Тікелей эфир

28 қарашада Қазақстанда коронавирус жұқтырған 826 адам тіркелді

Сурет depositphotos.com сайтынан алынды
Сурет depositphotos.com сайтынан алынды
Covid-19 жұқтырғандар саны 130 865-ке жетті.
28 қараша қорытындысы

Науқастар

130 865

Сауыққандар

116 187

Көз жұмғандар

1 990 (22 қараша)

Нұр-Сұлтан 15989 14843 329
Алматы 16033 14740 323
Шымкент 5361 5160 77
Ақмола облысы 5072 4221 86
Ақтөбе облысы 3481 3317 37
Алматы облысы 5682 4942 68
Атырау облысы 11616 11307 81
ШҚО 16191 10923 281
Жамбыл облысы 4411 4182 61
БҚО 7994 7228 131
Қарағанды облысы 11077 10618 284
Қостанай облысы 5212 3763 27
Қызылорда облысы 3290 3250 15
Маңғыстау облысы 3434 3382 52
Павлодар облысы 6254 4931 62
СҚО 6291 5990 30
Түркістан облысы 3477 3390 46

Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 826 адам тіркелді.

Республика бойынша ең көп науқас тіркелген өңірлер:
  • ШҚО – 135;
  • Павлодар облысы – 120;
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 105.

Республика бойынша барлығы 130 865 адам коронавирус инфекциясын жұқтырса, емделіп жазылғандары – 116 187.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Covid-19 жұқтырып, қайтыс болғандар саны 2 027-ге жетті (28 қарашада тіркелгендер саны – 7).

1 тамыздан бері коронавирустық пневмониямен адам ауырып, 443 науқас көз жұмған (28 қарашада тіркелген науқас саны – 164, көз жұмғандардар – 3).

"Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 12 651 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 895 бала бар. Стационарларда 3 392 науқас жатыр. 9 259 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.
Жалпы науқастардың арасында 214 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 32 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 32 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр" делінген Денсаулық сақтау министрлігінің хабарламасында.

Оқи отырыңыз: Коронавирустан әлсіреген иммунитетті қандай дәрумендер мен минералдар жақсартады? Дәрігер кеңесі


Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабының инфографикасы


Қазақстанда алғаш коронавирус анықталғаннан бергі әр күннің хронологиясын мына сілтеме арқылы өтіп оқуға болады.

Серіктестер жаңалықтары