Тікелей эфир

31 тамызда Қазақстанда коронавирус жұқтырған 77 адам тіркелді

Сурет freepik.com сайтынан алынды
Сурет freepik.com сайтынан алынды
Covid-19 жұқтырғандар саны 105 872-ге жетті.

31 тамыз қорытындысы

Науқастар

105 872

Сауыққандар

96899

Көз жұмғандар

1 523 (25 тамыз)

Нұр-Сұлтан 13825 12861 303
Алматы 14225 13365 252
Шымкент 5174 4442 61
Ақмола облысы 3393 3057 67
Ақтөбе облысы 3218 3005 35
Алматы облысы 4895 4597 43
Атырау облысы 10925 10275 48
ШҚО 8198 7904 138
Жамбыл облысы 4081 3569 55
БҚО 6752 6094 94
Қарағанды облысы 10100 9502 259
Қостанай облысы 3414 2849 12
Қызылорда облысы 3231 3064 10
Маңғыстау облысы 3334 2612 40
Павлодар облысы 3836 2867 43
СҚО 3949 3754 19
Түркістан облысы 3322 3082 44

Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 77 адам (ауру белгілері барлар – 59, жоқтар – 18) тіркелді.

Республика бойынша ең көп науқас тіркелген өңірлер:

  • Шығыс Қазақстан облысы – 17;
  • Қарағанды облысы – 14.

Республика бойынша барлығы 105 872 адам коронавирус инфекциясын жұқтырса, емделіп жазылғандары – 96 899.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Covid-19 жұқтырып, қайтыс болғандар саны 1 594-ке жетті.

1-31 тамыз аралығында коронавирустық пневмониямен 25 724 адам ауырып, 292 науқас көз жұмған (31 тамызда тіркелген науқас саны – 10, көз жұмғандар – 2).

"Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 7 379 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 30 өскіншек бала бар. Стационарларда 3 811 науқас жатыр. 3 568 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.
Жалпы науқастардың арасында 197 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 35 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 42 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр" делінген Денсаулық сақтау министрлігінің хабарламасында.

Оқи отырыңыз: Коронавируспен үй жағдайында қалай күресуге болады? Сізге арналған 8 кеңес


Инфографика: coronavirus2020.kz


Қазақстанда алғаш коронавирус анықталғаннан бергі әр күннің хронологиясын мына сілтеме арқылы өтіп оқуға болады.

Серіктестер жаңалықтары