Іс-шара 12 маусымда сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін өтеді.
Алматы онкологиялық орталығының дәрігерлері Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік мерекесінің 30 жылдығына орай ашық есік күнін өткізеді. Шара барысында Алматы тұрғындарының денсаулығын жетекші мамандар тексеруден өткізіп, тегін кеңес береді.
Келушілер онкомаммолог, онкогинеколог, онкоуролог және онкохирургтардың бақылауынан өтеді.
Медициналық тексеруден өтуге ниет білдірушілер Папанин көшесі, 220 мекен-жайында орналасқан Алматы онкологиялық орталығына баруы тиіс. Тұрғындардың жасы мен жынысына шектеу жоқ.
Оқи отырыңыз: "Қатерлі ісіктен жазылуға болады". Обырды жеңген 4 жанның әңгімесі