Ескендір Өтегенұлы 81 жасында бақилық болды.
Бұл туралы Facebook-тегі парақшасында Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов хабарлады.
"Ардақты ағамыз, асыл ағамыз, әйгілі композитор, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, Қазақстан КСР халық артисі Ескендір Өтегенұлы Хасанғалиев өмірден озыпты. Марқұмның жақындарына қайғырып көңіл айтамын. Иманы саламат болсын", – деп жазды Нұрқиса Дәуешов.
Ескендір Хасанғалиев Батыс Қазақстан облысының Батбақкөл ауылында дүниеге келген.
Қазақтың халық әндері мен Қазақстан композиторларының әндерін орындап, Қазақ радиосы мен теледидарының солисі атанды. Ескендір Хасанғалиев "Анаға сәлем" атты алғашқы авторлық әнін 1961 жылы жазған.