Тікелей эфир

17 қазанда Қазақстанда коронавирус жұқтырған 104 адам тіркелді

Сурет depositphotos.com сайтынан алынды
Сурет depositphotos.com сайтынан алынды
Covid-19 жұқтырғандар саны 109 406-ға жетті.
17 қазан қорытындысы

Науқастар

109 406

Сауыққандар

105 001

Көз жұмғандар

1 768 (11 қазан)

Нұр-Сұлтан 14279 13681 317
Алматы 14517 14147 275
Шымкент 5211 5129 71
Ақмола облысы 3562 3325 77
Ақтөбе облысы 3268 3214 35
Алматы облысы 5020 4806 62
Атырау облысы 11191 10910 69
ШҚО 8997 8385 206
Жамбыл облысы 4153 4068 61
БҚО 6913 6765 110
Қарағанды облысы 10391 9939 279
Қостанай облысы 3543 3041 21
Қызылорда облысы 3248 3119 15
Маңғыстау облысы 3371 3216 44
Павлодар облысы 4051 3875 56
СҚО 4292 4024 24
Түркістан облысы 3399 3336 46
Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 104 адам тіркелді.

Республика бойынша ең көп науқас тіркелген өңірлер:

  • Нұр-Сұлтан – 19;
  • Павлодар облысы – 13.

Республика бойынша барлығы 109 406 адам коронавирус инфекциясын жұқтырса, емделіп жазылғандары – 105 001.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Covid-19 жұқтырып, қайтыс болғандар саны 1 792-ге жетті.

1 тамыздан бері коронавирустық пневмониямен 35 914 адам ауырып, 381 науқас көз жұмған (17 қазанда тіркелген науқас саны – 197, көз жұмғандар – 1).

"Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 2 613 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 125 өскіншек бала бар. Стационарларда 2 012 науқас жатыр. 601 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.
Жалпы науқастардың арасында 81 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 13 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 13 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр" делінген Денсаулық сақтау министрлігі таратқан ақпаратта.

Оқи отырыңыз: Ел халқының 15 пайызы – қауіп тобында. Қараша-желтоқсанда коронавирус қаупі күшейеді


Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабының инфографикасы

Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабының инфографикасы


Қазақстанда алғаш коронавирус анықталғаннан бергі әр күннің хронологиясын мына сілтеме арқылы өтіп оқуға болады.

Серіктестер жаңалықтары