Бұл туралы Үкімет басшысы Асқар Маминнің Wizz Air әуе компаниясының бас атқарушы директоры Джозеф Варадимен кездесуінде белгілі болды. 

Джозеф Варади Асқар Маминнің наурыз айындағы Біріккен Араб Әмірліктеріне сапары аясында қол жеткізілген "Абу-Даби – Алматы" және "Абу-Даби – Нұр-Сұлтан" бағыттары бойынша Wizz Air компаниясының тұрақты жолаушылар әуе тасымалын бастау туралы уағдаластықтың іске асырылу барысы туралы баяндады.

"Тараптар халықаралық бизнес және туристік қоғамдастық қызығушылық танытып отырған Түркістан, Алматы және Қазақстанның басқа да қалаларына Wizz Air әуе рейстерін ашу келешегін, сондай-ақ аймақтағы және әлемдегі аса перспективалы сауда бағыттары бойынша әуе жүк тасымалын ұйымдастыруды талқылады", – делінген хабарламада.

Бұдан басқа, "Wizz Air" әуе компаниясы Қазақстанда жаңа буындағы авиаотын өндірісін – "тұрақты авиациялық отынды" (sustainableaviationfuel) өндіруді ұйымдастыруға қызығушылық танытты.


Оқи отырыңыз: 3 мамырдан бастап Turkish Airlines әуе компаниясы Түркістаннан Ыстанбұлға тұрақты жолаушылар рейстерін ашады