Тікелей эфир

22 қазанда Қазақстанда коронавирус жұқтырған 179 адам тіркелді

Сурет freepik.com сайтынан алынды
Сурет freepik.com сайтынан алынды
Covid-19 жұқтырғандар саны 110 086-ға жетті.
22 қазан қорытындысы

Науқастар

110 086

Сауыққандар

105 493

Көз жұмғандар

1 796 (18 қазан)

Нұр-Сұлтан 14373 13701 318
Алматы 14607 14177 279
Шымкент 5220 5129 72
Ақмола облысы 3598 3337 77
Ақтөбе облысы 3280 3220 35
Алматы облысы 5059 4810 62
Атырау облысы 11241 11021 71
ШҚО 9090 8385 219
Жамбыл облысы 4163 4078 61
БҚО 6943 6771 113
Қарағанды облысы 10464 9971 280
Қостанай облысы 3568 3163 22
Қызылорда облысы 3252 3120 15
Маңғыстау облысы 3377 3274 45
Павлодар облысы 4115 3923 56
СҚО 4336 4075 25
Түркістан облысы 3400 3338 46

Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 179 адам тіркелді.

Республика бойынша ең көп науқас тіркелген өңірлер:
  • Алматы – 44;
  • Нұр-Сұлтан – 20;
  • ШҚО – 20;
  • Павлодар облысы – 20.

Республика бойынша барлығы 110 086 адам коронавирус инфекциясын жұқтырса, емделіп жазылғандары – 105 493.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Covid-19 жұқтырып, қайтыс болғандар саны 1 811-ге жетті.

1 тамыздан бері коронавирустық пневмониямен 36 567 адам ауырып, 391 науқас көз жұмған (22 қазанда тіркелген науқас саны – 186, көз жұмғандар – 1).

"Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 2 782 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 211 өскіншек бала бар. Стационарларда 2 205 науқас жатыр. 577 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.
Жалпы науқастардың арасында 101 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 10 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 13 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр" делінген Денсаулық сақтау министрлігі таратқан ақпаратта.

Оқи отырыңыз: Карантин жағдайындағы сапар. Шетелге шығатын азаматтар нені білуі тиіс?

Қазақстанда алғаш коронавирус анықталғаннан бергі әр күннің хронологиясын мына сілтеме арқылы өтіп оқуға болады.

Серіктестер жаңалықтары