Тікелей эфир

Ақпараттық соғыста Қытай неге ұтылып жатыр? Қазақстанға одан пайда бар ма?

Jorge Silva/Reuters
Jorge Silva/Reuters
Қытайдың саяси және экономикалық жағдайы. Қытай кімнен қорқады? Қырғызстан Қытай билігіне қарсы шықты. Бізде ол мүмкін бе?

2018 жылғы Қытай мен АҚШ арасындағы сауда-саттық дауы біреуге майдай жақса, біреуге кәдімгідей салмақ салды.

Жалпы, Қытайдың қуатты экономикасы туралы әркім әр түрлі айтқанмен, АҚШ-пен 2-3 айлық кішкентай текетіресте 30 млн-ға жуық компаниясының 6 миллиондайы анық құлады дейді кейбір сарапшылар. Миллиардер Ма Юн (Джек Ма) да "Бұл – Қытайдың экспортқа бағытталған экономикасының кесірі" деп қатты сынаған еді.

Қытай саясаты мен экономикасының шындығы

Әлемнің екінші экономикасы саналатын Қытайдың сауда, өндіріс саласы мен үй-құрылыс базары қазір шайқалып тұр. Бұл туралы ғаламдық ақпарат жарыса жазып жатыр. Мыңдаған тұрғын үй кешендері сатылмай қалған.

Енді бір жағынан, Ши Жинпиң басшылығындағы Компартия Кеңес Одағы кезіндегі Сталиннің жолын таңдады. "Бір жол – бір белдеу" жобасын, "қытай арманын" бекемдеу үшін ішкі қайшылықтарды жою мен этникалық топтарды сіңіру мақсатында аяусыз жаныштауды жүргізіп жатыр. Тіптен, тибет пен моңғолды тұншықтырып болып, ұйғыр мен қазаққа қол салды. Осылайша Шыңжаң өлкесін ашық түрмеге айналдырды, жаңа технологияларды аңдып бақылауға мықтап пайдаланды. Жүздеген алып түрмені салды, ондаған миллион бақылау камераларын орнатты, 7-8 мың полиция бекеттерін құрды. Керек қылған адамын қалың нөпір арасынан жазбай танитын және соған барабар құрылғыларды қолданысқа енгізіп жатыр.


2019 жылы 25 қаңтар. Швейцария. Жорж Сорс

2019 жыл, 25 қаңтар. Швейцария. George Soros / The Guardian/ Fabrice Coffrini/AFP/Getty Images


2019 жылы 25 қаңтарда Швейцарияда өткен әлемдік экономикалық форумда сөйлеген миллиардер Жорж Сорос (George Soros): "Жасанды интеллектіні адамды бақылауға пайдаланып отырған Ши Жинпиңді ашық қоғамның ең қауіпті жауы" деп атаған, Қытайдың бір партиялық билігінің қазіргі сұмдықтарына әлемнің назарын аудару керек" деп санайды.

Үшіншіден, билік ішінде алауыздық асқынды. Мәселен, Қытай тағдырына қатысты саяси шешім қабылдайтын партия 19 құрылтайдың 4 жалпы мәжілісі үшінші рет кейінге шегерді. Яғни, Қытайдың билік элитасы екі-үшке жарылды. Әсіресе, АҚШ бастаған батыс елдерінің қысымы мен халық ішіндегі әлеуметтік жағдайдың нашарлауы, жұмыссыздықтың өсуі Ши төрағаның беделін түсіріп жіберді. Оған билік ішіндегі кландардың текетіресі қосылды.

Төртіншіден, қысым күшейген сайын қарсылық үдеп, қылмысын ашатын топтар көбейді. Қытай Шынжаңдағы саяси үйрену лагерлерін көрсетіп, ақталуға көшті. Бірақ, шақырылған қонақтарға батыс елдерінің адамдарын қоспай отыр.

