Нобель комитетінің баспасөз баянында "Тасуко Хондзе обыр дертінің соңғы кезеңінде иммундық жүйеде дертті қоздырып тұрған жасушаларды жойып жіберетін терапияны ойлап тапты" деп жазылған.


ХХI ғасыр жасанды интеллектердің ғасыры / Фото Douglas Sacha Getty

Енді ісіктің денеге таралу мүмкіндігі азаяды

"Обыр ісігін соңғы кезеңінде де емдеуге мүмкіндік туды", – дейді америкалық ғалымдар. Олар микроРНК процесі көмегімен обыр ісігі клеткаларын трансформациялаудың тәсілін тапқан. Бұл туралы ақпарат Nature Cell Biology журналында жарияланды.

Оқи отырыңыз: Обыр жастарды обып барады

"Ғалымдар оны микроРНК жасауға қатысатын биологиялық микропроцессормен адгезивті ақуыздардың өзара іс-қимылын бақылаған кезде тапты", – деп жазды IBTimes. Олар сол кезде рак клеткаларында микроРНК деңгейін қалпына келтіргеннен кейін өсу процесі тоқтағанын байқаған.

Әзірге химия терапиядан бас тартып отырған ел жоқ

Жапония мен Оңтүстік Корея клиникалары химиялық терапияның жетілдірілген тәсілдерін нарыққа шығарды. Бірақ аурудың соңғы сатысындағы науқастардың өмірін ұзартатын, азабын жеңілдететін балама әдіс бұған дейін болмапты.

Оқи отырыңыз: Әдет-ғұрыпқа айналған қазақы емдер. Қазақ қатерлі ісіктен қалай сақтанды?

Ал Эллисон мен Хондзенің иммунологиядағы жаңалықтары бұрын үмітті үздіріп келген рактің түрлерін иммуно-терапиямен емдеуге мүмкіндік береді.

Химия терапиясына "Қош бол!" дейтін мезгіл жақындап қалды

Әлем бұл жүйені қолдануға, үміті үзілген науқастардың өмірін ұзартуға асығып отыр.

Ғалымдар осыған дейін дертті иммундық жүйе бойынша анықтаудың мүмкін еместігін айтып келген. Зерттеушілер обыр ісігін ненің ағзаға жайып жіберетінін таппай тығырыққа тірелген-ді.

Ресейлік онколог Михайл Лазков терапияның бұл түрі дерттің соңғы сатысындағы науқастарға отадан кейінгі терапия ретінде қолдана бастағанын айтты.

Оқи отырыңыз: Сүт безі қатерлі ісігінен қалай сақтану керек? Дәрігер кеңесі

Ағзада жасырынып жататын жан алғыш жасушаға ғалымдар "бөтен агент" деп ат қойған

"Көзге көрінбейтін, тығылып жүретін "бөтен агентті" зерттей бастағанда оны жеке-дара жеңуге болмайтынын білдік. Оған қарсы күреске армия керек. Себебі ол адам ағзасында өзін бюрократ ретінде ұстап, сау жасушаларға қауіп төндіре бастайды. Осы тұста бізді таңқалдырған ерекше құбылысты байқадық. "Бөтен агентпен" күресте зақымданып қалған иммунитеттің жасушаларының белсенді болатынын дәлелдедік. "Бөтен агентті" бұғаттап тастағанмен, дертті қоздыруының себебін анықтай алмадық", – дейді Джеймс Эллисон.

Сау жасуша мықты болса, жанкешті агенттен келетін қауіп жоқ

Сау жасушаның аларынан берері көп: 80%-ы тәнге қызмет көрсетіп, өзіне тек 20%-ын қалдырады.

Онда неге обыр жасушасы пайда болады? Оның сау жасушалармен шекарасы қай жерде бөлінеді?

"Қатерлі жендет" сау жасушаға неге өш?

Рудигер Дальке мен Торвальд Детлефсеннің "Дерт деген жол" деген кітабында былай делінген:

"Адам обырға неліктен ренжиді? Бұл дерт айнадағы өз кескініміз сияқты. Ол бізге мінез-құлқымызды, біздің өмір сүру жолымызды көрсетеді. Обыр неден пайда болады? Адамның өзі обыр сияқты емес пе?! Оны жеңуге тырыспау керек. Оны түсінуге талпыну қажет. Оны түсінсең, өзіңді де түсіне бастайсың. Обырға әлемнің бүтіндігін сезіну жетіспейді. Адамға да осы жетіспейді. Өзімшілдікпен адам неғұрлымөзін шектеп ұстаған сайын соғұрлым тезірек бүтіннің бөлшегі екенін естен шығарады. Өзімшілдік адамға өзінің жолын тықпалайды. Соны дұрыс дегізеді. Осыдан жақсысы жоқ дегенге сендіреді. Ол бүтінге айналуға қорқады. Бұл – өлімге апарар жол. Адам түп-тамырынан айырыла бастайды".

