Тікелей эфир

1500-ге жуық қазақстандықтың кредиттік тарихы "оңалтылды" деген мәртебе алды

Сурет depositphotos.com сайтынан алынды
Сурет depositphotos.com сайтынан алынды
Бұл мәртебе азаматтың банк және басқа кредиторлар алдында өз міндеттемелерін адал орындауының растауы болып табылады.

9 сәуірден бастап Қазақстанда ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі енгізген қарыз алушыларды оңалтудың жаңа тетігі жұмыс істей бастады. Соған сәйкес, несие тарихы нашар азаматтар "қара тізімге" іліккеніне қарамастан, банкке қайта барып қарыз рәсімдей алады. Бүгінгі күні осындай кредиттер бойынша "оңалтылды" деген мәртебені автоматты түрде 1 419 мың азамат алды.

Қазақстанда азаматтардың кейбір санатының теріс кредиттік тарихы бар, яғни олардың қарыздар бойынша төлем мерзімі 90 күннен астам кешіктірілген. Бұл ақпарат кредиттік бюро жүйесінде көрсетіледі. Бұрын төлем мерзімін кешіктіру болғандықтан мұндай азаматтар банктерде және МҚҰ-да жаңа қарыздар алу кезінде қиындықтарға ұшырауы мүмкін.

"Қаржылық көрсетілетін қызметтерге қолжетімділікті қалпына келтіру мақсатында Агенттік теріс кредиттік тарихы бар және проблемалық берешекті қайта құрылымдауға мұқтаж қарыз алушыларды оңалту тетігін енгізді. Оңалту тетігі қарыз алушыға кредиттік бюро жүйесінде "оңалтылды" деген мәртебені беруді көздейді. Бұл мәртебе азаматтың банктер және басқа кредиторлар алдында өз міндеттемелерін адал орындауының растауы болып табылады", – деді Агенттіктің Қаржы ұйымдарының әдіснамасы және пруденциялық реттеу департаменті директорының орынбасары Ерлан Сейілов.


Оқи отырыңыз: Несие тарихы несібесіз қалдырмай ма?


Мәртебені алу үшін қандай да бір құжаттар талап етілмейді. Рәсімді кредиттік бюро мерзімі өткен борышты өтегеннен кейін 12 ай өткен соң және осы кезеңде өзге де мерзімі өткен берешек болмаған кезде жүргізеді.

Егер қарыз алушының мерзімі өткен берешегі толығымен емес, ішінара өтелсе, банктер оңалту жоспарын барынша ыңғайлы өтеу кестесімен кейіннен жасау үшін әрбір осындай қарыз алушымен оның төлем жасау қабілеттілігін бағалау бойынша жеке жұмыс жүргізеді.

"Тиісінше, мұндай қарыз алушылардың "оңалту" мәртебесін алуы оңалту жоспарын орындаған кезде және соңғы 12 айда өзге де мерзімі өткен берешек болмаған кезде мүмкін болады. Мәртебені тексеру үшін азаматтар мемлекеттік кредиттік бюроға өтініш жасауына болады. Бұл қызмет тегін көрсетіледі", – деді Ерлан Сейілов.

Серіктестер жаңалықтары