Оқи отырыңыз: Қытай қаупі әлемдік тақырыпқа айналды. "Барлық бәле Қытайдан" деу дұрыс па?

Қытайға қарсылық

Бірінші, көршілерінің Қытаймен жер не теңіз айдыны бойынша территория таласы бар. Олар АҚШ, Франция бастаған батыс елдерінің қолдауымен ашық майданға шыға бастады. Мақсат – Қытайдың сауда, тасымал ісіне кедергі келтіру. Оған балама өндіріс кешендерін ашып, Қытайдан қашқан зауыттарға пана болғанын қосыңыз, яғни аузындағы майлы шелпекті жұлып әкетіп жатыр.

Екінші, АҚШ Ауғанстан мен Сириядағы әскерін шығарып, оны оңтүстік қытай теңізіне бағыттағанын көріп отырсыздар. Ауғанстаннан АҚШ әскері кете бастасымен Қытай тағы алаңдай бастайды. Себебі мазасыз аймақ қауіп төндіруі мүмкін.

Үшінші, мұнда еңбеккүш әзірге қымбат. Бірақ халық кедейленсе, ішер ас пен киер киімге ғана жетер ақша үшін өмір сүретін заман келе жатыр. Мемлекеттік монополия әділетті сауда мен кіші өндіріске мүмкіндік бермейді.

Ең маңыздысы, кезінде төбесі көк тіреген Кеңес Одағы да келмеске кеткен. Қытай билігінің алауыздығы мен халқының наразылығын шетелдік күштердің пайдаланары анық. Оның үстіне коммунистік биліктің қазіргі сорақылықтары әлемді алаңдатады.

Қытай ақпараттық соғыстан неге ұтылып жатыр


Расул Жұмалы

Расул Жұмалы / ФБ парақшасынан


– Экономикада, инвестиция мен саяси салада соңғы 30 жылда зор нәтижелерге жеткен елдің қазір кері кетті. Себебі, коммунистік авторитарлық жүйе басқарып отыр. Қытай билігі ешқашан қоғамның, халықтың мүддесімен санаспады. Керісінше өзге елмен байланыс жасауда саяси элитамен, үкімет және президентпен тікелей келісіп отырды, соларға сенді. Қалғанын жергілікті биліктің түсіндіруі мен көндіруіне қалдырады. Сол қателіктерін енді мойындап отыр, – дейді біз сөзге тартқан саясаткер Расул Жұмалы ағамыз.

Ал, саясаткер Дос Көшім бұнымен келіспейді. Яғни, Қытай ақпараттық шабуылды елең қылмайды деп қарайды:

– Қытай өздерінің ішкі саясатында "Батыс пен АҚШ елдері жаулық көзқараста" деген насихатпен келеді. Көптеген елдер идеологиялық тұрғыдан Қытайға бағытталған "ақпараттар шабуылына" қолдау білдірсе де, өзінің сауда жөніндегі қарым-қатынастарынан бас тартпайды.

Дегенмен әлемдік деңгейде "адам құқығын бұзушы", "фашистік концлагерді қайта тірілтуіші" деген айыптар Қытайдың беделін түсіреді. Сондықтан комиссия шақырып, саяси лагерлерді көрсетуге көшті.

Өмірхан Алтын, Германиялық құқық қорғаушы, сарапшы:

– Батыс елдерінің қысымымен Шынжаңдағы "саяси үйрену лагері" деп аталған түрмелерін көрсетуге мәжбүр болды. Тіптен, "Бақытты өмір сүруіне жағдай жасалған" деп спектакль қойды. Бұл – Қытайдың жеңілісінің бір белгісі.

Екінші, Қытай сауда және экономикалық қиындықтарға тап болды. АҚШ қойған шарттарға көніп, одан екі рет көлемді тауар сатып алды. Ал, ерікті сауда қатынасы мен зияткерлік меншік құқық мәселесін шешу үшін жүріп жатқан келіссөздер наурызға дейін бітуі керек.

