Бостандық ауданынындағы кәсіпкерлік нысандары коронавирусқа қарсы вакциналанғандарға 5%-дан 20%-ға дейін жеңілдіктер береді.
Алматыда 25 мамырдан бастап Qamqor акциясы басталады. Акция ұйымдастырушылары – Бостандық ауданының әкімдігі мен "Атамекен" кәсіпкерлер Палатасының Бостандық аудандық филиалы.
Акцияның басты мақсаты – қала тұрғындары мен қонақтарын Covid-19-ға қарсы екпе салдыруға ынталандыру. Акция барысында кәсіпкерлер тауарлар мен қызметтерге түрлі жеңілдіктер ұсынады. Вакциналану паспортын көрсеткен соң ұнаған түрлі тауарлар мен қызмет көрсетуге белгіленген жеңілдіктерді алуға болады.
Бұл жобаға Бостандық ауданының кәсіпкерлік нысандары қатысады, олар мыналар:
- "KINOPARK 5" кинотеатры, (Тимирязев көшесі, 42) "Atakent Mall" ОСО – 20% жеңілдік;
- "Brooklyn fitness gym" фитнес орталығы, ("Керемет" шағын ауданы, 7) – 20% жеңілдік;
- "Траснформа" перформативтік өнер театры, (Байзақов көшесі, 280) – 5% жеңілдік;
- "Almaty Doner" қоғамдық тамақтану орны, (Абай даңғылы, 34) – 10% жеңілдік;
- "GAME ON" компьютерлық клубтар желісі, ("Керемет" шағын ауданы, 7); (Розыбакиев көшесі, 111); (Бұқар жырау көшесі, 27/5, блок 1) – 20% жеңілдік;
- "Coffee and parfait bar" кофеханасы, ("Esentai Mall" ОСО , 4-қабат) – 20% жеңілдік;
- "Асем тау" демалыс аймағы, (Алмарасан шатқалы) – 10% жеңілдік;
- "Тsarskaya" қоғамдық моншасы, (Розыбакиев көшесі, 187) – 10% жеңілдік;
- "METRO" ойын-сауық орталығы / боулинг, бильярд, картинг, караоке), (Жандосов даңғылы, 2б) – 10% жеңілдік.
Аудан кәсіпкерлері пандемияға қарсы күреске өз үлесін қосып, барша кәсіпкерледі акцияны қолдауға шақырады.