Нұр Отан партиясының кезектен тыс XIX съезінен кейін Қазақстан президенттігіне үміткер Қасым-Жомарт Тоқаев 3 кезеңнен тұратын емтиханды тапсырды.

Лингвистикалық Комиссия құрамы

Комиссияға ғалым, қоғам қайраткер Мырзатай Жолдасбеков төрағалық етті.


Мырзатай Жолдасбеков / Сурет informburo.kz

Мүшелері:

Филология ғылымдарының докторы, профессор Сейіт Қасқабасов;
Филисофия ғылымдарының докторы, профессор Ғарифолла Есім;
А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі иниститутының директоры Ерден Қажыбек;
Ғалым, қоғам қайраткері Әділ Ахметов;
Назарбаев университетінің "Рухани жаңғырыу" бөлімінің басшысы, профессор Гүлтас Құрманбай.

Тоқаев комиссия алдында / Сурет informburo.kz

Емтихан тәртібі

Алдымен комиссияның төрағасы Мырзатай Жолдасбеков емтихан тәртібімен таныстырды.


Тоқаев конвертке жасырылған сұрақты таңдады / Сурет informburo.kz

Бірінші кезеңде таңдаған тақырып бойынша екі бет жазба тапсырасыз. Оны орындауға бір сағат уақыт беріледі. Жетпесе, ақылдасып, комиссия жарты сағат қоса алады. Өткен жолы Президенттікке үміткер он бес минут ішінде жазды. Екінші кезеңде алдыңызда жатқан кітаптың бірін таңдап, ішінен үш бетті дауыстап оқисыз.Үшінші кезеңде еркін баяндау. Оған дайындалуға бір сағат уақыт береміз, – деді комиссия төрағасы.

Емтихан басталды

Комиссия хатшысы Гүлтас Құрманбаева конверттерді Тоқаев мырзаның алдына жайып қойды. Тоқаев конвертті ашып, ішінен шыққан тақырыпты оқыды.


Таңдауға қойылған кітаптар / Сурет informburo.kz

Жазбаша тақырып: "Абай Құнанбаевтің поэзиясы мен қара сөздері"

Екінші тапсырма: оқу үшін таңдалған кітап – Шерхан Мұртазаның "Мыңбұлақ" атты әңгімелер мен хикаяттар жинағы.

"Мемлекеттік тілді толық біледі"

Мырзатай Жолдасбеков:

– Абайдың қара сөздері және поэзиясы туралы тереңнен толғанып жазған. Бір де қате таппадық. Шерхан Мұртазаның "Мыңбұлақ" кітабынан үш бет оқыды. Мәнерлеп, әдемі оқыды. Үшінші еркін тақырып бойынша өзіне жақын "Қазақстанның қазіргі геосаясаты" туралы баяндады. Біздің комиссияның шешімі бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік тілді толық біледі екен, – деді.

Ешқандай қателік болмады ма?


Президенттік сайлауға 46 күн қалды / Сурет informburo.kz

– Қасым-Жомарт Кемелұлы Мәскеуде оқыған. Мектепті орысша бітірген. Қасым-Жомарт Кемелұлымен бір жолы командировкада кездесіп қалғанымда маған "Күнде таңертең ерте тұрамын. Қазақ тілін оқып жүрмін" деп еді. Міне, бүгін мемлекеттік тілді толық білетінін көрдік, – деп сөзін толықтырды Мырзатай Жолдасбеков.