Үшінші, соңғы жылдары жазалау лагерлерін мәжбүрлі еңбек алаңдарына айналдырып, қаржыларын қайтарып алғылары келеді. Бұған әлем халқы наразы.

Оқи отырыңыз: Қытайдың құпия лагерлерінің шынайы кеспірі. ВВС тілшісі зерттеуінің ізімен

Қытайға қысым күшейе ме?


Дос Көшім

Дос Көшім / ФБ парағынан


Дос Көшімнің пікірінше, бүгінгі жағдайда Қытайға қарсы ұйымдасқан түрде экономикалық қысым жасау жүзеге аспайды. Оған әр елдің өз бас ауруымен қатар Қытайда мүддесі болуы да ықпал етеді. Егер Қытайға нақты экономикалық санкциялар жасаса, тауарларын ішкі нарыққа бағыттайды деп қарайды.

Ал Расул Жұмалы болса: "Бір жақты жауап беру қиын. Себебі, Қытайдың экономикасы қарқынды әрі жүйелі дамып келе жатыр. Десе де Қытайдың өзіндік ішкі проблемалары аз емес. Еркін де демократиялы нарық пен құрсауланған саяси жүйенің арасындағы қайшылықтар экономиканың қарқынын, дамуын тежейді, – дейді.


Өмірхан Алтын

Өмірхан Алтын / Жеке мұрағаттан


Өмірхан Алтын:

– Адамдық құқық және әділетсіз сауда саясатын себеп етіп, Қытай тауарларына бойкот жариялау шеңберін қалыптастыру үшін ақпараттық соғыс жүріп жатыр. Кей елдер мәжбүрлі еңбек арқылы өндірілген заттарға шектеу енгізді.

Батыс Қытайдың жалған мәліметтері мен көзбояушылықтарынан шаршады. Биыл 14 қаңтарда Германия экономистері Қытай экономикасының құлау қаупінің ойлағаннан да жаман екенін хабарлады.

Қытайтанушы Ержан Мұхан Қытайда кей үкіметтік мекемелерлің жалақы төлеуге шамасы жетпей қалғанын ашық хабарлай бастағанын айтты.

Расул Жұмалының айтуынша, Қытаймен одақтас секілді көрінгенмен Ресейдің өзі оған саяси стратегиялық бәсекелес ретінде қарап, ұлғайып келе жатқан Қытай ықпалын мейлінше азайтуға тырысып жатыр. Сонымен Қазақстан секілді іргелес елдерде ақпараттық құралдар мен интеграциялар арқылы ықпалын сақтап келеді. Оның ішінде Қытайдан сақтануға шақырған пиғылдары бар.

Оқи отырыңыз: Сайрагүл ісі: Қытай мен Қазақстанның арасын аша ма?

Ресейге тек санкция әсер етіп жатқан жоқ

Расул Жұмалы:

– Ресей экономикасының әлсіреуіндің екі себебі бар. Бірі – Ресейдің Украинаға өктемдік жасауы және Сирия секілді елдердегі жағдайларға араласуына қарымта ретінде АҚШ пен Еуропалық Одақ экономикалық санкцияларды енгізуі.

Екіншісі – Ресей экономикасының бүгінгі заманның талабына сай болмауы, ескірген жүйеден құтыла алмауы, жемқорлыққа батуы, бәсекеге қабілеттіліктің төмендеуі. Оған Ресей экономикасының шикізатқа тәуелділігін де қосу керек. Қазір мұнай-газ өнімдерінің бағасы да төмендеп келеді.

Бұл экономикалық жағынан Ресейге тәуелді болып отырған Қазақстанға да кері әсерін тигізіп отыр. Әсіресе, Кеден Одағында біріккен Қазақстан өзінің бірнеше лауазымды орнын Ресейге өткізіп бергендіктен 2014 жылдан бері санкцияның зиянын бірге шегіп келеді. Мысалы, теңгенің бағамы үнемі құнсызданып, экономикамыздың бәсекеге қаблеттілігін төмендетті.

