"Пандемияға қатысты жағдай жақсарған кезде және өңірлер "жасыл" аймақта болған кезде балалар мектепке оралады. Әдетте, бір өңір "жасыл" аймаққа өткен кезде балалар оқу форматын өзі таңдауға құқылы", – деді Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов. 

 

 

Министрдің мәліметінше, вакцина салғандардың 17%-ы – мұғалімдер.

"Ведомство бізге тиісті ақпаратты беріп отыр. Жалпы, мұғалімдер вакцинаны өз еркімен алды, ешкім мәжбүрлеген жоқ. Бірақ, министр және Қазақстан азаматы ретінде әріптестерімді өз еркімен вакцина салдыруға, ғылымға сенуіне шақырамын", – деді ол.

Асхат Аймағамбетовтың айтуынша, бұл қадамдар мұғалімнің өзінің қауіпсіздігіне, мектепте оқып жатқан балалардың, ұжым мен отбасының қауіпсіздігіне арналып отыр.


Оқи отырыңыз: