WhatsApp – күнделікті хат алмасып, сөйлесуге арналған әлемдегі ең танымал мессенджер. Біз бұл материалда түрлі себеппен мессенджерде өшіп қалған чаттарды қайта қалпына келтірудің бірнеше әдісімен таныстырамыз.

Android

WhatsApp мессенджерінде өшіп қалған чатты Google Диск арқылы қалпына келтіруге болады. Бірақ ол үшін бұрыннан телефоныңызда резерв көшірмені сақтау функциясы болуы керек. Бұл функцияны қосу үшін қосымшаның баптауына кіріп,  "Чаттар" – "Чаттардың резерв көшірмесі" дегенді таңдаңыз. Резерв көшірме күнде, апта сайын немесе ай сайын жасалатындай белгілеп алыңыз.

Резерв көшірме әу баста осы команда жасалған Google аккаунтта сақталады. Хаттарды қалпына келтіру үшін мессенджерге тіркелген телефон нөміріңізді қолдану керек.

  • WhatsApp орнатыңыз. Қосымшаны ашып, телефон нөміріңізді растаңыз;
  • Google Дисктегі көшірмеден чаттар мен медиафайлдарды қалпына келтіру өтінішіңізді растаңыз;
  • Процесс аяқталған соң, "Келесі" түймесін басыңыз;
  • Резерв көшірмедегі медиафайлдар қосымша чаттарды қайтарған соң қалпына келеді.
Жергілікті резерв көшірме

Телефон жадында соңғы аптадағы жергілікті резерв көшірмедегі файлдар сақталады. Жойылған хабарламаларды қалпына келтіру үшін бұл жазбаларды файл менеджері арқылы WhatsApp чаттар базасы бар бумаға тасымалдауыңыз қажет.

  • Смартфонда файл менеджерін қосу;
  • Сізге қажет файлдар жергілікті сақтау орнында немесе SD-картада орналасады. Оларды табу үшін Android – media – com.whatsapp – WhatsApp командасына өтіңіз. Бұл бумада үш каталог бар: Backups, Databases және Media. Backups-тың ішіндегіні Databases-ке өткізіңіз;
  • WhatsApp-ты қайта жүктеп, телефон нөміріңізді растаңыз;
  • Қосымша Google Диск-тен көшірмені таба алмаса, жергілікті резерв көшірмедегі чаттар мен медиафайлдарды қалпына келтіруді ұсынады. "Қалпына келтіру" командасын таңдаңыз.

Оқи отырыңыз: TikTok интерфейсі қазақ тіліне аударылады


Арнайы қосымша арқылы қалпына келтіру

WhatsApp-тағы деректерді қалпына келтіруге арналған Tenorshare UltData, Wondershare MobileTrans, iMyFone D-Back секілді бірнеше бағдарлама бар. Олар смартфон жады мен резерв көшірмеден жойылған чаттар мен басқа да ақпаратты тауып бере алады.

Мұндай қосымшалар арқылы WhatsApp деректерін қалпына келтіру үшін ақы төлеу керек. Сонымен бірге оларда жойылған файлдарды қайтарудың ерекше алгоритмі жоқ. Мысалы, UltData for Android қосымшасының мобильді нұсқасы WhatsApp-тың резервтері секілді жұмыс істғйді. Сондықтан мұндай бағдарламаларға үлкен үміт артудың қажеті жоқ. Біз айтқан әдістер жұмыс істемесе, осы дербес компьютер утилиталарының бірін пайдалануға болады.

Бағдарламалар бір-біріне ұқсас:

  • Смартфонды компьютерге кабель арқылы қосып, қалпына келтіру бағдарламасын ашыңыз;
  • Негізгі экраннан "WhatsApp деректерін қалпына келтіру" немесе соған ұқсас команданы таңдаңыз;
  • Құрылғыны USB арқылы ретке келтіру режиміне ауыстырыңыз. Қосымша экранына тиісті нұсқаулар шығады;
  • Смартфонды қосқаннан кейін "Келесі" немесе "Бастау" түймесін басу арқылы келесі қадамға өтіңіз. Көбп жағдайда осы кезде ақылы функциялардың сипаттамасы жазылған және сатып алуға үгіттейтін терезе пайда болады. Жазылымға немесе бір реттік төлемге ақы төлеңіз;
  • Әрі қарай бағдарлама деректер көшірмесін жасауды ұсынуы мүмкін;
  • Қосымша іздеуге кірісіп, бірнеше минуттан кейін табылған чаттар тізімін көрсетеді. Қажет чаттарды белгілеп, "Қалпына келтіру" түймесін басыңыз;
  • Смартфонда деректерді сақтайтын орынды таңдаңыз.

Оқи отырыңыз: WhatsApp, TikTok, Roblox. Қазақстандық балалар қандай мобильді қосымшаларды жиі қолданады?


iOS

iCloud резерв көшірмесі

Чаттардың резерв көшірмесін жасау және қалпына келтіру үшін iCloud автоматты сақтандыру бұлтын пайдалануға болады. Android секілді WhatsApp баптауында резерв көшірмені іске қосу керек. Чаттарды iCloud-қа тіркелген Apple ID арқылы қалпына келтіре аласыз. 
Бұлтта және айфон жадында резерв көшірме көлемінен екі есе бос орын болуы керек.

  • iCloud-қа чаттар бұдан бұрын көшірілгеніне көз жеткізіңіз. Ол үшін "WhatsApp" – "Баптаулар" – "Чаттар" – "Резерв көшірме" командасын орындаңыз;
  • Мұнда соңғы рет сақтау күні мен уақыты көрсетілуі керек;
  • WhatsApp-ты өшіріп, қайта жүктеңіз;
  • Телефон нөміріңізді растағаннан кейін экранда көрсетілген нұсқауға сүйеніп чаттарды қалпына келтіріңіз.

Дербес компьютер

Жоғарыда айтқан Android бағдарламалары iOS-қа жарай береді. Оның бәрі ақылы, дегенмен чаттарды толық қайтаруға кепіл емес. Мұны iCloud-та сақталған барлық чатты қалпына келтіруден гөрі айфон жадынан немесе бұлттағы резерв көшірмеден чатты іздеудің ыңғайлы жолы деуге болады. Осы әдісті қолданамын десеңіз, жоғарыда жазған Android-қа арналған нұсқауды қолданыңыз.