Бұған қатысты жауапкершіліктің бір бөлімі Қазақ билігінің де мойнында.

Қытай мен Ресейдің экономикалық құрсауына түспеуі үшін не істеу керек

Дос Көшім:

– Бірінші, ең болмаса, халық тұтынатын қарапайым заттарды өзіміз өндіруіміз керек.

Екінші, экономикалық бірлік деген өтірік ұранмен құрылған Еуроазиялық одақтан тез арада шығу қажет.

Үшінші, мемлекетімізді нығайтуымыз керек. Ол үшін саяси реформаларды (әділетті, ерікті сайлау жүйесін енгізу, нақты көппартиялық жүйе құру, жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін енгізу, тәуелсіз баспасөз жүйесін жасау және оның жұмысына кепілдік беру, қазақтың ұлттық құндылықтарын – тілі мен ділін – тірілту, т.т.) жүзеге асыруымыз шарт.

Мемлекетте не тіл бірлігі, не дін бірілігі, не халық пен биліктің арасындағы бірлік болмаса – ондай ел басқаларға оңай олжа болады.

Расул мырза Дос Көшімнің "жүйелі саяси-демократиялық реформалар жасау керек" деген пікіріне қосылатынын айтады. Сонымен бірге "солақай шешім шығарып, Қытайдан қарызды келсін-келмесін ала беру, орыстың тықпалаған интеграциялық ұйымдарына кіре беру қатерлі. Әсіресе, жерді қытайларға жалға беру және түрілі айналма жолдар арқылы жеке меншікке беруді тоқтату керек" деп санайды.


Путин, Трамп, Ши

Путин, Трамп, Ши / breitbart.com/Getty images


Қырғызстанда да Қытай билігіне қарсы наразылық күшейді

Биыл қаңтар айында мұндағы белсенділер биліктен Қырғызстандағы қытай мигранттарын тексеруді, оларға азаматтық беруді тоқтатуды және Қытайда азап шегіп жатқан қырғыздарды босатуға ықпал жасауды талап етіп, бірнеше рет ереуіл өткізген болатын. Бұл біздің әлеуметтік желілерде де қызу талқыланды.

Расул мырзаның айтуынша, Қытайдың қандастарымызға қатысты мәселені атүсті қарауы халықтың көңілінен шықпай отыр:

– Қытай билігі қарызға қатысты қатаң саясат қолданатынын көрдік. Олар Қырғыздың, Тәжікстанның кен орындарына қол салды. Сол секілді Қазақстанның да маңызды байлықтарын, жерлерін алып қоюы мүмін. Сол себепті қазақтар қытайға қарсы ереуілге бұрын да шыққан. Мәселен, Сайрагүл мәселесінде және жер дауында. Наразылықтар әлі де болуы ықтимал.

Қытай қазақтан қорқып отыр

Өмірхан Алтайдың айтуынша, Қытай билігі Қазақстан билігінен де, қазақ белсенділерінен де қатты сескенеді. Себебі, Серікжан Біләш, Қыдырәлі Ораз бастаған ерікті ұйымдар күллі әлемді "қытай қаупі мен адамдық құқық мәселесіне" қатысты дәлел-фактілермен қамтып, 11 тілде мәліметтер таратып жүр. Оған Қазақ дипломатиясының еңбегін қосу керек.

Сол себепті, Қытай компартиясы Саяси бюросы мен Біріккен майдан бөлімі шетелдегі Қытайға қарсы наразылықтарды басу және Қытайды жақсы жағынан көрсету мақсатына бөлген миллиардтаған қаржының бір бөлімін Қазақстанға бағыттады.

Биыл 20 қаңтарда Қытайды құрушы азаттық армияның 103 генаралының балалары Ши Жинпиңге ашық хат жолдады. Хатта билікті халыққа қайтарып беруді талап еткен.

Серіктестер жаңалықтары