған "Укрощение строптивого" фильмінің көрсетілімі "P.S" киноклубында тегін. Басталуы сағат 19:30. Анықтаманы +7 701 553 58 13, +7 708 777 88 73 телефон номерлері арқылы біле аласыз.

Көрмені көрмей кетпеңіз

2017 жылғы 22 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде "Уақыт және Астана: Болашақтан кейін" ("Time & Astana: After Future") атты заманауи өнер көрмесі ашылды.

Көрме – "Artcom" шығармашылық коммуникациялық платформасының бастамасымен жүзеге асып жатқан "ArtСollider – Өнер ғылыммен кездескен кезде" атты жоба шеңберіндегі суретшілердің, сәулетшілердің, философтардың, антропологтардың, әлеуметтанушылардың, биологтардың бірігіп жасаған еңбегінің нәтижесі.

Көрмеде 25 қатысушының инсталляция, фото, видео-арт, перформанс, кескіндеме туындылары назарға ұсынылады. "Уақыт және Астана: Болашақтан кейін" көрмесі – бұл қаланы арқау ете отырып, уақыт ұғымын көркемөнер арқылы зерттеу, өзара ықпалдасуға мүмкіндік болатын тіреуді табуға талпыныс.

Көрме 2018 жылғы 21 қаңтарға дейін жалғасады.

Қазақстан суретшілерінің "Алтын ғасыр" жылжымалы көрмесі 29 қарашадан 18 қаңтарға дейін өтеді. Көрмені Has Sanat галереясында тамашалай аласыздар.

Дәл осы жерде өтіп жатқан Лейла Мақаттың "Мен мұндамын" көрмесі 30 қарашадан 25 қаңтарға дейін жалғасады.

Тәуелсіздік сарайындағы үш көрме

25-31 желтоқсан аралығында Тәуелсіздік сарайында қатарынан бірнеше көрме қойылады. Олар: Мұхтар Байбосыновтың "Ұлы музыканттарға құрмет" жеке, Жанна Спунердің коллекциясынан құралған "Кеңістіктегі қозғалыс" көрмелері және "Елбасы арманы – асқақ Астана" фотокөрмесі.

Ән-кештерден қалмаңыз

28 желтоқсанда, сағат 19:00-де Иса Пайғамбардың туған күніне арналған кездесулер концерттік кеші ұйымдастырылады. Көпшіліктің назарына камералық вокалды және аспаптық "Академия" ансамблінің орындауында танымал композиторлардың шығармалары ұсынылады.

Кеш Қазақстан орталық концерттік залында өтеді. Вивальди, В.А. Моцарт, Ф.Шопен, Ф.Шуберт, В. Беллини және басқа да композиторлардың шығармалары орындалады. Билеттің құны –1000 теңге.

Осы күндері Бейбітшілік және Келісім сарайында көрермендерге алғашқы жаңажылдық "The Snow man show" триллерін ұсынады, ЭКСПО аумағында 18 ақпанға дейін созылатын "Astana Winter Land" қысқы фестивалі жалғасын табады.

27 желтоқсан күні "Астана" концерт залында "Magic moment" камералық хор концерті, "Астана операда" "Травиата", 28 желтоқсанда "Барлық кезеңдегі әуен" концерті, 30, 31 желтоқсанда "Астана операда" П.Чайковскийдің "Щелкунчик" балеті қойылады.

Мәскеуден DJ MEG келеді

29 желтоқсанда, сағат 20:00-04:00 аралығында "New year on the beach" кеші өтеді деп күтіледі. Кеште елорданың ең үздік диджейлері мен әлемдік деңгейдегі жұлдыз мәскеулік DJ MEG өнерін көрсетпек.

Мерекелік шара Ailand отбасылық демалыс орталығында өтпек. Билеттің құны 10 мың теңге. Анықтама телефондары +7 705 250 11 11, +7 7172 24 22 22.

ЭКСПО аумағындағы амфитеатр мен қала алаңында жаңа жылдың соңғы күні қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерт өтеді. Басталуы кешкі 21:00.

