Тікелей эфир

Абайдың перзенті Тұрағұлға қатысты тың дерек жарыққа шықты

Фото Азимхан Исабектің Facebook парақшасынан алынды
Фото Азимхан Исабектің Facebook парақшасынан алынды
Жәдігер Мұхтар Әуезов атындағы ОҚУ-нің "Мұхтартану" ғылыми орталығына табыс етілді. 

"1990 жылдары Тұрағұлдың қызы Мәкен әкесінің аты өшпесін деп һәм мәңгі тарих болсын деп арнайы тастұғыр жасатқан екен. Бір ерекшілігі ол тастұғырда тек Тұрағұлдың ғана емес, өзге де Абай ұрпақтарының есімдері қашап жазылған", – деп жазды Азимхан Исабек өзінің facebook парақшасында

Тастұғырда:

Жас қартаймақ, жоқ тумақ, туған өлмек,

Тағдыр жоқ өткен өмір қайта келмек.

Басқан із, көрген қызық артта қалмақ,

Бір құдайдан басқаның бәрі өзгермек,

Ұлы Абайдың өлеңімен қоса: "Абай Құнанбаевтың Шымкент қаласында жерленген үрім-бұтағы",  орысша мәтінде: "Родственники Абая Кунанбаева похороненные в городе Шымкенте" деп, оған қоса 4 адамның есімі қай жылы, қай жерде жерленгендері қазақ-орыс тілдерінде қашап жазылған. Олар:

Тұрағұл Абайұлы – Әйгерімнен туған. 1934 ж. ХФЗаймағы.

Келіндері: Дәмежан – Микайлдің әйелі. 1960 ж. Шұқырсай.

Камалия – Әубәкірдің әйелі. 1962 ж. Қасқа зираты.

Немересі: Әубәкір – Ақылбайдың ұлы. 1933 ж. Көксай

Турагул Абайулы – сын Айгерим. 1934 г. Р-Н ХФЗ.

Жены сыновей: Дамежан – жена Микайла. 1960 г. Шукырсай.

Камалия – жена Аубакира. 1962г. К-ше Каска.

Внук: Аубакир – сын Акылбая. 1933 г. Коксай.

Міне, тастұғырдағы мәтін осылай берілген.

"Тағы бір дерек бұл тастұғыр – осы күнге дейін ғалымдар айтып жүргендей "Тұрағұлдың сүйегі завод астында қалып қойды" деген пікірді түбегейлі теріске шығарады. Оған қоса бұл тастұғыр 1990 жылдардан бері "Химфарм" акционерлік қоғамының арнайы бөлімінде сақталып келген", – деді Азимхан Исабек.

Тастұғырды бүгінгі күнге дейін сақтап отырған "Химфарм" акционерлік қоғамының әкімшілік менеджері Бекен Жақыпбеков пен компания қызметкері Аян Тоқсанбаев. 

Компания басшылығы бұл құнды жәдігерді Мұхтар Әуезов атындағы ОҚУ-нің "Мұхтартану" ғылыми орталығына табыс етті. 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары