Тікелей эфир

"Ақ жол" депутаттары: әр бала туған кезде ипотеканың пайыздық мөлшерлемелерін 25% субсидиялау қажет

Ипотеканы субсидиялау пәтерді мемлекеттен сыйлық ретінде күтетін масылдықты азайтады

"Ақ жол" фракциясы вице-премьер Скляр мырзаға депутаттық сауал жолдап, жас отбасыларды қолдау мен бала тууды ынталандыру мәселесін көтерді.

"2020-2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" тұрғын үй-коммуналдық даму бағдарламасы іске асуруда (бастапқы жарна кемінде 10% болған кезде жылдық 2%-бен 20 жыл мерзімге қарыздар жеңілдікпен беріледі. Тұрғын үй бастапқы және қайталама нарықтағы болуы мүмкін). Бірақ, ол әкімдіктерде кезекте тұрғандарға ғана қолданылады. Алайда кезекке тек мүгедектер, көп балалы отбасылар, ардагерлер немесе жетімдер қойылады.  Отбасын жаңадан құрған, қол-аяғы сау, бірақ әлі өз ұясына қаражат жинап үлгермеген жастар не істеуі керек? Олар қашан балалы болады? Көп балалы отбасылар қайдан пайда болсын?" – делінген депутаттық сауалда.


Оқи отырыңыз: Тұрғын үй кезегіне қалай тұруға болады? Нұсқаулық


Халық қалаулыларының айтуынша, қазіргі жағдайда Үкіметтін қолдауымен ия жағдайы бар ата-аналары болмаса, жас отбасылардың пәтер алуға мүмкіншілігі жоқ:

"Олар пәтерге ақша жинап болғанда жасы 40-тан асып қалады, бұл жаста, көп бала туа алмайсың. Осы уақытқа дейін генетика да нашарлады, дәрігерлердің айтуынша, ерлер мен әйелдердің үштен бірі 40 жастан кейін және одан да ертерек бедеулікке ұшырайды! Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша қабылданған 7-20-25 бағдарламасы жас отбасыларға белгілі бір қолдау көрсетті. Осы бағдарламаны тұрғын үй құрылысына іске асыру және осы секторға жеке инвестицияларды тартуға серпін берді. Бірақ жақында ғана осы және басқа бағдарламаларды тоқтату туралы айтылды, бұл хабар өте түсініксіз реакцияға негіз болды".


Оқи отырыңыз: Тұрғын үй бағдарламалары көбейді. Биыл баспаналы болудың 11 мүмкіндігі


Осыған байланысты, "Ақ жол" демократиялық партиясы жас отбасылар үшін әр бала туған кезде 25% мөлшерінде ипотекалық кредиттер бойынша пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялауды енгізу туралы 2013 жылда айтылған ұсынысын көтерді.

"Пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялау бизнесті кредиттеу кезінде мемлекеттік және жеке мүдделерді ұштастыру құралы ретінде өзін жақсы жағынан көрсетті. Бұл табысты тәжірибені әлеуметтік бағдарламаларға да тарату керек деп санаймыз. Сонда екі баласы бар отбасы мөлшерлеменің жартысын төлейді, ал үлкен отбасы, күтілгендей, пайызсыз баспана алады; бірақ 10 жыл кезекте тұрғаннан кейін емес, төртінші бала туылған кезде бірден. Бұл шара жас отбасыларды бірден балалы болуға ынталандыруға мүмкіндік береді, ал екінші деңгейдегі банктер ипотеканы белсенді түрде кредиттеуге мүмкіндік алады", – делінген депутаттық сауалда.


Оқи отырыңыз: Мемлекеттік тұрғын үй қорынан қалай пәтер алуға болады? Маңызды 13 сұраққа жауап


Депутаттардың мәлімдеуінше, бүгінгі таңда, керісінше, банктердегі ипотека минимумға дейін төмендеген:

"Ипотеканы субсидиялау пәтерді мемлекеттен сыйлық ретінде күтетін масылдықты азайтады. Егер субсидиялар мүмкін болса, жас отбасылар ең болмағанда бірінші кезеңде несие төлеу үшін жұмыс істеуге және ақша табуға тырысады, бірақ әр баланың туылуымен отбасылық бюджетке жүктеме азаяды".

Серіктестер жаңалықтары