Ескерту: құжат тапсыру 17 мамырға дейін ұзартылды.
"Алматы жастары 3.0" тұрғын үй бағдарламасы ашылатыны туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев 19 ақпанда тұрғындарға есеп беруі кезінде айтқан болатын. Бұл үшін 13 млрд теңге бюджет қарастырылған:
- 10 млрд теңге – Алматы әкімдігі;
- 3 млрд теңге – Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі.
Бүгін осы бағдарлама бойынша Алматы қаласында жұмыс істейтін жастардан пәтер кезегіне құжат қабылдау басталды. Бағдарламаға Алматыда тұратын 35 жасқа дейінгі үміткерлер қатыса алады. Құжаттарды almaty-zhastary.kz порталы арқылы электрондық цифрлық қолтаңба арқылы өткізуге болады.
Оқи отырыңыз: Биыл ипотекаға пәтер алу жеңілдей түсті. Жылжымайтын мүлік нарығы қалай өзгереді?
"Алматы жастары 3.0" бағдарламасының негізгі шарттары:
- Қарыздың ең жоғары сомасы – 13 млн теңгеге дейін;
- Бастапқы жарна - 10%;
- Пайыздық мөлшерлеме алғашқы 8 жылда – 5% (ай сайынғы төлемақы шамамен 100 мың 967 теңге);
- Негізгі қарыз біткеннен кейінгі жылдары пайыздық мөлшерлеме – 3,8% (ай сайынғы төлемақы шамамен 54 мың 100 теңге);
- Жаңа және екінші нарықтағы баспананы алу мүмкіндігі;
- Несиені қайтару мерзімі – 3 жылдан 25 жылға дейін (қарыз алушының төлем қабілетіне қарай есептеледі);
- Қамту - 1 000 адам.
Оқи отырыңыз: "Жастарға – жаңа тұрғын үй бағдарламасы". Алматы әкімінің тұрғындармен кездесуінен репортаж
Қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:
- Қазақстан азаматтығы;
- Қатысушының жасы: 35 жасқа дейін. Жұбайының (бар болса) жасы есепке алынбайды. Бағдарламаға негізгі қатысушы ретінде ерлі-зайыптылардың тек біреуі ғана қатыса алады;
- Қатысушының Алматыда соңғы 2 жыл ішінде тұрақты тіркеуінің болуы, сонымен бірге өтініш беру кезінде онымен бірге тұратын отбасы мүшелерінің (жұбайы, кәмелетке толмаған балалары) Алматыда тұрақты тіркеуі болуы тиіс;
- Үміткерде және оның отбасы мүшелерінде (жұбайы, балалары) Қазақстан аумағында соңғы 5 жыл ішінде жылжымайтын мүлкінің болмауы шарт;
- Қатысушының ресми жұмыс өтілі: Алматыда кем дегенде соңғы 6 ай, міндетті зейнетақы мөлшерлемесімен болу қажет:
Оқи отырыңыз: Пәтер таңдауда неге мән беру қажет?
Бағдарламаға келесі мамандық иелері қатыса алады:
- Денсаулық сақтау саласының қызметкерлері: Алматының денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік қалалық және республикалық ұйымдарында жұмыс істейтін жоғары және орта буын медицина қызметкерлері;
- Білім саласының қызметкерлері: Алматының білім саласындағы мемлекеттік қалалық және республикалық мекемелерінде жұмыс істейтін, тиісті жоғары және орта білімі бар педагог қызметкерлері;
- Мәдениет саласының қызметкерлері: техникалық персоналды қоспағанда, мәдениет саласындағы шығармашылық одақ мүшелері, мәдениет саласындағы мемлекеттік қалалық және республикалық мекеме ұйымдарының қызметкерлері. Сондай-ақ, Алматының Мәдениет басқармасының жанында сәйкес анықтама беру арқылы өзін-өзі жұмыспен қамтыған жас композиторлар, жас музыканттар, жас артист-актерлар, жас кинематографистер (актерлар, режиссерлер, сценаристер, операторлар, продюсерлер, суретші-безендірушілер) жас жазушылар, жас суретшілер, жас қолөнершілер, жас мүсіншілер, жас дизайнерлер, жас архитекторларды іріктеу үшін комиссия құру жоспарлануда;
- Спорт саласының қызметкерлері: Алматының спорт саласындағы мемлекеттік қалалық және республикалық ұйымдарында еңбек қызметін жүзеге асыратын спортшылар мен жаттықтырушы-оқытушылар;
- ЖОО және ҒЗИ қызметкерлері: ұлттық жоғары оқу орындарының, мемлекеттік қалалық және республикалық ғылыми-зерттеу институттарының оқытушылары мен ғылыми қызметкерлері;
- Журналистер: тікелей өндірістік қызметпен айналысатын журналистер мен БАҚ қызметкерлері;
- Әлеуметтік сала қызметкерлері: техникалық персоналды қоспағанда, халықты әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қалалық ұйымдарда жұмыс істейтін қызметкерлер.
