Тікелей эфир

13 шілдеде Қазақстанда коронавирус жұқтырған 1 856 адам тіркелді

Сурет depositphotos.com сайтынан алынды
Сурет depositphotos.com сайтынан алынды
Covid-19 жұқтырғандар саны 61 755-ке жетті.
13 шілде қорытындысы

Науқастар

61 755

Сауыққандар

35 911

Көз жұмғандар

375 (13 шілде)

Нұр-Сұлтан 6899 4321 81
Алматы 7811 4535 54
Шымкент 4147 2253 24
Ақмола облысы 1727 1123 24
Ақтөбе облысы 2349 863 9
Алматы облысы 3209 2113 4
Атырау облысы 8118 4876 13
ШҚО 3237 1449 5
Жамбыл облысы 2267 1202 3
БҚО 4128 3211 22
Қарағанды облысы 6346 4019 75
Қостанай облысы 1651 769 3
Қызылорда облысы 1846 1221 7
Маңғыстау облысы 2073 1260 12
Павлодар облысы 1876 913 15
СҚО 1770 955 6
Түркістан облысы 2301 856 18

Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 1 856 адам (ауру белгілері барлар – 845, жоқтар – 1 011) тіркелді.

Республика бойынша ең көп науқас тіркелген өңірлер:

  • Шығыс Қазақстан облысы – 225;
  • Алматы – 220;
  • Нұр-Сұлтан – 211.

Республика бойынша барлығы 61 755 адам коронавирус инфекциясын жұқтырса, емделіп жазылғандары – 35 911, қайтыс болғандар саны – 375 (13 шілде). 14 шілде күні Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирус жұқтырып, көз жұмғандар саны 396-ға жеткенін хабарлады.

Оқи отырыңыз: Коронавируспен үй жағдайында қалай күресуге болады? Сізге арналған 8 кеңес


Инфографика: coronavirus2020.kz


Қазақстанда алғаш коронавирус анықталғаннан бергі әр күннің хронологиясын мына сілтеме арқылы өтіп оқуға болады.

Серіктестер жаңалықтары