Тікелей эфир

АҚШ-та коронавирустың қос мутациялы үнді штамы анықталды

Бұл туралы San Francisco Chronicle Стэнфорд клиникалық вирусология зертханасының мамандарына сілтеме жасай отырып мәлімдеді.

АҚШ Үндістанда табылған коронавирустың қос мутациялы жаңа штамын жұқтырған алғашқы адамды анықтады, деп хабарлады rbc.ru сайты. Ғалымдардың айтуынша, жаңа штамм Сан-Франциско шығанағында орналасқан тұрғыннан табылған. Үнді штамын жұқтырды деген күдікпен тағы жеті адам тексеріліп жатыр.

Үнді штамы наурыз айының соңында анықталған болатын. Reuters Үндістанның денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап, жаңа штамның қос мутациясы бар екенін хабарлады. Әзірге мутациялардың пайда болуы мен Үндістанның кей штаттарында инфекцияның тез таралуы арасында тікелей байланысты анықтауға биліктің ақпараты жеткілісіз.


Оқи отырыңыз: Үндістанда қос мутациясы бар коронавирус анықталды. Оның вакцинаға төзімділігі зерттелуде 


Бұған дейін эпидемиолог, АҚШ президенті Джо Байденнің коронавирус бойынша кеңес беру комитетінің мүшесі Майкл Остерхольм коронавирус пандемиясының төртінші толқыны қазірдің өзінде АҚШ-та байқалып жатқанын айтқан. Ол бұл жағдайды соңғы бірнеше айда елде коронавирустың бірнеше жаңа түрі пайда болып, адамдарға үлкен қауіп төндіргенімен түсіндірді.

Джонс Хопкинс университетінің деректері бойынша АҚШ-та пандемия басталғаннан бері 30,7 млн астам адам коронавирус жұқтырған. Бұл көрсеткішпен ел науқастар саны бойынша әлемде бірінші орында тұр. АҚШ-та 555 мыңнан астам адам инфекциядан көз жұмды.

Серіктестер жаңалықтары