Қалыпты жағдайда гемоглобин деңгейі ер адамдарда 130 - 160 г/л, әйелдерде 120 - 140 г/л, ал жүкті әйелдерде 110 г/литрден жоғары.
Гемоглобиннің қалыпты деңгейден төмендеуі адам денсаулығының әлсіреуіне әкеледі. Гемоглобиннің көбеюі немесе азаюы ағзадағы темірге тікелей байланысты. Егер адамға темір жетіспейтін болса, онда ол қан аздық ауруына тез шалдығады. Ал қанның азаюы ағзадағы оттегі көлемінің де күрт төмендеуіне соқтырады.
Гемоглобин неліктен төмендейді?
- Кез-келген жағдай барысында қан жоғалту;
- Дұрыс тамақтанбау (тойып тамақ ішпеу, вегетариандық тамақтану салты);
- Темекі шегу, алкогольді ішімдікке үйір болу;
- Жиі қан доноры болу.
Оқи отырыңыз: Қан доноры болу қауіпті ме? Маман кеңесі
Қандағы гемоглобин деңгейінің төмендеу белгілері:
- Адам тез шаршайды;
- Түрі бозарады;
- Терісі жиі құрғайды;
- Жиі бас ауруына шалдығады;
- Ұйқысыздық.
Оқи отырыңыз: Жөтелді үй жағдайында қалай емдеуге болады?
Гемоглобин деңгейін көтеру үшін келесі тағам түрлерін жеген пайдалы:
- Сиыр еті қосылған қарақұмық ботқасы;
- Жаңғақ:
- Қызыл алма;
- Анар не анар шырыны;
- Шабдалы;
- Шикі сәбіз;
- Қызылша шырыны;
- Халуа;
- Мейіз не жаңғақ қосылған бал;
- Аскорбин қышқылы (дәрумен).
Оқи отырыңыз: Сүт және сүт өнімдерінің пайдасы мен зияны қандай?
Бұл тағам түрлерін тұтынумен қатар, таза ауада да көбірек серуендеу қажет. Себебі, таза ауамен тыныстаған кезде қан айналым жүйесі оттегімен толығады. Сондай-ақ, бұл уақытта келесі тағамдардан тартына тұрған абзал:
- Сүт өнімдері;
- Кофе;
- Шай;
- Құрма;
- Газды сусындар.