Ескерту: Барлық сала бойынша бағдарламаға қатыса алатын лауазымдар тізімімен almaty-zhastary.kz сайтынан танысуға болады.
Оқи отырыңыз: Ипотека төлеушілер үшін салық жеңілдігі қандай?
Бағдарламаға қатысуға қажет құжаттар:
- Үлгі бойынша өтініш;
- Білім туралы сканерленген құжат;
- 2008 жылға дейін алынған неке қию туралы сканерленген куәлік (бар болса);
- 2008 жылға дейін алынған балалардың туу туралы сканерленген куәлігі (бар болса);
- Өтініш берушіге және Қазақстан бойынша барлық отбасы мүшелеріне жылжымайтын мүліктің жоқ (бар) екендігі туралы анықтама;
- Белгіленген үлгідегі фирмалық бланкіде, жұмыс өтілі көрсетілген, сканерленген жұмыс орнынан анықтама;
- Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес еңбек өтілін растайтын сканерленген құжаттар;
- Алматы мәдениет басқармасынан сканерленген растайтын анықтамалар (аталған талап, мәдениет саласындағы өзін-өзі жұмыспен қамтыған қатысушыларға ғана қатысты).
Оқи отырыңыз: Тұрғын үй бағдарламалары көбейді. Биыл баспаналы болудың 11 мүмкіндігі
Өтініш берушілердің тізімі балл жүйесімен санаттар бойынша есептеледі:
Ұпай саны ең жоғары қатысушының пәтер алуға мүмкіндігі зор.
Өлшемдер |
Балл |
Қосалқы ұпай саны |
Тіркелген некедегі әрбір жыл үшін |
2 |
|
1 (бір) бала болған жағдайда |
1 |
әрбір кейінгі бала үшін – 2 |
Осы санаттағы (саладағы) өтілінің әрбір жылы үшін |
2 |
|
Халықтың әлеуметтік осал топтарына жататындығы үшін |
5 |
Өтінім берушілерде балл саны тең болған жағдайда өтініш пен құжаттарды уақыты жөнінен ерте тапсырған қатысушы басымдыққа ие болады.
Оқи отырыңыз: Болашақта Алматы үздік жүздікке кіреді. Қала әкімі тағы қандай жаңалықтарды айтты?
Бағдарламаға қатысушы құжаттарын өткізген соң, талапқа сай келгендерге almaty-zhastary.kz сайтындағы жеке кабинетке жолдама беріледі. Жолдаманы алған өтініш берушілер 15 жұмыс күні ішінде төлем қабілеттілігін бағалаудан өту үшін "Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ-ның кез-келген қызмет көрсету орталығына жүгінуі қажет.
Өтініш берушілер банкке келмеген жағдайда Алматы әкімдігі келесі қатысушыға тізім бойынша жолдама беруге құқылы.
Оқи отырыңыз: «Алматы-2050»: алғашқы бес жылдықта қанша қаражат жұмсалады?
Төлем қабілетін бағалау үшін қажетті құжаттар:
- "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ-да төлем қабілетін бағалау үшін жолдама;
- Клиенттің және клиент жұбайының жеке басын куәландыратын құжат (құжаттардың түпнұсқасы және көшірмелері);
- Некеге тұру / Некені бұзу туралы куәлік / Қайтыс болу туралы куәлік (құжаттардың түпнұсқасы және көшірмелері);
- Балалардың туу туралы куәліктері (құжаттардың түпнұсқасы және көшірмелері);
- Барлық ұсталған соманы көрсету арқылы жалақы туралы анықтама (соңғы 7 немесе 13 айға);
- e-gov.kz веб-порталынан клиенттің және клиент жұбайының зейнетақы аударымдары туралы үзінді көшірмесі (соңғы 6 немесе 12 айға);
- "Бірінші несие бюросы" ЖШС-дан несие тарифі e-gov.kz веб-порталында немесе Халыққа қызмет көрсету орталығында беріледі.
Оқи отырыңыз: 2020 жылы Алматы түгел жарықтандырылады. Қаланы тағы қандай өзгеріс күтіп тұр?
Банк біліктілігін өткеннен кейін, 60 жұмыс күні ішінде қатысушы сатып алатын тұрғын үйді таңдап, құжаттарды Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне ұсынуға міндетті. Бұл бағдарламамен жаңа және екінші нарықтағы баспананы да сатып алу мүмкіндігі қарастырылған.
Егер қатысушы белгіленген мерзімде тұрғын үй ала алмаған жағдайда, әкімдік келесі қатысушыға жолдама беруге құқылы.
Жолдама алған азаматтардың тізімі almaty-zhastary.kz сайтында жарияланады.