Тікелей эфир

Air Astana Алматы мен Самарқан арасында 9 маусымнан бастап тіке рейс ашады

Екі бағытқа әуе билетінің құны эконом-класс үшін 69 481 теңгеден, ал бизнес-класс үшін 221 332 теңгеден басталады.

Air Astana Алматыдан Өзбекстанның ежелгі қаласы Самарқанға тіке рейс ашады, деп хабарлады компанияның корпоративтік коммуникациялар департаменті. Екі қала арасында A321 авиалайнері 9 маусымнан бастап әр сәрсенбі және жексенбі сайын қатынайды.

  • Сәрсенбі сайын ұшақ Алматыдан 15:40-та ұшып, Самарқанға 16:15-те қонады. Ал Алматыға 17:45-те ұшқаннан кешкі 20:20-да жетеді.
  • Жексенбі күндері ұшақ Алматыдан 11:20-да ұшып, Самарқанға 11:55-те қонса, қайту рейсі 13:25-те ұшып, Алматыға 16:00-де келеді. Ұшу уақыты 1 сағат 35 минут.

Екі бағытқа әуе билетінің құны барлық төлемдерді есепке алғанда эконом-класс үшін 69 481 теңгеден, ал бизнес-класс билеті 221 332 теңгеден басталады.


Оқи отырыңыз: Air Astana 3 маусымнан бастап Атырау – Амстердам рейсін қайта іске қосады


Air Astana Өзбекстан астанасы Ташкентке 2010 жылдан бері тұрақты түрде рейс орындап келеді. Самарқан әуе компаниясы қатынайтын Өзбекстандағы екінші қала болады.

Серіктестер жаңалықтары