22 наурызда Орталық қалалық клиникалық ауруханаға 67 жастағы науқас ауыр халде жеткізілген. Дәрігерлер тексеру кезінде Covid-19-ды анықтап, екі жақты полисегментальды пневмония диагнозын қойған. Компьютерлік томографиядан өту кезінде науқас өкпесінің 96%-ы зақымданғаны анықталды.
Науқас бірден жансақтау бөліміне жеткізіледі. Орталық қалалық клиникалық аурухананың реанимологтары 8 күн ішінде ауыр науқастың жағдайын тұрақтандырып, жансақтау бөлімінен палатаға шығарады. Осы күндері науқас Бобров жүйесі бойынша ылғалданған оттегімен тыныс алған. Дәрігерлердің кәсіби біліктілігінің арқасында әйелдің жағдайы жақсарған.
"Емдеу науқастың қосалқы ауруларына қатысты күрделене түсті. Науқаста артериялық гипертензия, жүрек-тамыр жеткіліксіздігі, ишемиялық кардиомиопатия болды. Бүгінде жағдайы жақсарған науқас ауруханадан шығарылады. КТ-ны қайта жасау кезінде емделушінің жағдайының жақсы екені байқалды. Науқас амбулаториялық ем алып, учаскелік дәрігердің бақылауында болады, қажет болған жағдайда оңалтудан өтеді", – дейді емдеуші дәрігер Ихтияр Байжанов.
Оқи отырыңыз: Ресейлік микробиолог: "Коронавирус келесі кезеңде үй жануарларына жұғуы мүмкін"