Тікелей эфир

"Астана Опера" театрының директоры: Алдағы маусымдарда репертуарды ұлттық қойылымдармен байытамыз

ХІ маусым "Абай" операсымен ашылады.

"Астана" Опера" директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ғалым Ахмедьяров театрдың баға саясаты мен ХІ маусым репертуарының ерекшеліктері туралы әңгімеледі. 

– Ғалым Алғиұлы, Астанаға ел өңірлерінен адамдар өте көп келеді, олардың кейбірі театрға дресс-код сақтап қана кіруге болады және билеттердің бағасы аса қымбат деген ойда. Осы рас па?

Театрдың баға саясаты барынша оңтайлы десек болады, спектакль билеттері қымбат емес, әсіресе қазіргі демалыстан кейінгі кезеңде. Мысалы, қыркүйек айында Күләш Байсейітова атындағы камералық залдағы концерттерге билеттер шамамен 3 мың теңге тұрады, сондай-ақ театрымыздың үлкен залында өтетін спектакльдердің бағасы да әбден қолжетімді. Дресс-кодқа келер болсақ, бұл да қате пікір, біз тілек білдірушілердің бәрін қуана қарсы аламыз, әрине, егер адамдар әдемі киініп келсе, құптаймыз, осы арқылы олар, ең алдымен, өздеріне мереке жасайды ғой.

Қазір қандай спектакльдерге баса мән беріледі?

Алғашқы жылдары біз репертуарымызды классикалық қойылымдармен толықтыруға белсене күш салдық, өйткені "Астана Опера" – бұл классикалық театр, әлбетте, ұлттық репертуарды да назардан тыс қалдырмадық. Қазір, керісінше, репертуарды ұлттық спектакльдермен байытуға жұмыс жасаудамыз. Алдағы маусымдарда бұл іс еселене түспек. Алайда мынаны түсіну керек: біз қойылымдарды "қалыпқа" салмай, қазақ музыка мәдениетінің алтын қорына енген ұлттық туындыларға өте мұқият қараймыз және оларды әлемдік деңгейде басқа театрлардың жұмысын қайталамайтын бірегей көзқарас тұрғысынан қоямыз.


Оқи отырыңыз: Кореялық K-pop әртісі Kisu: Алматының ұнағаны соншалық, осында бейнебаян түсіргім келеді


11-ші театр маусымы немен ашылмақ?

Ұжым Ахмет Жұбанов пен Латиф Хамидидің әйгілі "Абай" операсын ұсынбақ. Бұл опера бүкіл әлемге түсінікті әрі сұранысқа ие болатындай етіп қойылған. Театр осы қойылым үшін ең жоғары марапат – Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығын алған.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары