Шет тілін үйрену үшін шетелден тіл курстарын қалай таңдауға болады?
Шет тілінде сөйлеуге үйренудің ең жақсы әдісі – сол тілде еркін сөйлейтін адаммен қарым-қатынас орнатып, айналаңды сол тілмей толықтай байланыстыру. Бұған ең ыңғайлы уақыт – жаз. Дәл қазір адамдар ағылшын, испан, неміс тілін шетелде оқып үйрену сұранысын көп пайдаланады.
Қазақстандықтарға әлемнің түпкір-түпкіріне барып, тіл үйренуге мүмкіндік беретін түрлі бағдарламалар бар. Informburo.kz сол бағдарламалардың ньюанстары мен шарттарын талдап көрді.
Оқи отырыңыз: Полиглот болу оңай. Оның формуласы қандай?
№1. Қай елге баруға болады?
Қай тілді үйренгіңіз келетініне байланысты. Мәселен, ағылшын тілін оқу үшін АҚШ, Ұлыбританияға және Австралияға баруға болады.
Сапарды ұйымдастырушылардың айтуынша, қазақстандықтар көбіне АҚШ, Ұлыбритания, Мальта, Канада және Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріне барады.
Мәселен, бағдарламалардың бірі балалар мен 10-16 жастағы жасөспірімдерге Мальта мен Ұлябриятаниядан ағылшын тілін үйренуді ұсынады.
№2. Қазақстанда қандай бағдарламалар бар?
– Work and Travel USA (Халықаралық студенттік бағдарлама);
– Au pair (Бағдарламаға қатысушы тілді үйрену үшін қабылдаған отбасында тұрады);
– Southwestern Advantage (АҚШ-қа жазғы тағылымдама бағдарламасы);
– EF (Барлық жастағы адамдарға арналған тіл бағдарламалары);
– Dos education (Барлық жастағы адамдарға арналған тіл бағдарламалары);
– Advanced programm (Барлық жастағы адамдарға арналған тіл бағдарламалары).
Оқи отырыңыз: Америкада тегін оқуға ауыл баласына да жол ашық
№3. Оқу қандай форматта өтеді?
Әрбір бағдарламаның өз шарттары болады. Мәселен,
Work and Travel USA бағдарламасы аясында сіз қызмет көрсету саласында жұмысқа орналасып, тіл білетін адамдармен араласып, тілді үйренесіз. Кейбір бағдарламалар, кәдімгі кестемен дүйсенбіден жұмаға дейін сабаққа баратын бүтін бір топты жинайды. Ал, Au pair бағдарламасы бойынша қатысушы басқа елдегі бір отбасына орналасып, оларға шаруашылыққа көмектеседі. Қабылдаған отбасы шығындарының бір бөлігін жабады.
№4. Адамдарды топқа қалай бөледі?
Егер оқу форматы топтық сабақтардан тұратын болса, онда бағдарламаға қатысушылар тиісті топтарға бөлінеді.
Шетелге тіл курстарына адамдар әр түрлі біліктілік деңгейімен барады. Сондықтан олар әуелі тест тапсырып алады: топқа тілді бірдей деңгейде білетін адамдар жинақталады.
Бағдарламалар операторының деректеріне сәйкес, топтық оқулар аптасына 4-5 рет, дүйсенбіден жұмаға дейін өтеді. Сабақ түске дейін болады. Басқа уақытты қалай өткізу – оқитын адамның өз еркінде.
Оқи отырыңыз: "Болашақ" бағдарламасына қалай түстім? Үміткерге арналған нұсқаулық
№5. Сабақ үшін емес. Адамдар не үшін тіл курстарына қызығады?
Тіл бағдарламалары білім беретін бағдарлама болса да, шетелге жұрттың бәрі бірдей шет тілін оқу үшін бармайды. Кейде қазақстандықтар мұндай сапарды туристік деп қабылдайды. Операторлардың айтуынша, әлемнің түпкір-түпкіріне мұндай бағдарламамен бару, кәдімгі турға қарағанда арзанға түседі.№6. Сөйлей білу үшін керек пе әлде тілді мүлтікіз меңгеру қажет пе – таңдау маңызды
Бірдей қатынас тілі бар кейбір елдерде тіл әр түрлі естіледі. Мәселен, британдық ағылшын тілі америкалық ағылшын тілінен өзгерек. Сондықтан, сапарлайтын елді таңдау кезінде осыны ескеру керек. Бұл Work and travell немесе Au pair бағдарламалары аясында шет тілінде сөйлеуге үйрену үшін өзге елге баратын болсаңыз маңызды саналады. Бұл жерде ешқандай сабақ болмайды: сіз тек өзіңізді қызықтыратын тілді білетін адамдармен араласасыз.
Егер сіз тілді академиялық деңгейде меңгергіңіз келсе сізге сабақ өтетін университет, колледж не мектепке назар аудару керек.
Мақаланың орысша нұсқасын оқи отырыңыз: Как выбрать языковые курсы за рубежом и что надо, чтобы они реально помогли выучить иностранный язык
№7. Қандай мерзімге баруға болады?
Мұндай бағдарламалардың көбісі жазға есептелген: кету мамыр-маусымда, келу тамыз-қыркүйекте. Сапардың ұзақтығы мен оның басталуы бағдарлама шарттарына, сонымен қатар сіздің құжаттарды қаншалықты тез дайындайтыныңызға байланысты.
№8. Тілді үйренуге қанша жаста барған дұрыс?
