Тікелей эфир

Алматыда тексерілген 23 стоматологиялық клиниканың 20-сынан заңбұзу деректері анықталды. Жаңалықтарға шолу

"7-20-25" үлгісімен отандық көліктер несиеге беріле бастайды. Алдағы күндері 35-40 градусқа дейін аяз болады.

Серік Сәпиев депутаттықтан кетті

Бүгін Парламент Мәжілісінің депутат Серік Сәпиевтің өкілеттілігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім қабылданды. Спортшы ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды.

Әлемде iPhone саудасы 15 пайызға төмендеген

Компания кірістерінің төмендегені туралы бірінші болып инвесторлар білген. Америкалық компанияның сауда-саттық көлемінің Еуропада, Жапония мен Қытайда азайғаны байқалады.

Apple басшысы Тим Кук АҚШ валютасы қымбаттаған елдерде iPhoneдардың бағасын төмендететіндіктерін мәлімдеді. Доллар қымбаттаған мемлекеттерде өнімдері құнының да шарықтағанын ескерген компания басшысы iPhone-дарды былтырғы бағасымен сатуды жоспарлап отыр.

Сейсмикалық қауіпті аймақта орналасқандықтан Алматыға ЮНИСЕФ қаражат бөлмекші

Қазақстан 2019 жылы балалар қорына қаржылық қолдау көрсететін елдердің тізіміне енді. Болжам бойынша, Орталық азия елдерінің тек бес қаласында – Алматыда, Ашхабадта, Бішкекте, Душанбе және Ташкентте 9 балдық жер сілкінісі кезінде 175 000-нан 500 000-ға дейін адам зардап шегуі мүмкін. Қор жер сілкіну қаупі жоғары аймақтағы балаларға көмектесуді жоспарлап отыр.

Алматыда 23 стоматологиялық клиника тексеріліп, оның 20-нан заң бұзу деректері анықталды

Олардың бәрі санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды бұзуға қатысты. Клиникаларда медициналық қалдықтарды жою ережесін бұзу, кабинетті жарықтандыру, сондай-ақ медициналық кітапшалар мен құжаттамалардың дұрыс толтырылмауы сынды құқықбұзушылықтар анықталған. Кейбірінде тіпті ғимаратқа ылғалды тазалау және дезинфекциялау жұмыстарының жасалмайтыны белгілі болған.

Алматы қалалық қоғамдық денсаулықты қорғау департаменті қала халқына стоматологиялық клиникаларда көрсетілетін қызмет сапасымен қатар медициналық ұйымның санитарлық жағдайына назар аударуға шақырады.

"Тұлпар-Тальго" екі пойызға билет бағасы 900 теңгеге арзандатылды

Оның біреуі – №3/4 "Астана – Алматы", екіншісі – №11/12 "Алматы – Шымкент" бағытындағы жолаушылар пойызы. 2-ші ақпаннан бастап бұл пойыздардан фирмалық мәртебесі алынып тасталады.

"7-20-25" үлгісімен отандық көліктер несиеге беріле бастайды

Бүгін Үкімет отырысында Елбасының алдында есеп берген Ұлттық банк төрағасы Д.Ақышев осылай деп мәлімдеді. Айтуынша, Ұлттық банк қазақстандықтардың отандық көлік сатып алуы үшін жедел түрде бағдарлама әзірлеп, несие беруге дайын тұр. Бұны да банктер арқылы "7-20-25" бағдарламасы үлгісіне сүйеніп жасау жоспарланып отыр.

Қазақстандық БАҚ не жазды:

Inform.kz: Қазақстан білім рейтингінде 77-орынға түсіп кеткен. Мемлекет басшысы Н.Назарбаев Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевті білім саласындағы халықаралық рейтингте Қазақстанның төмен көрсеткішіне байланысты сынға алды. Елбасы министрге "Ел неге шулап жатыр? Түсіндіру керек. Оның барлығын балалардың жақсы оқуы үшін жасап жатырмыз" деді. Министр бұл көрсеткішті биыл жақсартуға уәде берді.
Baq.kz: Алдағы күндері 35-40 градусқа дейін аяз болады. 31 қаңтар 2 ақпан аралығында елімізге Карск теңізінде орналасқан суық антициклон келеді. Сондықтан жылымық аз уақытта суыққа ұласады. Солтүстік, орталық және шығыс облыстарда түнгі ауа температурасы минус 35…40 градусқа дейін төмендейді.
Серіктестер жаңалықтары