Ғалымдар бұл сөздің философиялық астарына үңіле бастады

Материалдық тұрғыдан адам бойындағы сараңдық пен қатыгездік ағзаға қалай әсер етеді? Адам ерік-жігері арқылы сау жасаушаның жолын ашып, жанкештінің өзін ағзаға қызмет еткізе ала ма?

Джеймс Эллисон бұлардың бәрін келесі зерттейтін тақырыбы деп айтты.

Химия терапия мергендердің соққысына ұқсамайды

Джеймс Эллисон ntv.ru тілшісіне биылғы 18 қарашада берген сұхбатында химия терапия кезінде радиация обырлы ісіктің ошағына ғана емес, сау ағзаларға да ауыр соққы жасайтынын айтқан.

"Бөтен агентпен" күресте жаралы болып қалған жасушалардың ағзада бір блокқа бірігетінін анықтадық. Енді солардың көмегімен Т-лимфоцитінің беткі қабатындағы PD-1 жасушасының қатерлі үстіңгі қабатын бұғаттап, тұншықтырып тастаймыз" – дейді Джеймс Эллисон.

"Көзге көрінбейтін жендеттің" адам ағзасын билеп-төстейтін қасиеті бар

2016 жылы сәуірде Ванкувердегі Британ Колумбиясы университетінің профессоры Уилфред Джеффристің (Wilfred Jeffries) зерттеуі осы сала мамандарының назарын аударды.

Уилфред Джеффрис "жендет" деп ат қойған жасушаның иммундық жүйеде жасырынып жүретінін, IL-33 ақуызы (белок) азайып кеткен кезде күшейетінін аңғарған. Бірақ жараланған жасушалардың көмегімен жендетті құлыптап тастайтын тәсілді таба алмапты.

"Иммундық жүйе обыр ісігі күш алып, метастаза басталған кезде дертті қоздырып тұрған жасушаны көре алмай қалады", – деп ойын түйіндепті.

Ол осы жерде қателесті

Ғалымның жаңалығы "IL-33 жасушасын күшейту иммундық жүйе рак клеткаларын барлық кезде танып, тойтарыс беруіне мүмкіндік береді екен" деген тұжырыммен шектеліп қалған.

"Обыр дертінің соңғы кезеңінен келетін қауіп сейілді. Жасанды интеллектердің дәуірі туды", – дейді Джеймс Эллисон.

Жасанды интеллект дертті бастапқы кезде анықтайды

Алматыда 2018 жылы ақпанында өткен "Жаһандану дәуіріндегі цифрлық күн тәртібі" форумында Оңтүстік Корея Сунчонхян медициналық орталығының дәрігері Ким Джон Сик мырза бізге қатерлі ісік ауруы және жасанды интеллект туралы айтып берген еді.

– Қазіргі медицина обыр дертінің бастапқы кезінде 3Д-нің көмегімен


Ким Джон Сик

анықтап, профилактикалық жолмен де емдейді. Дертті қоздыратын жасушалар Т-лимфоцитінің беткі қабатын, одан әрі өзге ағзаларды зақымдаған кезде зардабымен күресу қиын. Бұл көп жағдайда адам өлімімен аяқталады, – деген еді сол кезде Ким Джон Сик.

– Қазақстаннан, Ресейден науқастар көп келеді. Жете алмай ұшақ үстінде қайтыс болып кеткендер де бар. Ем алуға келгендердің көбінің ағзасы ауруға жеңілген, – дейді ол.

Жасанды интеллект ағзадағы өзгерістердің 90 пайызын таниды

Ким Джон Сиктің сөзіне сенсек, Жапония да, Оңтүстік Корея да қатерлі обыр дертін жеңген елдердің қатарында.

Мұнда жарты жыл сайын медициналық тексеруден өтіп тұруды заңмен міндеттеген. Өтпегендерге жұмысқа, шетелге шығуға рұхсат жоқ.

