TOM: Nur-Sultan мейкатонының жеңімпаздары анықталды
"TOМ: Nur-Sultan" мейкатон марафоныны аяқталды. Жоба Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен "Астана жастары" жастар ресурстық орталығы, Назарбаев Университетінің Инновациялық кластерінің Fab Lab және Қазақстандағы Тель-Авив университетінің достары қауымдастығының ұйымдастыруымен Жастар жылы аясында жүзеге асырылады.
Командалар үзіліссіз 72 сағат бойы мүгедектердің өмірін жақсартуға бағытталған есту, көру және тірек-қимыл бұзылыстарының прототиптерін жасады. Барлығы 33 қатысушы, 7 команда және 9 прототип, соның арқасында нағыз инклюзивті қоғам мен кеңістік құрылды.
Марафонның қорытындысы бойынша бірінші орынды "Жәрдем" командасы алды. Олар екі прототип ұсынды: бірі – екі мотормен қозғалатын жиналмалы мүгедектер арбасы, ол пневматикалық дөңгелектер арқасында жолдың әр түрлі түрлерінде оңай жүреді, екінші прототип - жартылай қатты ортопедиялы жұмсақ бандаж.
Екінші орынды "Механикалық коляскаларды модернизациялау" жобасымен GEAR UP иеленді. Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық даму басқармасының басшысы Талғат Рахманберді барлық қатысушыларды салтанатты түрде құттықтап, сыйлықтарды табыстады.