Жайремдегі жұмысшылардың қақтығысына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Жаңалықтарға шолу
Биыл 405 мың бала бірінші сыныпқа барады
Бұл былтырғы көрсеткіштен 20 мыңға көп деп хабарлады Білім және ғылым министрі А.Аймағамбетов. Ведомства басшысының айтуынша, бұған "Білім туралы" ҚР заңына балаларды бірінші сыныптан бастап мектепке қабылдау туралы енгізілген өзгерістер себеп.
Министр еліміздегі мектептердің жаңа оқу жылына дайын екенін хабардар етті. Соған қарамастан Астана (2055 орын), Алматы (1884) және Атырау (1010) қалаларында орын жетіспеушілігі байқалады. 128 мектепте оқушылар үш ауысымда оқитын болады. Олардың көбі Алматыс(34) мен Шымкетте (19). 31 мектеп апаттық жағдайда.
Пойыз билеттерін сататын epay.railways.kz сайты жабылды
"Қазақстан темір жолы" АҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, ол bilet.railways.kz сайтының жұмысын қайталағаныүшін жабылған. Бұдан былай омпанияның bilet.railways.kz сайтында ғана электронды билетерді тәулік бойына сатып, толық қызмет көрсетеді. Сайтта тағы бір жаңа қызмет пайда болды. Қолданушылар күту парақшасында өтінім қалдыра алады. Бұған қоса билеттер тегін броньдалады.
Компанияның баспасөз қызметі 1-ші тамыздан бастап 45 күн ішінде қолданушылар epay.railways.kz сайты арқылы бұған дейін сатып алған билеттерін кері өткізе алатынын мәлімдеді.
Қазақстанда жыл басынан бері ЖІӨ өсімі 4,2 пайызға жетті
Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Р.Дәленов хабарлады. Министрдің сөзіне сенсек, қаңтар-маусым айында ғана бұл көрсеткіш 4,1 пайызды құраған. Оң көрсеткіш өнеркәсіптегі, құрылыстағы және көрсетілетін қызметтер саласындағы жеделдеумен, сондай-ақ ауыл шаруашылығы мен негізгі капиталға салынған инвестициялардың тұрақты қарқынымен қамтамасыз етілген. Инфляция деңгейі жылдық мәнінде 5,4 пайызды құрапты.
Атамбаевқа кісі өлтіруге қатысты айып тағылды
Қырғызстанның экс-Президенті А.Атамбаевқа 7-8 тамыздағы Кой-Ташедегі жағдайға байланысты тағы бірнеше айып тағылды. Бұл туралы елдің бас прокуроры О.Жамшитов хабарлады.
– Ұйымдастырушы ретінде Атамбаевқа тәртіпсіздік ұйымдастыру, заңсыз қару айналымы, тергеуге кедергі келтіру, адамдарды кепілге алу, адам өлтіру, адам өлтіруге талпыныс жасау сынды қылмыстық айыптар тағылды,– деп мәлімдеді бас прокурор. Айтуынша, қылмыстық істерді тергеп-тексеру ел Президентінің тікелей бақылауында болады. Экс-Президенттің мүліктеріне тыйым салынды.
9 жастан асқан балалар тегін жаттығуларға шақырылады
Жаттығулар Apple Team кәсіби велокомандасының жаттығатын Алматының орталық паркіндегі велотрек орталығында өткізіледі. Балалар велоспорттың барлық бағыттары бойынша оқытылады. Жаттығу үшін велосипедті ұйымдастырушылардың өздері ұсынады. Оған қатысуға жазылу үшін ата-аналарға өтінім толтырып, баланың денсаулық жағдайы туралы анықтамасын ұсыну керек. Баланың туу туралы куәліктері мен ата-анасының жеке куәліктері, сондай-ақ мекен-жай анықтамалары сұралады.
Байланыс нөмірлері: +7 (747) 390 94 55 (Медеу ауданы), +7 (700) 180 59 85 (Түрксіб ауданы), +7 (705) 168 17 18 (Жетісу ауданы).
Жәйремдегі жұмысшылардың қақтығысы: облыс әкімі оқиға орнына барды
12 тамызда Жәйрем кен-байыту комбинатының жұмысшылары арасында қақтығыс болды. Өндіріс орнында төбелескендерің бірнешеуі жеңіл жарақат алған. Олардың арасында шетел жұмысшылары да бар. Зардап шеккендердің бәріне бірдей медициналық көмек көрсетілген.
Оқиғаға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 293 бабы (3-шібөлімі) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталыпты. Облыстық полиция департаменті қазіргі уақытта Жайремде жағдай тұрақты деп хабарлады. Басқа ақпараттар заңнама талаптарына сәйкес таратылмайды деп мәлімдеді.
Кенттегі оқыс оқиғаны реттеу үшін облыс әкімі Е.Қошанов жергілікті тұрғындармен, сондай-ақ комибинат жұмысшлармен кездесіпті. Облыс әкімдігінің сайтында өткізілген кездесудің нәтижесі бойынша жағдай реттелді деп жазылыпты.
Көктөбедегі өрттен кейін ауаның ластанғаны белгілі болды
Алматыдағы Көктөбе шатқалындағы құрғақ шөптің өртену оқиғасынан кейін"Қазгидромет" мамандары өрт болған аумақтардан атмосфералық ауаның сынамаларын алды. Медеу ауданының үш нүстесінде жүргізілген зерттеу жұмыстары нәтижесінде Медеу ауданының №1 (Оңдасынов 29) нүктесінде азот диоксидінің шекті концентрациясынан 1,2 ШЖК асып түсуі тіркелген. "Бұл болар болмас көрсеткіш. Жоғары ластану (ВЗ) 10 ШЖК-дан асқан кезде, экстремалды жоғары ластану (ЭЕМ) 20 ШЖК-дан асқан кезде тіркеледі" деп түсіндірді "Қазгидромет" мамандары.
Қазақстандық БАҚ не жазды:
Inform.kz: Бала туғанда берілетін жәрдемақыны онлайн рәсімдеген аналар арасында байқау өткізіледі. "Азаматтарға арналған үкімет" жас босанған аналар арасында "Анаға цифрлық жәрдем" байқауын жариялайды. Бала тууына байланысты берілетін жәрдемақыны egov.kz порталы арқылы онлайн рәсімдеп, ол туралы әлеуметтік желіде жазба (пост) жазған аналар байқаудың қатысушысы атана алады. Байқау шарты бойынша жәрдемақыны онлайн рәсімдеген аналар жазған постында мемлекеттік корпорацияның ресми аккаунты @gov4c.kz белгілеп (Instagram желісін) #анағацифрлықжәрдем хэштегін қоюы тиіс. Байқау жеңімпаздары 15 қыркүйек – Аналар күні анықталатын болады. Конкурс аясында пост жазғандардың есімдері бір тізімге жазылып, жеңімпаз рандомды түрде, яғни кездейсоқ нөмірдің түсуі арқылы таңдалады.
24.kz: Қазақстанда алдағы күндер жаңбырлы болады. Мәскеу аумағынан келетін циклон және онымен байланысты фронтальды жүйелердің шығыс бағытында жылжуымен жаңбыр, солтүстікте, шығыста және оңтүстік-шығыста кей жерлерде қатты жаңбыр, республиканың басым бөлігінде найзағай және бұршақтың жаууы күтіледі. Еліміздің солтүстігінде күндізгі температура 35 градустық ыстықтан кейін 20-25 жылыға дейін төмендейді. Тек республикамыздың батысында және оңтүстік-батысында Каспий теңізі аймағынан келетін антициклонның ықпалымен айтарлықтай жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.