– Күрделі оталарды жасанды интеллект атқарады. Оның базасы науқастың ағзасындағы өзгерістер туралы дерекпен және не істеу қажеттігімен толықтырылған. Адам оны басқарып отырады. Мұндай профилактикалық емнің бағасы қымбат. Медициналық сақтандыру компаниялары арқылы жұмыс істейміз. Олар жас балалар, жасы келген қариялармен жеңілдетілген келісім-шарттарға отыра бастады. Мұның жауапкершілігі мемлекеттің мойнында.

Ким Джон Сиктің Қазақстандағы обырдың алдын алу бағытындағы жұмыстарға көңілі толмайды

– Қазақстан осыған дейін скринингке басымдық берді. Күмән туса, ультра дыбыста зерттейтін томографияға жіберіледі. Медицинада бұл жүйе – консервативті тәсіл. Ол ағзадағы өзгерістердің бәрін оқи алмайды. Сондықтан скринингте таза шыққандарда жыл аяғына қарай дерт белгісі табылып жатады. Негізі обырмен күресте жетілдірілген жаңа тәсілдер бар, – дейді Ким Джон Сик.

Кореяда, Жапонияда – жасанды интеллект, бізде – скринг. Баламасы бар ма?


Илья Фоминцев скрингтің орнына төменгі дозалы компьютерлі томографияны қолдана бастағанын айтты / Фото ФБ әлеуметтік желідегі парақшасынан алынды

Илья Фоминцев – ресейлік Қатерлі ісік профилактикасы Қорының атқарушы директоры. Тамыз айында Алматыдағы онкология саласы мамандарының бас қосуында болды. Ол скринингте обыр дертінің алдын алудың мүмкіндігі жоғары дейді. Төменгі дозалы компьютерлі томографияда ДНК жасушасындағы көзге көрінбейтін нүктелерді көру мен сезу қабілеті жоғары.

– Рентген арқылы кеуде клеткасындағы трахея өкпедегі жасушаларды жасырып қалады. Мұндай жағдайда кеуденің обыр ісігін анықтау қиын. Бұл жерде төменгі дозалы компьютерлі томографияны қолданған дұрыс. Мұны медицина тілімен онкомаркер деп атайды, – дейді ол.

Бірақ онкомаркерге 100 пайыз сенуге болмайды

Бұл құрылғы ағзасында обыр жасушалары жоқ, тамақ баспасымен ауыратындарды да обырға бейім топқа жатқыза береді.

– Дерттің жасушалары ағзада ұйықтап жатады. Көңілде күдік болса, уақыт ұттырмай, дәрігерге қаралған дұрыс. Батыс елдерінде мұның бәрі отбасылық дәрігердің ақыл-кеңесімен шешіледі. Бізде де, сіздің елде де бұл жүйе дамымаған, – дейді Илья Фоминцев.

– Обыр жасушасының алдын алуда жасанды интеллектердің араласуы маңызды. Технология дамып кетті, – дейді Илья Фоминцев ол.

Енді қатерлі ісікті IBM Watson for Oncology жасанды интеллекті емдейді

"Бізде қатерлі ісікті ерте анықтау деңгейі нашар. Бұл экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) елдерінің көрсеткішінен үш есе төмен. Скринингтік талдау бізде 50% құраса, ал Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының талабы бойынша ол 70% болуы шарт", – деді Елжан Біртанов.

Болашақта Астанада Ұлттық онкологиялық орталықты құру көзделген. Оның құрылысына 35,1 млрд теңге бөлініпті.

Денсаулық сақтау вице-министрі Алексей Цой биылғы маусымда IBM Watson for Oncology жасанды интеллект ендіру жұмыстары басталғанын айтты. Қазақстан онкоауруларды ерте анықтаудың негізгі көрсеткіштеріне қол жеткізуі тиіс.

Жоба бізбен бір мезгілде Ресейде, Чехияда, Өзбекстанда және Қытайдың 22 клиникасында тәжірибеден өткізіліп жатыр

2017 жылы Қазақстанда 35 мың адам қатерлі обыр дертіне шалдыққан

Бұл – Денсаулық сақтау министрлігінің сайтында жарияланған мәлімет. Оған сенсек, Қазақстанда соңғы 10 жылда қатерлі ісік аурулары 9,5%-ға ұлғайған. Өлім-жітім көрсеткіші 28,5% төмендеген.

Науқастардың 70% еңбекке қабілетті. Сүт безінің, өкпенің, асқазанның аурулары үлестің негізін құрайды.