Aliexpress-тен қалай салық төлемей зат сатып алуға болады? Өзекті 10 сұраққа жауап
Жыл сайын интернет-дүкендерге деген қызығушылық артып келеді. Мысалы, 2022 жылы онлайн сауда көлемі 30 пайызға өскен. Өткен жылы 15 109 интернет сәлемдеменің құны мен салмағы бекітілген нормадан асып түсіп, 702,3 млн теңге салық салынған.
Кей азаматтар шетелге шыққанда жеке пайдалануға арналған тауарларды өзімен ала келеді. Жалпы халықаралық сауда жасаған кезде қалай кедендік баждар мен салық төлемеуге болады? Мемлекеттік кірістер комитеті ұсынған ақпарат негізінде түсіндіреміз.
№1. Жеке пайдалануға арналған тауар деген не?
Жеке пайдалануға арналған тауарлар – жеке, отбасылық, үйге арналған және басқа да заттар. Ол кәсіпкерлік қызметке байланысты емес, тұлғалардың жеке қажеттіліктері болып саналады.
№2. Тауардың құны мен салмағы қанша болуы керек?
Жеке пайдалануға арналған тауарларды кедендік баждар мен салық төлемей-ақ әкелуге болады. Ол үшін тауардың құны 2023 жылдың 1 сәуіріне дейін – 1 000 еуродан, салмағы 31 келіден аспауы қажет.
Ал 2023 жылдың 1 сәуірінен бастап бұл талаптар өзгереді. Құны – 500 еуродан, салмағы 25 келіден аспайтын тауарлар салықтан босатылады.
Оқи отырыңыз: Өзіңізді банкрот деп танып, қарыздан құтылу үшін не білу қажет? Ең түсінікті нұсқаулық
№3. Баж салығынан қай елдерде сауда жасағанда босатады?
Ережелер Еуразиялық одаққа мүше елдерді қоспағанда, барлық мемлекетке қатысты жүреді. Сондықтан баж салығы:
- Армения;
- Беларусь;
- Қырғызстан;
- Ресейге қолданылмайды.
№4. ЕАЭО арқылы өткізілетін тауарлар жеке пайдалануға арналған тауарларға жата ма?
Аталған тасымалдау нормалары тек жеке пайдалануға арналған тауарларға ғана қатысты.
Бұл ереже жеке тұлғалардың ЕАЭО кедендік шекарасы арқылы жеке пайдалануға емес, кәсіпкерлік мақсатында әкелінген тауарларға қолданылмайды.
Мұндай тауарлар жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен ЕАЭО кедендік шекарасы арқылы өткізуге жатады.
Оқи отырыңыз: Оң рульді көліктерге шектеу жоқ. Шетелдік көліктерді заңдастыру туралы не білу керек?
№5. Кеден органы жеке пайдалануға арналған тауарды қалай бақылайды?
Кеден органы ЕАЭО кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарларды:
- жеке тұлғаның жолаушылар кедендік декларациясын қолдана отырып, ЕАЭО кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар туралы ауызша немесе жазбаша түрде мәлімдесі;
- тауарлардың сипаты мен саны;
- жеке тұлғаның ЕАЭО кедендік шекарасынан өту жиілігі немесе оның ЕАЭО кедендік шекарасы арқылы тауар өткізу жиілігі арқылы бақылап отырады.
Жеке пайдалануға арналған автомобильдер мен моторлы көлік құралдарының тізімі және олардың тіркемесі туралы ақпарат Еуразиялық экономикалық комиссия Коллегиясының 2017 жылғы 30 маусымдағы № 74 шешімінде жазылған.
№6. Қандай тауарлар жеке тауарларға жатпайды?
- Кедендік транзиттің кедендік рәсімін қоспағанда, жеке тұлғаның кедендік рәсімдерге орналастыру үшін кедендік декларацияны жасайын тауарлар;
- Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің шешімімен айқындалған тауарлар (Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2017 жылғы 20 желтоқсандағы № 107 шешіміне 6-қосымша).
Шетелдік жеке тұлғалар Одақтың кедендік аумағында болу кезеңінде жеке пайдалануға арналған пайдаланылған тауарларды кедендік баждарды, салықтарды төлемей кіргізе алады.
Жеке пайдалануға арналған тауарларды кедендік декларациялау жолаушылардың кедендік декларациясы арқылы жасалады Бұл ретте кедендік орган жолаушылар кедендік декларациясын ақысыз түрде қабылдап, тіркейді.
Оқи отырыңыз: Шетел университеттеріне қалай тегін оқуға түсуге болады? Өзекті 6 сұраққа жауап
№7. Пошта арқылы келетін тауардың салмағы мен құны қанша болуы керек?
Қазақстан азаматтары жеке пайдалануға арналған тауарларды:
- 2023 жылғы 1 сәуірге дейін – құны 1000 еуродан, салмағы 31 келіден аспайтын;
- 2023 жылғы 1 сәуірден бастап – құны 200 еуродан, салмағы 31 келіден салмақтан аспайтын тауарларды кеден төлемдерін төлемей ала алады.
№8. Поштамен келетін тауардың құны мен салмағы асып кетсе, қанша салық төлеу керек?
Тауар құны мен салмағы белгіленген нормалардан асып кеткен жағдайда тауар құнының 15 пайызы мөлшерінде кедендік төлем төлеу қажет болады.
Мысалы, егер сіз Aliexpress арқылы 1500 еуро тұратын смартфонға тапсырыс берсеңіз, кедендік баж ретінде 75 еуро ((1500-1000) *15%) төлеуге тура келеді.
Салмағы 31 келіден асатын тауарды әкелу кезінде әр артық келі үшін 2 еуро төлеу қажет болады. Яғни, егер тауар 41 келі болса, төлейтін баж мөлшері 20 еуро болады.
Мысалы, 2022 жылы 15 109 интернет сәлемдеменің құны мен салмағы бекітілген нормадан асып түсіп, 702,3 млн теңге салық салынған.
Айта кетейік, егер тауардың салмағы мен құны да белгіленген номадан асып тұрса, баж мемлекетке ең тиімді екі санаттың бірінде алынады. Жеке пайдалануға арналған тауарлардың құнына тасымалдау мен сақтандыру шығындары кірмейді.
Оқи отырыңыз: Айыппұл 92 мың теңге. Шетел азаматына пәтерді жалға берерде не білу керек?
№9. Тауарлар поштада қанша уақыт сақталады?
Халықаралық сәлемдемелер халықаралық пошта айырбастау орындарында орта есеппен 6 ай уақытша сақталады.
Сәлемдеме Қазақстан аумағына кіргеннен кейін оны "Қазпоштаның" ресми сайтында бақылауға болады.
№10. Пошта арқылы қандай тауарлар көп жіберіледі?
Халықаралық пошта жөнелтілімдерінде жіберілетін және экспресс-тасымалдаушылар жеткізетін тауарлардың негізгі бөлігі – халық тұтынатын тауарлар.