Ал, 31 желтоқсаннан бірінші қаңтарға қараған түнгі 12-де

Есіл жағалауы мен ЭКСПО аумағы, Абылайхан қиылысындағы гүлзар мен Пушкин көшесінде мерекелік отшашуды тамашалауға болады.

Аяз ата мен Ақшақардың үйіне бару

25 желтоқсаннан бастап Аяз Ата мен Ақшақардың резиденциясы жұмысын бастады. Сегізінші қаңтарға дейін Елорда саябағының аумағындағы ерекше үйде барлық келушілерді Аяз ата, Ақшақар мен Олаф есімді көңілді аққала қарсы алады. Келушілер Аяз атаның үйінде естелік фотоға түсе алады.


Балақайлар Аяз атаға тақпақтары мен әндерін айтып, өзіне тиесілі тәтті сыйлығын алды

Балақайлар Аяз атаға тақпақтары мен әндерін айтып, өзіне тиесілі тәтті сыйлығын алды / Фото inform.kz сайтынан алынды


Балалардың көңіл-күйін көтеруге арналған ойын-сауықтың бұл түрі тегін екендігін атап өткен жөн.

Бұл жер жұмыс күндері сағат 18:00-ден, демалыс күндері сағат 12:00-ден бастап ашық болады.

Мұз айдыны мен сырғанақ келушілер үшін тегін

Астаналық саябақта алғаш рет елорда тұрғындары мен қонақтарына арналған ойын-сауықтар мен қысқы демалыс ұйымдастырылған.

Қызықты демалысты ұнататындар үшін үлкен мұз айдыны, биік сырғанақ пен "Bubble tab" қысқы аттракцион жасалған.

Сонымен қоса, коньки, тюбинг және шананы жалға беру орны, стационарлық дәмхана мен мейрамхана жұмыс істейді. Астаналық саябақ елорда тұрғындары мен қонақтарын асыға күтеді.

"Саябақтағы сырғанақтың биіктігі – 4 метр, ал сырғанау жолы 50 метрден асады. Мұз айдынының көлемі – 600 шаршы мер, айналасында ағаштар бар, кешкі және түнгі уақытта жарық беріліп, керемет романтикалық атмосфера сыйлайды", – делінген Астана қаласының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының хабарламасында.

ЭКСПО-да ақылы

Астаналық коньки тебушілер үшін ЭКСПО-2017 аумағында да мұз айдыны ашылған.

Ауданы 4 мың шаршы метрге жететін жаңа мұз айдынында бір мезгілде 700 адамға коньки тебуге мүмкіндік жасалған.


ЭКСПО-2017 аумағындағы мұз айдыны адам көп баратын орындардың біріне айналды

ЭКСПО-2017 аумағындағы мұз айдыны адам көп баратын орындардың біріне айналды / Фото informburo.kz/


Мұз айдыны күнделікті сағат 12.00-ден 23.00-ге дейін, ал демалыс күндері сағат 10.00-ден 23.00-ге дейін жұмыс істейді. Кіру билетінің құны 1000 теңге, зейнеткерлер мен оқушыларға 500 теңге, ал алты жасқа дейінгі балаларға тегін.

Сенбі-жексенбі күндері елорданың ең ірі ашық мұз айдынына кіру билетіне 50 пайыз жеңілдік қарастырылыпты. Сондай-ақ, мұнда конькиді қайрау және жалға беру қызметі ұсынылады.

Мұздағы жаттығу құрылғысы, 300 орындық трибуна, жылы киоскілер бар. Бұл коммерциялық жобаны астаналықтар мен қала қонақтары үшін "Mega Ice" компаниясы жасаған.

Селфи-шыршаға құттықтау жіберуді ұмытпаңыз

Астанада әлемнің кез-келген түкпірінен құттықтау жолдайтын селфи-шырша орнатылды.

Инновациялық медиаселфи-шырша Сарыарқа ауданының алаңында тұр. Ерекшелігі оған құттықтау жазылған селфи жіберуге болады.

Құттықтау жіберу үшін selfi.kz сайтына өз суретіңізді жүктеп, мәтінін жазуыңыз керек. Сайтта қолданушыларға суреттері ашық жарияланатыны туралы, сонымен қатар былапыт сөздер мен фотолар жібермеуі ескертіледі.

Серіктестер жаңалықтары