
15 тамыз қорытындысы |
Науқастар 102 696 |
Сауыққандар 81558 |
Көз жұмғандар 1 269 (10 тамыз) |
Нұр-Сұлтан | 13544 | 10219 | 267 |
Алматы | 13826 | 10619 | 195 |
Шымкент | 5146 | 4292 | 47 |
Ақмола облысы | 3212 | 2676 | 55 |
Ақтөбе облысы | 3165 | 2613 | 31 |
Алматы облысы | 4818 | 4113 | 34 |
Атырау облысы | 10707 | 9612 | 35 |
ШҚО | 7767 | 6396 | 94 |
Жамбыл облысы | 3989 | 3402 | 51 |
БҚО | 6537 | 5515 | 71 |
Қарағанды облысы | 9751 | 6287 | 241 |
Қостанай облысы | 3241 | 2692 | 11 |
Қызылорда облысы | 3212 | 2817 | 8 |
Маңғыстау облысы | 3249 | 2469 | 39 |
Павлодар облысы | 3663 | 2514 | 31 |
СҚО | 3725 | 2549 | 17 |
Түркістан облысы | 3144 | 2773 | 42 |
Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 409 адам (ауру белгілері барлар – 196, жоқтар – 213) тіркелді.
Республика бойынша ең көп науқас тіркелген өңірлер:
- Нұр-Сұлтан – 63;
- Шығыс Қазақстан облысы – 60;
- Қарағанды облысы – 37;
- Алматы – 32.
Республика бойынша барлығы 102 696 адам коронавирус инфекциясын жұқтырса, емделіп жазылғандары – 81 558.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Covid-19 жұқтырып, қайтыс болғандар саны 1 397-ге жетті.
1-15 тамыз аралығында коронавирустық пневмониямен 18 465 адам ауырып, 216 науқас көз жұмған (14 тамызда тіркелген науқас саны – 971, көз жұмғандар – 5).
"Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 19 741 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 109 өскіншек бала бар. Стационарларда 3 289 науқас жатыр. 16 452 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.
Жалпы науқастардың арасында 401 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 105 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 77 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр" делінген Денсаулық сақтау министрлігінің хабарламасында.
Оқи отырыңыз: Коронавируспен үй жағдайында қалай күресуге болады? Сізге арналған 8 кеңес
Қазақстанда алғаш коронавирус анықталғаннан бергі әр күннің хронологиясын мына сілтеме арқылы өтіп оқуға болады.