Таиланд 1 шілдеден бастап вакцина алғандарға Пхукетті ашады
1 шілдеден бастап Таиланд екпе алған шетел туристерді Пхукет курортына кіргізе бастайды.Пхукет шетелдіктерге елдің басқа бөлігінен үш ай бұрын ашылады, деп хабарлады Bloomberg.
Таbландтың Туризм министрі Фипат Ратчакитпракарн осындай мәлімдеме жасады. Жұма күні премьер-министр Прают Чан-Очтың төрағалығымен өткен топ жеке сектор мен Пхукеттегі іскер топтардың аралға вакцинацияланған туристер үшін жергілікті тұрғындардың кем дегенде 70% вакцина егілген жағдайда ашық болады деген ұсынысын мақұлдады.
Пхукетті мысалға ала отырып, Таиланд үкіметі бүкіл ел бойынша туризм индустриясын жандандыру жоспарын тексеруді жоспарлап отыр. Пандемияға дейін Таиланд ұлттық экономикасының бестен бір бөлігін құраған туризм секторы алты есеге құлдырады – егер 2019 жылы ел 40 миллионға жуық турист қабылдаса, 2020 жылы – 6,7 миллион турист келген. Пхукет турист қауымдастығының басшысы Бхуммикити Руктаенгам аралдың ашылуының экономикалық әсерін 30 миллион тай батынан (963 миллион доллар) жоғары бағалады.
Осы жылдың басында ауру өршіп тұрса да, Таиланд пандемияны бір қалыпта ұстай алды: елде Covid-19 пандемия басталғалы 92 адам қайтыс болған және барлығы 28 577 коронавирустық жағдай анықталды. Бұл үкіметті келушілерге арналған карантинді 14-тен 10 күнге дейін қысқартуға және вакцинаны растаған адамдар үшін карантинді азайту туралы жеке шешім қабылдауға мүмкіндік берді.