Роттердамда Евровидение басталды. Шараға қатысушылар арасынан коронавирус анықталды
18-22 мамыр аралығында өтетін ән байқауының жартылай финалы мен финалын "Хабар" телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.Роттердамда Евровидение "Бирюзовая дорожка" ән байқауына қатысушы елдерді құрметтеу рәсімі басталды, деп хабарлады РИА Новости. Қатысушылардың дәстүрлі дефилесі қаланың круиздік терминалында өтіп жатыр.
Алайда, бұл рәсімге барлық қатысушылар қатыса бермейді. Қызыл кілемге Польша мен Исландия өкілдері шықпайды, өйткені олардың командаларынан коронавирус анықталды. Енді делегацияның барлық мүшелері ПТР-тест жасатуға және өзін-өзі оқшаулауға міндетті.
"Сақтық шарасы ретінде Румыния мен Мальта делегациялары "Бирюзовая дорожка" іс-шарасына қатыспайды. Бір қонақ үйде тұратын делегация мүшелерінің арасында екі рет коронавирус инфекциясы анықталған болатын", – деп хабарлады Евровидение баспасөз қызметі.
Оқи отырыңыз: Димаштан Иманбекке дейін. Шетелде танылып, кейін елімізде мойындалған қазақстандықтар
Байқауға 39 мемлекет қатысады. Бұл санға Армения мен Беларуссиядан басқа, 2020 жылы өтпей қалған байқауға қатысушы барлық елдер кіреді. Венгрия мен Черногория тағы да қаржылық себептерге байланысты байқауға қатысудан бас тартты.
Сонымен қатар, пандемияға байланысты Австралия делегациясы Нидерландыға мүлдем жете алмады.
Коронавирустың кесірінен 2020 жылы тоқтатылған "Евровидение" халықаралық байқауы 18-22 мамырда Роттердамдағы Ahoy аренасында өтеді.
18 және 20 мамырда Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 01.00-де жартылай финал, 22 мамырда сағат 01.00-де гранд-финал өтеді. Оны "Хабар" телеарнасынан көруге мүмкіндік бар.