Негізінен тілді үйрену бағдарламалары студенттерге бағытталған. Алайда мектеп оқушылары мен ересектерге арналған ұсыныстар да бар. Мәселен, Alpha academy бізге 10 жылдан бері ағылшын тілін үйрену үшін түрлі елдерге барып жүрген 67 жастағы әйел туралы айтты (№5 кәртішкені қараңыз).
Тілді үйренуге 10-12 жастан бастап бара беруге болады (бағдарламаға байланысты). Көп жағдайда жіберетін компанияның өкілі алып баратын адамдар тобын жасақтайды.
Оқи отырыңыз: Шетел университеттерінде тегін білім алуға болады. Гранттар мен стипендиялар топтамасы
№9. Тіл үйренушілер қайда тұрады?
Бірнеше нұсқа бар. Кең тарағаны – қабылдаушы отбасында тұру.
Одан бөлек кампуста да (бағдарламамен қарастырылса, оқу орнының аумағында орналасады), резиденцияда да (негізінен шет елден келген студенттерге арналған) тұруға болады.
Мектеп оқушылары мен студенттерге жоғарыда аталған үш нұсқасын біреуін таңдауға болады. Ересек жастағы тіл үйренушілерге қабылдаушы отбасына орналасу қиын.
№10. Оқу қанша тұрады?
Бағдарлама түрі, мерзімі мен баратын елге байланысты. Мәселен, EF бағдарламасы аясында бір айға АҚШ-қа бару үшін 4 мың доллардай ақы төлеу керек. Осы бағаға ұшақ билеттерінен басқасының бәрі кіреді. Жаз бойына оқу үшін шамамен 12 мың доллар төлеу керек. Dos education Ұлыбританияда ағылшын тілін үйренуді ұсынады. Төрт апталық оқу 5 мың доллар тұрады. Бұл бағдарламаның басымдығы сол, оның құнына ұшақ билеттері де кіреді.
Оқи отырыңыз: Мұғалімдердің жалақысы қалай өседі? Есептейік
№11. Бірге тұратын отбасын қалай таңдайды?
Бағдарлама операторларының ақпаратына сәйкес, отбасы жақсылап таңдалады. Бағдарламаға қатысушылар тұратын жердің жағдайы, қабылдаушы тараптың адамдарының психологиялық жай-күйі (бұл үшін олар тест тапсырады) тексеріледі. Сонымен қатар қабылдаушы отбасы сотталмағандықтары туралы анықтамаларын ұсыну қажет.
Көбіне мұндай отбасылар орташа жағдайлылар болып келеді. Мұндай қызметтері үшін оларға бағдарлама операторлары ақы төлейді, кейбір елдерде оларға бұған қоса салық жеңілдіктері де беріледі.
Бағдарламаға қатысушылар отбасын таңдай алмайды. Бағдарлама операторларының айтуынша, қабылдаушы тараптың уақыты мен пен бағдарламаға қатысушының оларға келетін уақытын келісу өте қиынға соғады. Сондықтан сапарға дайындық кезінде ең бірінші қолда бар тізімдегі отбасылар таңдалады.
№12. Қандай құжаттар талап етіледі?
Қажетті құжат тізімі қай елге баратыныңызға, сондай-ақ бағдарлама талаптарына байланысты. Қай елге болмасын міндетті түрде сұралатын құжат – студенттік виза мен сақтандыру.
Ұлыбританияда мәселен "Мен не үшін Англияға ағылшын тілін үйренуге барғым келеді?" тақырыбында ынталандыру хатын сұрауы мүмкін.
Бағдарлама операторлары медициналық сақтандыруды рәсімдеуге кеңес береді. Өйткені сақтандыру жағдайы туындағанда оны пайдалану оңай болады. Операторлар сондай-ақ виза алу үшін шотта белгілі бір сома болу керектігін ескеру қажет дейді. Қажетті сома көлемі әр елге әрқалай. Студенттік визамен сапарлап көрген қазақстандықтардың айтуынша, Еуропа елдерінде бір күн болу 100 еуро. Шығыс еуропада шамамен 50 еуро. АҚШ-қа бару үшін қажетті сома 4 мың доллар болуы мүмкін. Бәрі мерзім мен сапар мақсатына байланысты.
Егер адамда қажетті сома болмаса, қызметті бағдарлама операторлары мен туристік компаниялар ұсынады. Сіз банктен үзінді көшірме алып, оны елшілікке тапсыру үшін белгілі бір ақыға (оның көлемі шоттағы сомаға байланысты) шотыңызға ақша аударады.
Сонымен қатар консулдық алым да бар: бұл – визаны рәсімдеу құны. Бағасы баратын елге және виза типіне байланысты.
Оқи отырыңыз: IELTS: Жоғары балды қалай жинауға болады? Тренерлердің кеңесі
№13. Қандай нәтижеге қол жеткізуге болады?
Жоғарыда аталған бағдарламалармен шетелге шығып келгендерден сұрастыра отырып, informburo.kz шетелде тіл үйренудің адамдарға айтарлықтай серпіліс беретінін білді. Айтуларынша, олар енді шет тіліндегі фильмдерді көре алады. Көбіне сатып алған білімдері кәсіби қызметіне көп пайда берген. Бұдан бөлек, бұл басқа елге барып, жаңа мәдениетпен танысып пен шетелдік таныстарды тапқысы келетіндегі таптырмас шешім. Сұралғандардың көбісі барған елдеріне тағы барғысы келетінін айтады.
Мақаланы жазуға көмектескені үшін шетелде білім беру жөніндегі EF, Advanced programm және Dos education group компанияларына алғыс білдіреміз.
Авторы Ербол Қазистаев.
Аударған Мәншүк Шапхатқызы.