Тікелей эфир

Астана мен Алматыда рубль сатылымы екі есеге азайыпты. Жаңалықтарға шолу

Парламент Палаталарының бірлескен отырысы 2 қыркүйекте өтеді. Дәрігерлер тісті құртатын он азық-түлікті атады

Қазақстандықтардың 90 пайызы интернеттегі әлеуметтік желілерге тіркелген

Әлеуметтік зерттеу нәтижелері көрсеткендей, қазақстандықтардың тек 10,6%-ы ешқандай әлеуметтік желілерде тіркелмеген.

Вконтакте – барлық жағынан елдегі ең танымал желілердің болып отыр. Оған 1,8 млн қазақстандық тіркелген. Рейтингтің екінші және үшінші қатарында Instagram және Мой Мир тұр. Facebook сәл артта қалған.

Сарапшылар әлеуметтік желілерде, форумдарда және блогтарда жарияланған ақпаратқа халықтың сенім көрсеткіштерін талдады. Сауалнамаға қатысқан азаматтардың 16,54% -ы толықтай сенетінін, 65,28% -ы анда-санда сенетінін, ал тек 12,22% -ы мүлдем сенбейтіндерін айтыпты.

Астанада "Жанұя" орталығы ашылды

Отбасылық қолдау көрсету орталығында азаматтарға психологтар, заңгерлер мен әлеуметтік қызметкекерлер кеңестерін тегін ұсынады. Орталық директоры Әйгерім Тәңірбергеннің айтуынша, мұнда "бір терезе" қағидаты бойынш мемлекеттік қызмет көрсетіледі.

Орталықтың "Open space" алаңы барлық қажетті қызметті біріктіреді. Атап айтқанда, астаналық тұрғындарға жұмыс табу, жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік бағдарламалар бойынша нақты және толық ақпарат алу мүмкіндігі беріледі.

Рубль сатылымы екі есеге азайыпты

2019 жылдың қаңтар-маусым айларында еліміздің валюта айырбастау бекеттерінде сатылған Ресей валютасының құны 307,7 млрд теңгені құраған. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 16,8%-ға аз.

Рубль сатудан Ресеймен шекаралас аймақтар (Шығыс Қазақстан, Қостанай және Павлодар облыстары) көш бастап тұр. Ал, Астана мен Алматыда нетто сатылым көлемі екі есеге азайған.

Парламент Палаталарының бірлескен отырысы 2 қыркүйекте өтеді

ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасы Нұрлан Нығматулин ҚР Парламенті Палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы Өкімге қол қойды. "Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен отырысы 2019 жылғы 2 қыркүйекте сағат 11-де Нұр-Сұлтан қаласында шақырылсын" делінген құжатта.

Қазақстанда тұңғыш рет қоян-қолтық ұрыстан әлем біріншілігі өтті

Тартысты додада әлемнің 7 елінен 14 пен 21 жас аралығындағы 200-ге жуық жасөспірім бақ сынасты.

Медальдар саны бойынша турнирдің алғашқы үштігіне Ресей, Қазақстан және Өзбекстан командасының спортшылары кірді. Жалпы қазақстандық жасөспірімдер 7 алтын, 18 күміс және 47 қола жүлде иеленді.

Павлодарда экс–полицей 8 жылға сотталды

Оның кесірінен 31 жасар павлодарлық Асхат Әбілов 2018 жылдың жазында терезеден секіріп өлген еді. Сотталған экс полицей одан ақша бопсалап, үйін тартып аламын деп қорқытып, қоңырау шалған. Ішкі істер органының бұрынғы қызметкерін ақша бопсалау және өлімге дейін жеткізгені үшін айыпты деп танылып, 8 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сотталған полицей жәбірленген тарапқа 2 млн теңге моральдық шығынын өтеп береді.

Қазақстандық БАҚ не жазды:

Qamshy.kz: БҚО-да 100-ден аса мал өртенді.Өрт 24 тамыз күні сағат түнгі үштер шамасында Жаңақала ауданындағы жеке шаруашылықта аумағында болған. БҚО ТЖД зілзала қауіптерін азайту және азаматтық қорғау саласындағы бақылау басқармасының басшысы Ерлан Түрегелдиевтің айтуынша, өрт салдарынан 100-ден аса қой ешкі малы және сегіз ірі қара қырылған. Сонымен қатар, 162 тонна шөп өртенген. Өрт аумағы - 2450 шаршы метрді қамтыған. Нақты сандары анықталып жатыр. Қасақана өрт қойған деген болжам бар. Материалдық шығын мен кінәлілер іздестіріліп жатыр.

ews.kz: Дәрігер тісті құртатын он азық-түлікті атады. Тіс эмалінің басты жауы – газдалған сусындар. Оның құрамындағы қант ауыз қуысындағы зиянды микрофлораны қоректендіреді. Мұз кәмпит, карамель, ирис және сағыз да өте қауіпті. Олар ауыз қуысында тіс жегінің таралуына әкеп соғады. Күнделікті жейтін ботқа да тісті құртатын өнімдердің қатарында. Бұл тағамның қалдығынан тіс жегі пайда болады. Тізімге, бұдан бөлек, шала қуырылған жұмыртқа мен уылдырық, кептірілген жеміс енген. Олар тіске жабысып, тіс арасында қалып қояды. Мамандар бұл тағамдарды жеген соң, міндетті түрде тісті тазалауға кеңес береді.
Серіктестер жаңалықтары