Астанадағы Музыкалық жас көрермен театры "Гауһартасты" 9 рет сахналайды. Мамыр репертуары
2020 жылы желтоқсанда Астанада Музыкалық жас көрермен театрының шымылдығы Мұхтар Әуезовтің "Абай-Тоғжан" музыкалық драмасымен түсірді. Театр директоры Асхат Маемиров бар-жоғы екі жылда Самал Еслямова, Асылхан Төлепов, Аян Өтепберген сынды танымал артистердің басын қосып, 16 спектакльді сахналады.
Осы орайда Информбюро порталы театрдың мамырдағы репертуарын ұсынады.
Мамыр репертуары
Ақпан айында театр қоржынына Дулат Исабековтің "Гауһартас" шығармасы желісінде қойылған музыкалық драмасы қосылды. Бұл қойылым көрермен көңілінен шыққаны соншалық, наурыз айында алты рет, сәуір айында жеті рет сахналанды. Әлеуметтік желіде тренд болған "Құдаша" әнінен кейін театрға іздеп келетіндер қарасы көбейді. Театр репертуарынан көбірек орын берілсе де, "Гауһартас" билеттері әп сәтте сатылып кетеді.
Мамырда "Гауһартас" тоғыз рет қойылады, бірақ қазірдің өзінде барлық билет сатылып кеткен. "Шәмші", "Абай-Тоғжан" спектакльдеріне де билет жоқ.
Спектакльдер сағат 13.30-да, 15.00-де және 19.00-де басталады.
Театр мекенжайы: Ж. Омаров көшесі, 47Б.
Билеттер ticketon.kz сайтында 900-2000 теңге аралығында сатылады.
Телефон: + 7 778 302 97 37, +7 778 302 97 44.
Театрдың әлеуметтік желілердегі парақшасы: Instagram және Facebook.