Н.Ф. Гамалеи атындағы институт директоры Александр Гинцбург коронавирустың келесі даму кезеңін ауыл шаруашылығы және үй жануарларының коронавирус жұқтыруымен байланыстырады. "Известияға" берген сұхбатында академик ешкім сүйікті үй жануарларынан құтыла алмайтын болғандықтан адамзатты пандемияның тағы бір кезеңі күтіп тұр дейді. Сол себепті адамдарға коронавирус инфекциясымен бірге ұзақ өмір сүруге дайын болу керек.

"Коронавирус өзінің патогендік әлеуетін әлі жүзеге асырған жоқ. Келесі кезең – ауыл шаруашылығы және үй жануарларының инфекцияны жұқтыруы. Біз бір жыл ішінде жақсы вакциналар көмегімен адамзатты вирустан қорғасақ, сол уақытқа дейін үй жануарлары жұқтыратын болады. Ал ешкім сүйікті үй жануарларынан құтылайын деп отырған жоқ. Сондықтан қоздырғыш ошақтары үнемі айналамызда болады, олар эволюция жолымен біртіндеп дамиды. Яғни, осы қоздырғышпен ұзақ өмір сүруге дайын болу керек", – деді Александр Гинцбург.

Академик, сондай-ақ, "Спутник V" вакцинасының Covid-19 штамдарымен әсерін айта кетті.

"Әлі күнге дейін қалай боларын білмеймін, зерттеп жатырмыз. Вакцинамыз британ штаммынан қорғай алады.  Оңтүстікафрикалық штаммды зерттеп жатырмыз. Ең бастысы, жаңа штамдарды анықтау бойынша тұрақты түрде жұмыс істеу қажет", – деді ол.